6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау;
6.3.3.1 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді, ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазады;
1.Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға Күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған Айдай балқып туған...- деген өлең жолдарында троптың қай түрлері кездеседі?
А) эпитет, теңеу
В) теңеу, метафора
С) кейіптеу,теңеу
Д) эпитет, метафора
[1]
2. Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды?
A) Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде
В) Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кеткенде
C) Мұз айдынында сырғанақ теуіп жүргенде
D) Соқаға жегілген өгізден домалап түскенде
[1]
3. «Қаралы қағаз» Аянға қай кезде келді?
A) Жазда
B) Қыста
C) Көктемде
D) Күзде
[1]
4. Тортайдың арманындағы «ақ боз ат» не еді?
А) ақын болу
В) жазушы болу
С) Монғолияға бару
Д) жетімдіктен құтылу
[1]
5. Қажымұқан бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?
А) ашушаңдық, беріктік, намысшылдық
В) батылдық, еріншектік, намысшылдық
С) мықтылық, төзімділік, ақкөңілділік
Д) намысшылдық, отансүйгіштік, сөзге беріктік
[1]
6. С.Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...» өлең жолдарындағы «қараңғы» деген сөзді қалай түсіндіңіз? Пікіріңізді жазыңыз.
[2]
7. Әңгімеші баланың Аянмен достығын сипаттап жазыңыз.
[2]
8. Аянның ертегі айтудағы шеберлігіне қысқаша сипаттама беріңіз.
[2]
9. Тортайдың «Мен міне алмаған ақ боз атты бәлкім сен мінерсің…» дегенін қалай түсінесіз?
10. Қажымұқан палуаннан қандай үлгі-өнеге алар едіңіз? Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз. [2]
11. Аян мен Тортай – соғыс құрбандары. Шығармадан дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз. [2]