Сабақтың тақырыбы: "Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу тақырыбына есептер шығару"


- Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз. Көжек пен құс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа , - деп бұлғаңдайды



бет4/5
Дата14.09.2023
өлшемі426,64 Kb.
#107583
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Презентация на тему Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу тақырыбына есептер шығару.

- Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз. Көжек пен құс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа , - деп бұлғаңдайды.

Арыстанның көжек пен құс балапанын маған жеткіз, - деген бұйрығын орындауға келген 

түлкіге, қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді:

- Арыстанға азық етіп беретін артық төліміз жоқ. Егер оған барып, жағынам десең :

Түлкісің аярлыққа бермейтін дес,

Көрейік қанша сенде ақыл мен ес,

Балапан, көжек санын өзің тапшы.

Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес,- дейді де , үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі: «Қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым ?» - деп, арыстанның алдына баруға дәті шыдамады. Сонда неше балапан, неше көжек болғанын сен қалай табар едің ?


Шығармашылық тапсырма

Тірек сызба

ах + by = c түріндегі теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады, мұндағы а ,b,с – қандай да бір сандар. х және у айнымалылар)

1 қасиет:

Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

2 қасиет:

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде, берілген теңдеуге мәндес теңдеу шығады.

  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмі: 
  • 1) Теңдеулер жүйесіндегі берілген теңдеулердің біреуінен бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу керек (х-ті у арқылы немесе у-ті х арқылы).

    2) Табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шығады.

    3) Шыққан бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешіп, ондағы айнымалының мәнін табу керек.

    4) Табылған айнымалының мәнін екінші айнымалыны табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу керек.



    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет