Ауызша мадақтау Жарайсың! Керемет шешім! Ойлы шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін! Дескриптор
Білім алушы
-ақындардың көңіл күйін білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін жазады. -ақындардың көңіл күйін анықтайды. -тірек сөздерге талдау жасайды.
Дескриптор
Білім алушы
-өз ойын шаблонға сүйеніп жеткізеді – 1 балл; -айтыстың тарихи құндылығына баға береді – 1 балл; -өз ойын мысалдармен, фактілермен дәлелдейді – 1 балл, -қорытынды жасайды – 1 балл, -шығарманың көркемдік құндылығын анықтайды – 1 балл, -өз ойын нақты екі мысалмен дәлелдейді – 1 балл, -ойын 5-6 сөйлеммен жеткізеді – 1 балл.
Оқулық
9-сынып
«Атамұра» баспасы
2019жыл
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырма
лар жинағы
9-сынып
Оқулық
9-сынып
«Атамұра» баспасы
2019жыл
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 24-сабақ
Бөлім:
І бөлім: «Атадан қалған асыл сөз»
Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :
Күні:
Сынып: 9
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
"Біржан-Сара" айтысы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;
Сабақтың мақсаты
Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі// уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басталуы
4 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
25 минут
7 минут
Сабақтың аяқталуы 4 минут
1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
Психологиялық көңіл күй тудыру «Амандасып алайық»
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру Ойтүрткі Біржан мен Сара өмір сүрген кездегі қазақ қыздарының тағдыры қандай болған? Бүгінгі қоғамдағы қазақ қызының орны туралы әңгімеле.
Жеке жұмыс Шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз.
«Біржан мен Сара» айтысында көтерілген мәселелер Сараның жеке басына ғана тән бе? Сіз қалай ойлайсыз? Ойыңызды дәлел келтіре отырып жазыңыз
І бөлімге арналған тест сұрақтарына жауап бер. 1.Ислам дәуірі әдебиеті қай кезеңді қамтиды?
А) VII - VIII ғасырлар аралығын
Ә) VIII – XIX ғасырлар аралығын
Б) IX – X ғасырлар аралығын
В) X - XII ғасырлар аралығын
2.Махмұт Қашқаридың еңбектерін көрсетіңдер.
А) «Поэзия өнері туралы»;
Ә) «Ақыл кітабы»;
Б) «Диуани хикмет»;
В) «Диуани лұғат ат – түрік».
3. «Құтты білік» дастанын қазақ тіліне тұңғыш рет аударған кім?
А) Н.Келімбетов
Ә) А.Егеубаев
Б) А.Қыраубаева
В) Ә.Құрышжанов
4. Аталған дастанда автор Өдгүлмішті ненің символы етіп көрсетеді?
А) Ақыл-парасаттың
Ә) Бақ- дәулеттің
Б) Әділдіктің
В) Қанағат пен ынсаптың
5. Шешендік сөздер мазмұнына қарай мынадай үш топқа бөлінеді. Артығын белгілеңдер.
А) Шешендік арнау
Ә) Шешендік толғау
Б) Шешендік өнер
В) Шешендік дау
6. Сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіретін сөзді табыңдар.
А) риторика
Ә) оратор
Б) философия
В) психологизм
7. «Тұлпардан тұлпар туады» деп басталатын шешендік сөз кімдікі?
А) Мөңке би Б) Әнет баба
Ә) Майқы би В) Сырым батыр
8. Қазақтың Нострадамусы атанған биді анықтаңдар.
А) Майқы би Б) Төле би
Ә) Мөңке би В) Әйтеке би
9. Әнет баба есімі қай шығармада кездеседі?
А) «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі»;
Ә) «Еңлік – Кебек» дастанында
Б) «Қалқаман – Мамыр» дастанында
В) «Біржан – Сара» айтысында
10. «Менің малым көп, бай адаммын. Жүз түйе, жүз жылқым бар. ...Оң босағамда көмген алтыным, сол босағамда көмген күмісім бар» деген кімнің сөзі?
А) Қазыбек би Ә) Әнет баба
Б) Төле би В) Әйтеке би
11) «Көмекей әулие» атанған кім еді?
А) Төле би Ә) Әнет баба
Б) Бұқар жырау В) Мөңке би
12. Айтыстарды жинап, ол туралы алғаш пікір айтқан қазақ ғалымы кім?
А) Ш. Уәлиханов
Ә) М.Әуезов
Б) Ә.Тәңірбергенов
В) В.Радлов
13. Сықақтау, мысқылдау, кекету дегенді білдіретін әдеби –теориялық ұғымды көрсетіңдер.
А) ділмар сөз Ә) стиль
Б) ирония В) психологизм