2. Іздену тапсырмасы.
Қазақтың бала тәрбиесіне қатысты 10 мақал-мәтелін теріп жазыңдар.
V Үйге тапсырма: «Жиырма бесінші» қарасөзін оқу, талдау.
VІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 09.02.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі туралы түсінік беру, қарасөзді талдау;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Жиырма бесінші» қарасөзін оқу, талдау.
Сұрақтар:
Ақын қарасөзінде озық елдің қандай ерекшеліктеріне тоқталып, бағалаған?
«Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуынан не аңғарылады?
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» мәнін түсіндіруге тырысыңдар.
Абайдың қарасөздеріндегі көтерілген даналық ой-пікірлер өлеңдерінде айтылған ойлармен сабақтастығын ашыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |