Қалыптастырушы бағалау 2-тапсырма ТЖ 1-топ. Шығармадан эллипсис кездесетін үзінділерді белгіле, қолданылу себебін түсіндір
2-топ. Шығармадан сатираны (гротекс пен ирония) тауып , қолданылу себебін түсіндір
3-топ. Шығармадан перифразды тауып, қолданылу себебін түсіндір
Дескриптор
Шығармада қолданылған көркемдегіш құралдарды анықтай алады
Көркемдегіш құралдарды түрлеріне ажыратады
Ережесін біледі
Қалыптастырушы бағалау
Парақшалар, оқулық
А3 , маркер, стикер, оқулық
Суреттер, оқулық
Сабақтың соңы
3-тапсырма Ж «Ойды жалғастыру» Тіркестегі ойды шығарманың мазмұнымен байланыстыра отырып жалғастыру.
Мені қуантқаны...
Мені ойландырғаны...
Мені таңқалдырғаны...
Мені уайымдатты...
Дескриптор
Өзіне ерекше әсер еткен шығарма бөліктерін еске түсіреді
8.1.4.1. көркем шығармалардан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
8.2.3.1. шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротекс, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Сабақ мақсаты:
- көркем шығармадан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
-Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротекс, эллипсис) табу, қолданысын талдау
-Шығармадағы автор стилін анықтау
Бағалау критерийлері:
көркем шығармадан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады
Шығармадан көркемдегіш құралдарды табады.
Шығармадағы автор стилін анықтайды
Құндылықтарды игерту:
Азаматтық жауапкершілік, адамгершілік «Мәңгілік Ел» идеясының 3 құндылығына сәйкес,тағдырдың тауқыметіне қарсы тұра алатын, рухани қайсар тұлғаны тәрбиелеу.
Жалпы адамзат құндылығы:
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жұптаса отырып жұмыс жасаулары, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
Психологиялық ахуал «Жүректі тазарту» Жүрекшелерге өз бойларындағы ұнамсыз қасиеттерді жазып, оны қоқыс жәшігіне тастау.
Топқа бөлу.Түрлі түсті қима қағаздарды (сары, жасыл, қызыл) таңдатып,екінші бетіндегі сөздер (туғандар,бауырлар, ағайындылар) бойынша топтарға бөлу
І топ. Бауырлар ІІ топ. Туғандар ІІІ топ. Ағайындылар Бұл аталған туыстық атаулардың тақырыбымызға байланысы бар ма?
Біз танысып отырған «Әпке» драмасында осы туыстық атауларға сәйкес келетін кейіпкерлер кімдер?
Үй жұмысын сұрау.
«Келісемін-келіспеймін» стратегиясы Қамажай мен Қабен телефон арқылы сөйлесті.Өткен жолы кездесуге келмеген себебін сұраған Қабенге Қамажай үй шаруасынан босай алмағанын айтты. (келіспеймін)
Бауырларының намыстанып отырғанын түсініп және олардың қамын ойлап, Қамажай жұмысқа орналасуды кейінге қалдырды. (келіспеймін)
Қамажай: Бес күннен соң?! Ойбай-ау, асығыс болғанда қандай болмақшы сонда?Енді қайттім? Дайындалу керек, оны-мұны сатып алу керек... (келісемін)
Д. Исабеков «Әпке» драмасын 1977жылы жазды. (келісемін)
Омар Ақтаудың жаңа ашылған университетінің философия факльтетіне кафедра меңгерушісі боп баратын болды. (келіспеймін)