Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет36/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша:
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
19Лекция
Сабақтың тақырыбы: Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіндіктерінің өзгеруі.
Сабақтың жоспары:
1.Әйелдердің спорттық жұмысқа қабілеттілігін зерттейтін факторлар.
2.Спортшы әйелдердің ағзасына дене жүктемелерінің әсері.


Әйелдер ағзасындағы орталық жүйке жүйесі қызметінің және талдағыш жүйелер дамуының ерекшеліктері. Әйелдер дене сапаларын дамытудың және қимылдардың, вегатативтік қызметтердің ерекшеліктері. Әйелдердің аэробтық және анаэробтық мүмкіншіліктері.
Арнайы биологиялық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның барлық жүйелерінің гормоналді белсенділігі және қызметті күйінің қайта құрылуы. Овариалді-менструалді циклдің әртүрлі кезеңдерінің әйелдердің спорттық жұмыс қабілеттілігіне әсері: менструалді, менструалден кейінгі, овуляторлы, овуляторлықтан кейінгі және менструалді алдыңғы кезеңдер. Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі.


Әйелдер дене сапаларын дамытудың және қимылдардың, вегетативтік қызметтердің ерекшеліктері. Әйелдердің аэробты және анаэробтық мүмкіншіліктері.
Әйел кісілердің ағзасында ай сайын циклді өзгерістер өтеді. Өйткені жыныс бездерінде жұмыртқалар пісіп жетіледі. Олар эстроген бөлетін фолликулда піседі де, 13-14-ші күнде фолликул циклі ашылып, жұмыртқа – жасуша жұмыртқа жолы арқылы жатырға келіп түседі. Фолликул орнында сары зат түзіліп, ол прогестинді істеп шығарады да, басқа фолликулдар мен жұмыртқа жасушалардың дамуын тежейді. Жұмыртқа жасушаның шығуы овуляция. Овуляция дегеніміз – аналық жасушаның аналық безден бөлініп шығуы. Цикл 21-35 күнге дейін созылып, орташа 28 күнде қайталанып тұрады. Циклдер ай сайын 1-14 жастан 45-50 жасқа дейінгі аралықта өтеді. Еттеккір қанның мөлшері 150 мл-ге дейін жетеді. Оның бөлінуі 2 күннен 7 күнге дейін созылады. Бұл кезде жұмыс қабілеттілігі төмендеп, көңіл-күйдің қанағатсыздануы пайда болып, сезім мүшелерінің сезімталдығы нашарлап, жүректің соғу жиіліктері артады. Жұмысқа қабілеттілік төмендеген кезеңде физикалық жүктемені азайту қажет. Сондықтан статикалық жаттығуларды жасауға және секіруге болмайды. Бұл уақытта, жаттығу кезінде техникаға көңіл бөлу керек.
Жүктілік кезінде алғашқы 3 айға дейін жаттығуға болады. Кейінгі 3 айда жүктеменің дейгейін анағұрлым төмендетіп, қалған 3 айда жаттығуды тоқтату қажет. Нәресте емшектен шыққан соң жаттығуды қайта жалғастыруға болады.
Жас спортшы қыздарда физикалық жүктемеден еттеккір циклінің бұзылу және тоқтауы мүмкін. Кейбір жыныстық жетілу жүктемеге байланысты болады.
Стайор қыздарда майдың азаюымен бірге ағзада эстрогендердің түзілуі азаяды да, циклдің бұзылуы мүмкін. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шабуыл кезде Филиппин әйелдерінің барлығында аменорея байқалды.
2. Арнайы биологиялық циклдың әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның барлық жүйелерінің гормональды белсенділігі және қызметі күйінің қайта құрылуы. Физикалық тәрбиелеуде және спорттық жетілдіруде әйелдер ағзасының ерекшелігін ескерген жөн. Әйелдердің ер кісілерден айырмашылығы – бойының кішілігі және салмағының кемдігі. Ішкі мүшелерінің қызметі мен құрылыстарының айырмашылықтары да анықталады. Әйелдерде жүректің соғу жиілігі тыныш күйде ерлерге қарағанда жоғары, бірақ қанның систолдық және минөттік көлемдері төмен. Оған жүректің салмағы мен оның қуысы көлемінің кемдігі. Жас кезінде тамыр соғу лүпілі жоғары болғандықтан, қалыпқа келу процесі ұзаққа созылады. Бұл жүйке орталықтарының қозғыштығының айғағы. 3. Овариальды – менструальды циклдың әртүрлі кезеңдерінің әйелдердің спорттық жұмыс қабілеттілігіне әсері: менструальды, менструальден кейінгі овуляторлы, овцляторлықтан кейінгі және менструальды алдыңғы кезеңдер. Әйелдерде өкпенің өмірлік сыйымдылығы, тыныс алу мен шығару резервтері және өкпенің жалпы сыйымдылығының көрсеткіштері ерлермен салыстырғанда 26-36%-ке төмен. Кіші жамбас мүшелері, әсіресе жатырдың кесін өсінділері сезімтал жүйкелерге бай. Ол қыз балаларда әлсіз болады да, жыныстық жетілу кезеңінде күшіне ене бастайды. Физикалық дайындығы жоқ қыздарда оқыс қимылдардан, соқтығулардан бірқатар қолайсыз рефлекторлы реакциялар пайда болып, физиологиялық қызметтің қалыпты өтуін бұзуы мүмкін. Физикалық жаттығулар кезінде жыныс бездерінің өзгеретінін және етеккірінің циклінің жүруін ескеру керек. Күнделікті спортпен шұғылданатын әйелдерде, машықтанбайтын әйелдермен салыстырғанда бірталай өзгешеліктер болады: жүректің көлемі, өкпенің өмірлік сыйымдылығы, қанның жалпы мөлшері артады да, қанның құрамындағы гемоглобин, оттегінің барынша қажеттілігі, жүректің соғу жиілігі өседі.
4. Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіншіліктердің өзгеруі.Әйелдерде спорттық жетілу процесінде қимылды басқару, ырғақты сезіну, мәнерлі қимыл мүмкіндіктері көтеріліп, қимылдық сапа, күш, шапшаңдық және төзімділік артады. Физикалық сапаның өсуі тірек-қимыл аппаратының морфофункционалды қайта құрылуымен қамтамасыз етіледі. АТФ ресинтезінің жылдамдығы мен белсенді ферменттердің жүйесі артып, энергетикалық субстраттар шоғырланып, жүйке процестерінің ептілігі өседі. Барлық функционалды жүйелердің резервті мүмкіндіктері артады. Төзімділік ағзасының аэробты және анаэробты мүмкіншіліктерімен анықталады. Аэробты мүмкіншілік жоғары шапшаңдықпен оттегін пайдаланып, оны ұзақ уақыт ұстап тұрады. 7 жастан 15 жас аралығында оқушы қыз балаларда аэробты мүмкіншіліктер азаяды. Оттегінің барынша қажеттілігі өзгереді. 8-9 жастағы қыз балаларда, сол жастағы ұл балаларға қарағанда оттегінің барынша қажеттілігі 1кг салмаққа 20-24%-ке, 10-нан 13 жасқа дейін 12-18%-ке тербеледі. Әйелдерде аэробты мүмкіншіліктердің өсуі көбінесе бұлшық ет митохондриясының саны мен көлемінің өсуіне, ферменттердің белсенділігіне, көмірсулар мен майларды толықтыру қажеттілігіне байланысты өтеді.Спорттық жаттығу әйелдердің функционалды мүмкіншіліктерін анағұрлым арттырып, функционалды резервтердің өсуіне мүмкіндік жасайды деп айтуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Әйелдер ағзасындағы орталық жүйке жүйесі қызметінің және талдағыш жүйелер дамуының ерекшеліктері.
2. Арнайы биологиялық циклдың әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның барлық жүйелерінің гормональды белсенділігі және қызметі күйінің қайта құрылуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет