Жаңа сабақ
|
«Тыңдайтын үшбұрыштар» стратегиясы. Мақсаты: Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді. Талқылатантын сұрақтар: ˗ Елімізде құқық бұзушылықтардың орын алу себептері азаматтардың заңдарды білмеуінен бе, әлде құқықтық мәдениеттің төмен болуынан ба? ˗ Қоғамдық қатынастарды реттеудегі әлеуметтік нормалардың (мораль мен құқықтың) қайсысы маңыздырақ деп ойлайсыз?
Топтық жұмыс: «Кейс-стади» әдісі, мақсаты: берілген жағдаяттарды талдап, өз көзқарастарын дәлелдеу.
2019 жыл 9 наурызында түнгі сағат 24.00-де азамат Ж. Өз үйінің подьезінде дауыстап өлең айтты. Көршісінің ән айтуды тоқтат деген талабына көңіл аудармай, одан әрі өлең айтуын жалғастырады. Көршісі учаскелік инспекторға қоңырау шалды. Ж. Құқық бұзушылық жасады ма? Учаскелік инспекторға қаңырау шалған көршінің әрекеті дұрыс па? Осы жағдайды қалай шешер едіндер?
16 жасар А. Мен С. Мектепте өткен би кешінде өздерін дөрекі ұстады, яғни қыздарға балағат сөздер айтты, кешті ұйымдастырушының микрофоның жұлып алып, қатты айғайлай бастады. Ішкі істер органдарынан қалалық бөлімге жеткізілген А. Мен С. Ға қатысты іс құжаттар толтырылды және олардың ісі кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын қалалық комиссия қарауына жіберілді. Дұрыс шешім қабылданды ма? Бұл шешіммен келісесіздер ме? А. Мен С. Қандай жауапкершілікке тартылады
|
Оқушылар топпен жұмыс жасайды.
Оқушылар жағдаяттық сұрақтарға жауап береді.
|
Өзара бағалау: «Бас бармақ» әдісі. Мақсаты: оқушылар бірін – бірі өзара бағалауды.
Өзара бағалау: «Бағдаршам» әдісі.
|
Оқулық: Адам. Қоғам. Құқық.
|