Сабақтың тақырыбы Баскетбол техника қауіпсіздігі Оқу мақсаттары 9



бет46/56
Дата14.02.2023
өлшемі303,78 Kb.
#67876
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Футбол қабырға ойыны

Оқу мақсаттары

9.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді бағалай білу;

Сабақтың мақсаты

Футбол ойынына оқушыларды баулу қызықтыру дарынды оқушыларды анықтау.

Бағалау критерииі

Жалпы дене дайындықтары оқушылардың доппен жұмыс жасауы.

Сабақтың уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 10 мин

Сыныпты уйымдастыру: кезекшінің әмір беруі, сәлемдесу,
Сабақтың барысын түсіндіру. Саптағы жаттығулар. Оң,сол,кері бұрыл,бір орында аяқ алу.
Тапсырма бойынша жүру.
Қол белде аяқтың ұшымен, өкшемен іші-сыртымен жүру.
Жартылай, толық отырып жүру, қос аяқпен секіру
Жүгіру жаттығулары:
а)Жеңіл жүгіріспен, оң-сол жақ қапталмен, артпен жүгіру
ә)Қолды алдыға, артқа, жанға соза тізіне, өкшені, аяқтың сыртқы-ішкі жанына жеткізе жүгіру
Тапсырма бойынша жүру жаттығуы:
Мойын, қол, шынтақ, иық буынына арналған жаттығу.
Бұрыштама жүріс, иректеліп жүру,
Орында жасалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Қ.ж н.т қол белде басты алға,артқа,оң-солға 4-санына жасау
Қол иықта 1-2 алдыға, 3-4 артқа айналдыру, т.б жаттығулар.
Қол кеуде тұсында 1-2 қол бүгулі артқа, 3-4 толық жаза оң-сол қапталға бұрыла,қолды жанға соза иіле 1-2 оңға 3-4 солға аяқ ұшына жеткізу.
Қол желкеде 1.оң шынтақты сол аяқтың тізесіне,2.б.қ. 3-4 екінші жаққа қайт-у.
Оң қол жоғарыда,сол қол белде 1-2 сол жаққа иіле,3-4 келесі жаққа.

Оқушылар физикалық дайындықтан өтеді жұппен жұмыс жұргізеді кедергілерде жаттығулар жасайды

Қол шапалақ



Ұялы телефон



Ортасы
30 мин

Міндеті: ашылу және «пас беру арқылы» комбинациясын шыңдау.
Мазмұны: комбинацияға екі шабуылшы және бір әлсіз қарсылық көрсететін қорғаушы қатысады. Жаттығу стандартты алаңның жартысында өткізіледі. Шабуылшылар комбинация әрекеттерін орындап, қақпаға соққы жасайды. Өзара әрекет ету нұсқалары: пас беру арқылы және оқушының дербес әрекеттері арқылы. Екі жұп арасында, кім көп гол соғады деп жарыс түрінде өткізуге болады. Қорғаушылар 1 минут бойы белсенді қарсылық көрсетеді.Тапсырмаға қойылатын талаптар: пас беретін жолды ашу. Допты қозғалыс кезінде қабылдау. Қақпаға діл соққы жасау. Қақпашыдан немесе бағаннан серпілген допты қақпаға қайта бағыттау.Комбинацияға үш шабуылшы және «А» және «Б» аумақтарына орналасқан және өзіне берілген аумақтарда ғана әрекет ететін екі белсенді қорғаушы мен «С» аумағындағы қақпашы қатысады. Шабуылшылар алаңның кез келген жерінде әрекет етіп, қақпаға соққы жасайды. Өзара әрекет ету нұсқалары: пас беру арқылы және оқушының дербес әрекеттері арқылы. Екі жұп арасында, кім көп гол соғады деп жарыс түрінде өткізуге болады. Қорғаушылар 1 минут бойы белсенді қарсылық көрсетеді. Ал шабуылшылар үштігі лек бойынша бір-бірін ауыстырады. Қорғаушылар тартып алған соң, допты ортаңғы сызыққа жеткізулері керек. Ойынды 1 минут ішінде, бестікпен де өткізуге болады.



Алаңда қабырға ойынын жұппен жұргізеді үйренеді менгереді



Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
ҚБ

Ысқырық, секунд өлшегіш, конустар
Сілтеме:
https://youtu.be/TVTmXXs1gRQ



Сабақтың соңы 5 мин



Сабақты қорытындылау:Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды.



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




Рефлексия парағы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет