Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер



бет15/20
Дата11.01.2023
өлшемі368,82 Kb.
#60915
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
10 сынып-2 тоқсан-қазақстан тарихы

Ұлттық код деген не?
....Ұлттық код, біздің пайымдауымызша, әлдебір халықтың генезисін, тілі мен ділін, діні мен тарихи жадын, демек, тұтас болмысын қамтитын биосоцио­генетикалық ұғым.
...Уақыт пен кеңістік аясын­дағы халықтың бірегейленуінің негізі – ұлттық код. Егер де өзінің болмысынан алшақтап бара жатқан халық қайтадан бірегейленуге бет түзеген жағдайда, «Енді қай жаққа бет алу керек?» деген сауалға, «Ұлттық кодқа қарай» деп нақты жауап бере аламыз, басқаша болуы мүмкін емес. Міне, тәуелсіздік алғаннан кейінгі елімізде жүргізіліп жатқан қайта қазақтанудың (реэтнизация деп атауға болатын үдеріс) бет түзер нысаны – ұлттық код. Әрбір ұлттың өзіне ғана тән ерек­ше­ліктері мен сапалары бар. Біз өз хал­қымыздың тұтас болмысын, тек өзіміз өмір сүріп отырған заманымыз тұрғы­сынан ғана бағалай аламыз, басқаша болмайды да.
....Демек, ұлттық кодты ашу тәсілдерінің бірі – тарихи жадыны жаңғырту. Бейнелі, рәміздік түрде айтқанда, халқымыздың тарихының әрбір кезеңінде «өмір сүру», сол кеңістік пен уақыт аясында «болып қайту», сонда ғана сол заманның шы­найы келбеті ашылады.
....Өткен тарихты білмей, қазіргі заман тарихын түсіну мүмкін емес екендігі белгілі жайт, басқаша айтқанда, қазіргі заман тарихын терең түсінудің алғы­шарты осы заманға дейінгі халқымыздың өткен өмір жолын ой елегінен қайтара өткізу. Халықтың генетикалық болмысы тек сол ұлттың өзіне ғана тән басқа халық­тардан ерекшелейтін, табиғи түрде та­ғайындалған биоэволюцияның көрінісі, жаратылыстың бұлтартпас заңдылығы.
Л.АСҚАР, Әл-Фараби атындағы ҚаҰУ-дың философия кафедрасының доценті, Б.АТАШ, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ұстазы, философия ғылымдарының докторы
(а) «Ұлттық код» - тіркесі нені білдіретінін сипаттаңыз.
(в) «Демек, ұлттық кодты ашу тәсілдерінің бірі – тарихи жадыны жаңғырту» дегенде, автор осы пікірімен нені айтқысы келді деп ойлайсыздар? Бүгінгі сабақ тақырыбы аясында түсіндір.
(с) «Қазіргі заман тарихын терең түсінудің алғы­шарты осы заманға дейінгі халқымыздың өткен өмір жолын ой елегінен қайтара өткізу» деген пікірге баға бер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет