Қазақстанның астанасы туралы шығармашылық жұмыстар: суреттер, тақпақтар, өлеңдер ұсынады;
ғаламтор ресурстарын пайдаланып, Нұр-Сұлтанның көрікті жерлері туралы қосымша ақпараттар табатын болады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Сабаққа оң психологиялық көңіл күй.
«Күлкіңді сыйла» тәсілі.
Мұғалім: – Күлкі көп нәрсеге әсер етеді. Күлкі адам жанын
жадыратады. Бір сәттік күлкі кейде мәңгі есте қалуы мүмкін. Ол өз ортасын бақытқа бөлеп, іскерлік қарым-қатынаста кеңпейілділік атмосферасын қалыптастырумен қатар, достар үшін ишарат ретінде қолданылады. Бір-бірлеріңе күлкі сыйлаңдар. Адамдар күлімдеген
жүздерді ұнатады.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауын тексереді.
Ежелгі египеттіктер әлемде барлық тіршілік иелері уақыттан қорқады, ал уақыттың өзі пирамидалардан ғана қорқады деп есептеген.
Пирамида мәңгіліктің символы болып табылады.
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы дұрыс пирамида түрінде салынған. Құрылыстың ішінде
кездесулер мен конференциялар өткізуге арналған залдар бар. Сарай
«әлемнің сегізінші кереметі» атауын алып қойған. Мұндай құрылыс әлемнің ешбір жерінде жоқ. Пирамида астананың кез келген жерінен көрініп тұрады, ал түнде ішінен жарықталады.
3-топ.
Астанада Орта Азиядағы ең ірі сауда-орталығы – «Ханшатыр» орналасқан. Бұл – шатыр түрінде
салынған әлемдегі ең биік құрылыс. Оның ішінде қолайлы микроклимат қалыптасқан, қысқы бақтар гүлдеп тұр. Мұнда келушілердің саны көп.
қызығушылығын тудырады. Оның жағасында алыс аралдардан
жеткізілген аппақ құмнан керемет жағажайлар жасалған. Тіпті қысты күні адам өзін жылы теңіздің
жағасындағы курортта жүргендей сезінеді.
4-топ.
«Думан» океанариумы мұхиттан 3000 км-ден астам қашықтықта орналасқан. Онда Жердің әр
түкпірінен әкелінген 2000-ға жуық теңіз жануарлары тіршілік етеді.
Океанариумның негізгі бөлігі – түбінде ұзындығы 70 метрдей әйнек тунель орналасқан үлкен аквариум.
Мұнда акулалармен бар болғаны бірнеше сантиметр қашықтықта теңіз түбімен қыдыруға болады. Мұнда күніне екі рет тәжірибелі сүңгуірлер «Акуланы
тамақтандыру» көрсетілімін
жасайды. Бұл қызықты әрі қауіпті трюк барлық көрермендерді таңғажайып әсерге бөлейді.
Океанариумда теңіз жұлдыздарын, тақуа шаянды, теңіз шаяндарын көруге болады. Мұнда акулалар алып теңіз алабұғаларымен бірге, сондай-ақ ұшқыш балық,
пираньялар, ат басты балық, кірпі балық, теңіз сиыры, жапон
жауынгер балығы, итбалық және т.б. жүзіп жүреді. Тас балық, улы арыстан-балық, жайра-балық
сияқты қауіпті теңіздің тіршілік иелері бөлек резервуарда орналастырылған.
Окенариумда болып, сендер су асты патшалығының ғажайып әлемін өз көздеріңмен көре аласыңдар.
«Топтардың көрсетілімдері сияқты көрінеді» тәсілі.
Т. 1-топ атынан сөйлейтін алдымен Бәйтерек бейнеленген слайдты көрсетіп, сыныпқа «Бәйтерек» неге ұқсайды?» деген сұрақ қояды.