Сабақтың тақырыбы: Біздің ғажайып түсіміз 88-сабақ Тексерілді: Директордың оіжо пәні



бет2/6
Дата24.04.2023
өлшемі1,79 Mb.
#86428
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
ЕБҚ мен ЕҚБ-тапсырма
2-тапсырма
Өлеңді мәнеріне келтіріп, рөлге бөліп оқыңдар
«Бестік» баға туралы түс

Ұйықтап жатып түсімде


Айға ұшып барыппын.
Алыстағы жұлдыздың
Ұстап бірін алыппын.
Жақын келіп жаз дидар
Күнге қарап сөйледім :
- Әй , асыл Күн , қарашы , –
Нұрдан менің көйлегім !
Күн сөйледі сол кезде :
- Көйлек саған не керек ?
Кызым болшы сен менің ,
Әкетейін жетелеп ? ! .
- Берiңiз онда ! - дедім мен ,
«Бестік » деген бағаны ...
Күннен күнге сабағым
Қиын болып барады .
- Мә ! Ал ! - деген шоқ Күннің
Үні естілді көңілді .
Көбелектей көп «бестік»
Көктен сонда төгілді .
Қол жеткізген арманға
Біріне ұқсап батырдың ,
«Бестіктерді» құшақтап
Құлдилап келе жатырмын .
Көк аспанда қалықтап ,
Қызыққа әбден батыппын .
О бір кезде оянсам ,
Үйде ұйықтап жатыппын !
Аша салып көзімді
«Бестіктерді» iздедім .
Қымбат баға маңымнан
Өшіріпті іздерін .
Қап , әттеген - ай !
Гүлнар Өмірзақова
3-тапсырма
Қыздың күннен күнге сабағы қиындаған соң, «бестік» баға алу қиын болады. Сондықтан оның түсіне «бестік» баға кіреді
Кейіпкердің көңіл күйіндегі өзгерісті мәтіннен тауып, оқы.
Ренжіді
Берiңiз онда ! - дедім мен ,
«Бестік » деген бағаны ...
Күннен күнге сабағым
Қиын болып барады
Қуанды
Көбелектей көп «бестік»
Көктен сонда төгілді .
Қол жеткізген арманға
Біріне ұқсап батырдың ,
«Бестіктерді» құшақтап
Құлдилап келе жатырмын .
Көк аспанда қалықтап ,
Қызыққа әбден батыппын
Өкінді
Аша салып көзімді
«Бестіктерді» iздедім .
Қымбат баға маңымнан
Өшіріпті іздерін .
Қап , әттеген – ай
Қорытындыла:
Абай атаның:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» - деген сөзін негізге алып, кейіпкерге не айтар едің?
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» - деген сөзін негізге алып, кейіпкерге: жалқау болма, көп еңбектен, көп оқөы, сол кезде өз күніңмен, өз ақылыңмен «бестік» бағаны ала аласыңдар едім




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет