- «Топсеруен» топқа бөлу кезеңінде саралауды қолданамын, кабілеті жоғары оқушыларды топ басшысы ретінде ортаға шақырамын.
- «Суреттер сыры» әдісін жаңа тақырып бойынша оқушыларға ой салу мақсатында қолданамын. Оқушылар суреттер ерекшеліктерін атап, шеңбер бойымен қозғалыстың ілгерілмелі және айналмалы болатынын тұжырымдайды.
-« Балық қаңқасы» тапсырмасында оқушыларға ац.т. формуласын қорытып шығару проблемасы қойылады, көмекші тірек сызбалар көмегімен проблеманы шешу арқылы оқушылар ац.т. формуласын қорытады.
-«Эксперимент» тапсырмасы оқушылардың эксперимент жасау дағдыларын дамыту мақсатында және алынған жаңа мәліметтері естерінде сақталу үшін жоспарланды.
- «Есепте!» тапсырмасында білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді, карточкада күрделігіне қарай ілгеріп отыратын тапсырма ұйымдастырылды. Оқушылар мүмкіндіктеріне қарай тапсырманы орындайды.
|