1.Ұйымдастыру жұмысы: А) Танысу. Жағымды орта қалыптастыру Үй тапсырмасына кері байланыс. «Лездеме» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау.
Оқушыларға әртүрлі карточкалар үлестіру, үй тапсырмасына байланысты берілген сөздерге анықтама түсінік айту арқылы көршісі жасырын сөзді анықтайды. Жеке жұмыс. Б) Топқа бөлу. Бет перде пазлдары арқылы 3 топ құру. Бағалау парақшаларын үлестіру. Ой шақыру: Оқушылар, мына қара жәшік ішінде не бар деп ойлайсыңдар? Ендеше не бар екенін көрейік...Тақырыпты анықтау мақсатында 3 топқа «Кейс» әдісіарқылы жуан-жіңішке сұрақтар алдырту. а)1.Отбасы дегенді қалай түсінесің? 2.Отбасының тірегі кім? 3. Отбасындағы ананың рөлі қандай? 4. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дегенді қалай түсінесің? 5. Әпке, апаның отбасынағы ерекшелігі қандай? 6. Отбасындағы құндылықтарды сақтау үшін не істеу керек? б)Үш тілде «Менің отбасым» таныстыру. «1минут» әдісі (Тақтаға Д.Исабеков портреті мен отбасы суретін ілу) Мағынаны тану: Тақырыппен, мақсатпен танысу. Тыңдалым: Видеосюжет көрсетілімін ұсыну. 1-топ «Зерттеуші» Міндеті: Д.Исабеков өмірі жайында ақпарат,шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, басты кейіпкердің мінезін сипаттау.
-Шығарманың тақырыбы-Адамгершілік,жан жылуы. Жетім балалардың өз беттерінше өмір сүруі.Жанұя мүшелерінің бір-бірімен байланысы.Жастар махаббаты. Қоғамдағы өзгерістердің ұрпақ тәрбиесіне әсері.
-Шығармадағы басты кейіпкер,отбасының тірегі-Қамажай. Ол- үйдің үлкені. Бауырларының бақыты үшін жұмысқа араласпай жағдайларын жасады. Олардың оқып, азамат болуын, өмірден өз орындарын табуына ықпал жасады.Ана орнына ана, әке орнына әке болды. Өзінің жеке өмірінен,махаббатынан бауырлары үшін бас тартты. Қамажайдың мінезі өте жайлы, өзі қарапайым, бауырмал,тәуекел,мейірімді,ақкөңіл жан.