Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Бекітемін:________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 4-сабақ Қазақ тілі



бет10/42
Дата24.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#110050
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
8 кл қазақ тілі ҚМЖ 1-тоқсан ДҰРЫСЫ 2023-2024 жыл

Бекітемін:________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 4-сабақ Қазақ тілі



Бөлім:

1-бөлім:
КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ



Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты:


Күні:




Сынып: 8

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

ЕНИСЕЙ, ТАЛАС, ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.3.1 -мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазу

Сабақтың
мақсаты

Мақала, аннотация құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады; мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы
7 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Қызығушылықты ояту

  • Орхон ескерткіштеріндегі жазбалар туралы, жалпы көне жазбалар туралы не білесіңдер?

  • Көне түркі жазуларын зерттеген қандай ғалымдар бар?

  • Білетін ақпараттарыңды кестеге түсіріңдер.

  • Алғашқы бағанға білетін ақпараттарыңды, ал, екінші бағанға ол туралы не білгілерің келетіндігін жазыңдар.

+

?










Тақырыпқа қатысты өздерінің білетін ақпараттарын жинақтайды.

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл



Сабақтың ортасы
7 минут

8 минут

6 минут

7 минут

5 минут



1 -тапсырма.
Топтық жұмыс
Мәтінді мұқият оқып, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жаса.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары жатады. Бұл жыр түркілердің ерлігін, елдігін дәріптейтін
тұңғыш батырлар жыры болып саналады. Түркілердің өз елі, жері үшін жүргізген соғыстарын атап көрсетеді де, сол жеңістердің оңайға түспегені, оған Тоныкөктің ақыл-кеңесімен және ерлік істерімен үлес қосқаны суреттеледі. Тоныкөк жырында дидактикалық сарындағы қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелге айналып, халықтық тілге біржолата сіңісіп кеткен сөз тіркестері жиі кездеседі. Әсіресе Тәңір, түркі, бек, бай деген ұғымдар тілімізде күні бүгінге дейін алғашқы мағынасында қолданылады. Бұны көне түркі мәдениеті мен бүгінгі қазақ мәдениеті сабақтастығының белгісі деуге болады.

(«Қазақтың тәлімдік ойлары» антологиясы)

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жаз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет