Пайдаланған әдебиеттер: Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
№18Лекция
Сабақтың тақырыбы: Әйелдердің спорттық шынығуының физиологиялық негіздері Сабақтың жоспары: 1.Әйелдер ағзасындағы орталық жүйке жүйесі қызметінің және талдағыш жүйелер дамуының ерекшеліктері. 2.Әйелдер дене сапаларын дамытудың және қимылдардың, вегетативтік қызметтердің ерекшеліктері. Әйелдердің дене құрылысында және қимыл аппаратында бір қатар өзгешеліктер кездеседі. Орташа шамамен олардың бойы, салмағы, иығының ені ер адамдар мен салыстырғанда кіші болып келсе, жанбас сүйектері үлкен болып келеді. Әйелдердің бұлшық ет салмағы дене салмағының 35% құрса, майлы ұлпалар 28% құрайды. Ер адамдарда 45% және 18% кездеседі.
Бір шама ерекшеліктер балалық кезден бастап байқалады. 7-8 жасқа дейін ер және қыз балалардың бойы бірдей болып келсе келесі кезеңде қыздар жылдам өсіп, 12 жаста ер балалардан озады. Бұл процес қыздардың ерте жыныстық дамуы мен байланысты.(1,5 жыл) Физикалық дамудың күшеюі, өсудің жылдамдауы қимыл ерекшеліктері мен ішкі мүшелер, әсіресе жүрек – тамыр жүйесі мен, байланысты бұзуы мүмкін. Сондықтан, жыныстық даму кезеңіндегі қыздардың жаттығуына жеке көзқарас қажет.
Жұлын құрылысында да жыныстық өзгешеліктер байқалады. Әйелдердің кеуде бөлігі қысқа, ал мойын және бел бөлімі ұзын болып келеді. Сондықтан олардың жұлыны қимылдық байқатып, буын аппаратының эластикалық болуына әкеледі.
Бұлшық еттер күші әйелдерде, ер адамдар мен салыстырғанда, 10-30% төмен. Әйелдердің созылғыш – бұлшық еттер күші 100кг болса, ер азаматтарда -160кг.
Жыныстық өзгешеліктер ішкі мүшелер құрылысында байқалады. Әйелдердің жүрек салмағы және ішкі көлемі кіші болып келеді. Орташа есеппен 230г болса, ер адамдарда 366г. ЖСЖ әйел адамдарында біршама жоғары, ал қанның систоликалық және минуттық көлемі ер адамдардан төмен.
Өкпенің резервтік көлемі, тіршілік көлемі ерлерден аздап төмен, максималды өкпе желдетуі 20-30% кіші, әйелдердің тыныс алу жиілігі жоғары, тыныс алу тереңділігі, тыныс алудың минуттық көлемі және оттекті пайдалануы төмен.
Әйел ағзасына физикалық жаттығулар мен спорттың тигізетін әсері.
Әйелдердің спорттық жаттығудағы физиологиялық негіздері. Әйел ағзасына физикалық жаттығулардың әсері тиімді, пайдалы. Жаттығулар мен шұғылданатын әйелдер сирек ауырады, жұмыс қабілеті жоғары деңгейде қалыптасады аналық функцияларды жақсы атқарады.
Әйел ағзасы физикалық жаттығуларға өзгеше бейімделеді. Мысалы, ер адамдар мен тең жұмыс кезінде, әйелдердің жүрек ритмі жиілеп, тыныс алудың минуттық көлемі жоғарыласа, қанның систоликалық және минуттық көлемінің жылдамдығы баяу өседі. Ерлерде қанның максималды минуттық көлемі 35-40л болса, әйелдерде 25-30л. Әйелдердің аэробты, анаэробты мүмкіндіктері төмен болып келеді.
ОТШ әйелдердің 25-30% төмен болады. Селтин және Астронд мәліметтері бойынша, әйел – шаңғышыларда ОТШ – 64мл/кг/мин кездессе, ер – шаңғышыларда – 83 мл/кг/мин құрайды.
Спортпен шұғылданбайтын әйел азаматшаларда ОТШ 39 мл/кг/мин, ер азаматтарда – 44мл/кг/мин көрсеткіште болады.
Спорттық жетістіктер әйелдердің ағзаларының функционалды мүмкіндіктерін жоғарылатады, бірақ бұл көрсеткіш ерлерден бір шама төмен. Мысалы, ерлерде спорттық жаттығу нәтежелерінде ОТШ 5-6л жетсе, әйелдерде – 3,5 – 4,5л 1 мин жоғарылайды.
Тыныс алу мен қан айналу мүшелерінің сәйкес қызметінің маңызды көрсеткіші – оттек пульсінің көрсеткіші. Әйелдерде ол 16-20 мл құрайды (ерлерде төмен).
Спортпен шұғылданатын қыздарда ОТШ олардың құрдастары мен салыстырғанда, жоғары. Оттек қарызының максимальды көрсеткіші әйелдерде төмен: 10-12л, ал ерлерде -15-20л. Ағзаның қартаюына байланысты оттек қарызы төмендейді.
Әйелдердің аэробты және анаэробты мүмкіндіктерінің баяу болуына байланысты, жалпы физикалық жұмыс қабілеті де төмен болып келеді.
Әйелдердің төменгі күш – қуаттағы жаттығулар кезінде үлкен экономикалық тиімділік байқалады. Мысалы, ер адамдарда велоэргометр мен жұмыс жасау барысында (КПД) тиімді жұмыс коэффициенті 12кгм/с, яғни үлкен күш – қуаттағы жаттығуда байқалса, әйел азаматшаларда -7,8кгм/с көрсетеді.
Азаматшалардың бұлшық ет күшінің төменділігі, ұзақ уақыт күш – қуатты сақтаудың төменділігі, күштің және статикалық жаттығуларды толық орындауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, бұл жаттығулар, әйел ағзасына зиян әкелуі мүмкін.
Әйел ағзасының функционалдық мүмкіндіктерінің төменділігін айтқанда, орташа шамадағы мәліметтер пайдаланғанын ескеру қажет. Ағзаның жеке ерекшелігіне және статикалық спорттық жаттығулар нәтежесінде әйел адамдар қимыл сапасын дамытудан, аэробты және анаэробты өнімділіктің жалпы физикалық жұмыс қабілетінен, ер адамдардан жоғары жетістіктер көрсете алады.
Әйелдердің спорттық жаттығулармен шұғылдануы өз қимылдарын игеруге, ритм, т.б. көрсеткіштерді жоғарылатады. Әйелдердің физикалық тәрбиелеу кезінде аналық функциясы мен айналысын өзгешеліктерін ескеру қажет. Тез, тиімсіз қимылдар жатырдың орын ауруына әкелуі мүмкін, сондықтан жаттығулар кезінде бұлшық - буынды жанбастағы аппаратты дамыту қажет.
Айлық айналмалы спорттағы түрлі кезеңдегі әйелдердің жұмыс қабілеті.
Әйелдердің физикалық жаттығулар орындау кезінде, ағзаға бір ай айналымындағы жыныстық бездердің қызметінің өзгеретін ескеру қажет.
Өзгерістер негізі фоликулада орналасатын жұмыртқа жасушаларында белгілі бір мерзімде пісіп, жетілуі. Фольикул жарылып, жұмыртқа жасушалары аналық түтікшеден жатырға жылжиды.Фольикул орнына сары дене түзіледі. Сары дененің бөлген гормондары жатырды ісіндіріп, қан айналымын жылдамдатады. Егер жұмыртқа жасуша ұрықтанбаса, жатырдың шырышты қабата бөлініп, қан ағады – минструация жүреді. Бұл процестер айналымы 11-15 жастан бастап қайталанып отырады. Айналым әр 21-28 күн арасында оралып, 2-7 күнге дейін созылады. Минстрация климактериялық кезеңде тоқтайды (45-50).
Минстрация кезеңінде және оның алдында әйел ағзасында өзгерістер жүреді. Орталық жүйке жүйесі қозып, пульс жиілеп, артериялды қысым жоғарылайды. Жалпы халі төмендеп, бос ауру, жүрек айнуы ықтимал. Жұмыс қабілетінің бірқатар көрсеткіштері айлық айналымда бірнеше түрленеді. Жалпы физикалық жұмыс қабілеті минструация кезінде төмендейді. Жылдамдық – күштілік көрсеткіштердің өте төмендеуі айналымның бірінші күндерінде және 13-14 күннен кейін байқалады. Ал анық қимылдар айлық айналымның 6-12 және 15-25 күндеріне сәйкеседі. Бұл орташа шамадағы көрсеткіштер.
Жеке көрсеткіштер орташадан ауытқуы мүмкін. Мысалы, бір қатар әйелдерде минстурация кезінде жұмыс қабілеті төмендемей, керісінше жоғарылайды екен. Бірақ,
Л. Старцеваның мәліметтері бойынша, спортшылардың 36% аналым кезіндегі өзгерістері байқалған.
Физикалық жаттығулардан кейінгі қайта қалпына келу мерзімі минстурация алдындағы 1 күн және кейінгі күндері созылыңқы болып келеді. Үлкен жаттығу және жарыс алдындағы салмақтардың әсерінен және эмоционалды құбылыстардан, қыздардың жыныстық дамуы кешігуі немесе уақытша минстурация тоқталуына әкеледі.
Минструация кезінде және алдыңғы күндері функционалды құбылыстармен жұмыс қабілетін байқап отыру қажет. Қыздар мен әйелдердің айлық айналымы кезіндегі физиологиялық өзгерістерді спорттық жаттығу кезінде ескеру қажет.
Жылдамдық дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіндегі жылдам қозғалыс әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады. 1.Қарапайым және күрделі қозғалыс жауабының жылдамдығы. 2. Жалғыз қимыл жылдамдығы. 3.Қимыл жиілігі. Қарапайым жауап дегеніміз – алдын ала белгілі қозғалыспен, бірақ, кенеттен берілетін дыбысқа жауап (мысалы, старттық тапаншаның атылуына жауап). Қарапайым көру – қозғалыс жауабының ұзақтығы спортшыларда орташа есеппен 0,10-0,20 секунд, ал спортпен жаттықпайтындарда -0,15-0,25 секунд көбірек уақытта болады. Берілген уақытта жауап спортшыларда -0,05-0,16 секундқа дейін, ал жай адамдарда -0,20-0,35 секундтан көбірек уақыт мөлшерінде болады. Қозғалыс жауабының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесі екі кезеңнен тұрады: бірінші кезекте кең тараған әдістер мыналар: қайталау әдісі ( кенет болған дабылға көп рет, әрбір ретте тезірек сезіну реакциясы). Мысалы: төменгі стартты орындау, дабыл бойынша қозғалыс өзгеруі, жүріп келе жатып кілт тоқтау,т.б. ойын әдісі (әр түрлі қимылдағы ойындар, баскетбол, стол теннисі т.б.) жарыстық әдіс – (кешігіп жарыстан шығып қалу т.б.)
Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындау алу қабілеттілігін төзімділік дейді. Адамның берілген қарқынды әрекетке және болдыруға қарсылық ете алу уақытын төзімділік өлшемі деп атайды.
Төзімділікті анықтаудың түзу және жанама деген екі әдісі бар. Түзу әдісінде сыналатын спортшыға бір тапсырма беріледі де (мысалы: велоэргометрде жұмыс істеу, стадионды айнала жүгіру т.с.с.), сол жұмыстың орындалған уақыты анықталады. Жанама жолмен төзімділікті анықтауда ұзақ қашықтыққа (500м, 1000м, 3000м.) жүгіру уақыты немесе белгілі уақытта бір жұмысты орындау. Төзімділіктің екі түрі бар. Жалпы және арнайы. Жалпы төзімділіктің сипаты – спортшының ұзақ уақытқа, жай қарқынды бұлшық ет топтарының көпшілігін қарастыра жұмыс істей алу қабілеттілігі (жүгіру, шаңғы тебу, ескек есу т.с.с). жалпы төзімділіктің физиологиялық негізі адамның аэробты (тыныс алу деңгейін жоғары дамыту және сол деңгейді ұзақ уақыт ұстап тұра алу қабілеттілігі) мүмкіндігі.
Адамның жаңа күрделі үйлесімділігін тез меңгеру, өзінің қозғалыс әрекетін өзгертілген жағдайға байланысты тез басқаша құра алатын қабілеттілігін – ептілік дейді.
Бақылау сұрақтары:
1.Әйелдердің дене құрылысында және қимыл аппаратында қандай өзгешеліктер кездеседі?
2. Жылдамдық дегеніміз?
3. Төзімділікті анықтаудың түзу және жанама әдістері.