неше апта бар екенін анықтайды. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту дағдыларын дамытады.
7-тапсырмадаекі таңбалы сандарды қосу және азайту білімдерін дамытады. Тапсырманы орындау үлгісі:
28 + 33 – 44 =17;
28 + 33 – 19 =42;
Қалыптастырушы бағалау.
Мұғалімнің қолдау, мадақтау сөздері, оқушы еңбегін бағалауы.
52 + 33 – 44 =41;
52 + 33 – 19 =66.
Ойсергек. «Күн! Тас! Қоршау!»Ойын оқушылардың зейіні мен қозғалыс жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ойын шарты: оқушылар бірнеше топқа бөлініп отырады. Кезек-кезек балаларға «Күн!», «Тас!», «Қоршау!» атты бұйрықтар беріледі. Сөздердің айтылу ретін үнемі өзгерту қажет. Оқушылар әрбір сөзге қимылмен жауап берулері шарт. Егер «Күн!» деген сөз айтылса, олар алақандарын ашып, саусақтарын тарбитып, қолдарын жоғары көтереді.
«Тас!» сөзінде қолдарын түюлі жұдырықтарымен көтереді. «Қоршау!» сөзінде алақандарын ашып, қолдарын көтереді, бірақ саусақтары бір-біріне тығыз жанасып тұруы керек. Ойын жылдамдығы біртіндеп жоғарылауы қажет.
9-тапсырма Құм сағат туралы түсініктерін кеңейте отырып, 5 минуттың қалғанын анықтау үшін азайту амалын қолдануға болатынын түсінеді.
Құм сағаты туралы қосымша ақпаратпен таныстырады.