Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазба ескерткіштері Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ



бет8/42
Дата24.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#110050
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ



Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты:


Күні:


Сынып: 8

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

ЕНИСЕЙ, ТАЛАС, ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Т/А. 8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан
астарлы ойды анықтау;
ӘТН. 8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы
5 минут
5минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Топтарға бөлу.
Стикерде жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді.
1-топ: «Күлтегін»
2-топ: «Тоныкөк»
3-топ: «Білге қаған»
Қызығушылықты ояту
Орхон-Енисей ескерткіштеріне қандай жырлар жатады? Кестенің бірінші және екінші бөлігін толтырады.
«ББҮ» әдісі бойынша

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім













«ББҮ» әдісі бойынша тақырыпқа қатысты өздерінің білетін ақпараттарын жинақтайды.

Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!



Оқулық
8-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл



Сабақтың ортасы
7 минут

5 минут

6 минут

6 минут



5 минут

1-тапсырма.
Топтық жұмыс
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Жалқы есімдерді ажыратыңыз.
Орталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VІ ғасырдың орта шенінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары ер есімдерін өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркі даласының бар сырын бойына сіңірген таңбалы тастар сан ғасырларды аттап, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну қазақ халқының негізгі міндеттерінің бірі.
Сұрақтарға жауап беріңіз.



  • Түркі қағанаты мемлекетінің құрылуы қай кезеңнен бастау алған?

  • Ұрпаққа өнеге болар көне жырларының кейіпкерлерінен кіімдерді білесің? Олар не себепті жырдың басты кейіпкерлерінен айналды?

  • Көне жырларды неліктен жәдігер қазына ретінде дәріптейміз?

  • Бүгінгі қазақ халқының негізгі міндеттері қандай?

Тілдік бағдар
Күрделі сөз деп кемінде екі я одан да көп дара сөзден құралып, ырғақ жағынан бірыңғай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады.



Біріккен
сөздер
Мысалы:
Жетісу, Ақорда

Қос
сөздер
Мысалы:
үлкен-кіші,
аяқ-табақ

Қысқар
ған
сөздер
Мысалы:
ТМД, БҰҰ

Тіркесті
сөздер
Мысалы:
шұбар ат, қара
көк, жүз бес





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет