Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Шыршалар, қайыңдар, қарағайлар, теректер; ата, әже, әке, ана, қызы, ұлы; сызғыш, қалам, қарындаш.
Бұлар қандай жиынның элементтері? Өз жауабыңды түсіндір.
Шыршалар, қайыңдар, қарағайлар, теректер – ағаштар жиыны.
Ата, әже, әке, ана, қызы, ұлы – жанұя жиыны. Сызғыш, қалам, қарындаш – оқу құралдары жиыны. 2-тапсырма.Көрнекі кестелер, CD дискіні пайдаланып, тиісті, тиісті емес белгілерінің жазылуы мен оқылуын түсіндіру. Әріптердің қай сөзге тиісті немесе тиісті емес екенін дәлелдеу.
а) А – «математика» сөзіндегі әртүрлі әріптер жиыны;
«м» әрпі – А жиынына тиісті. Оны былай жазады: мА; «б» әрпі – А жиынына тиісті емес. Оны былай жазады: бА.
ә) В – «есеп» сөзіндегі әртүрлі әріптер жиыны.
таңбасын пайдаланып, В жиынына тиісті бірнеше элементтер жаз: е В.
С – «мысал» сөзіндегі әртүрлі әріптер жиыны.
таңбасын пайдаланып, С жиынына тиісті емес бірнеше элементтер жаз.
Жиынды латынның бас әрпімен, ал оның элементтерін кіші әріптермен жазады. – элементтің жиынға тиісті
екенін білдіреді. – элементтің жиынға – тиісті және
– тиісті емес екенін білдіреді.
тапсырмада бір таңбалы сандар жиынында қалып қойған сандарды атайды (1, 3, 6,8).
Әр жиынды және олардың элементтерін ата және сана.
K – дөңгелектер жиыны. (3 элемент бар. Олар: қызыл дөңгелек, көк дөңгелек, жасыл дөңгелек)
F – шаршылар жиыны. (3 элемент бар. Олар: қызыл шаршы, көк шаршы, жасыл шаршы)
C – үшбұрыштар жиыны. (3 элемент бар. Олар: қызыл үшбұрыш, көк үшбұрыш, жасыл үшбұрыш) Қорытындылай келе:
қандай да бір заттардың ортақ белгілері бойынша (белгілі бір заңдылықпен) топтасуы жиын деп аталатынын;
жиынды құрайтын заттар – жиынның элементтері деп аталатынын;
жиынды латынның бас әріптеріменбелгілейтінін;
жиындар арасындағы байланыс Эйлер – Венн диаграммасы арқылы кесікделетінін, кез келген жиынды тұйықталған сызық түрінде, яғни диаграмма түрінде кескіндеп көрсетуге болатынынтүсінеді.
5 тапсырма.Оқулықта берілген диаграмманы зерделей келе,
төменде берілген сұрақтарға жауап береді және өз жауабын негіздейді.
А, В жиындарын ата.