Жинақы мәтін жазуға арналған кеңес:
1. Мәтінді мұқият оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңдар. Қосымша ақпараттарды сызып тастаңдар.
2. Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеңдер.
3. Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдаңдар.
4. Кей сөздерді синонимдерімен алмастырыңдар. 4-тапсырма. Жұптық жұмыс Мәтін бойынша сұхбат құрыңдар. 1-жұп
Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артық мұрат жоқ. Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен білегін түріп шыға келетін елгезектік емес, ол – бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектің көкейтесті мүддесін тапжылтпай танып барып, қайратқа жүгініп, әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік. Мұндай өресі биік күресте сара ақылмен қоса, салқын сабыр – таптырмас қару. Ұрпақтың ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрасы – өзі бастан кешкендерден түйген азды-көпті рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым – өзінің келешегінен күдер үзген қауым. (Әбіш Кекілбаев) 2-жұп 1. Еліңнің тағдыры – өзіңнің тағдырың.
2. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.
3. Еліңнің жұты болма, құты бол.
4. Бақ атадан қалған мұра емес.
(Мырзатай Жолдасбеков) 3-жұп Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табыса білудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс.
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл.
Тіл – халықтың перзенті.
Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана
кіре алады.
(Мұстафа Шоқай) Жеке жұмыс Cөздердің Күлтегін ескерткішіндегі нұсқасы мен қазіргі қазақ тіліндегі қолданысын салыстырып, жинақы мәтін (7–8 сөйлем)
жазыңдар.