Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атаулар • Халықаралық ұйымдардың аттары; • жеке мемлекет ретіндегі республика аттары; • мемлекеттік мекемелердің, жоғары ұйымдардың күрделі атаулары; • жоғары дәрежелі қызмет атаулары мен берілген атақтардың әр сөзі бас әріппен жазылады. Бас әріппен жазылатын сөздер Жалқы есімдер: Теміртау, Айболат Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет атаулары: Президент Әкімшілігі Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі атаулары:Қазақстан Республикасы Қысқарған сөздер: БҰҰ, ТМД Мекемелер мен білім орындары күрделі атауларының бірінші сөзі: Қазақ Ұлттық университеті Кітап, газет, журнал аттары: «Егемен Қазақстан»,«Абай жолы» 5-тапсырма. (оқулықтан)
Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселе негізінде бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды қатыстыра отырып, өз пікіріңізді жазыңыз.
3-тапсырма. • Көне түркі жазбалары туралы қандай мәлімет қосар едің?
• Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша өз ойыңды дәйектеп айт.
• Көне жәдігер деген не? Өз анықтамаңды ұсынып көр.
Ойтаразы Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – ойлану.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкене бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
Қойылған сұрақтарға жауап береді. Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселе негізінде бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды қатыстыра отырып, өз пікірін жазады.