Сабақтың тақырыбы: Шығарманың көркемдік ерекшелігі Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



бет7/8
Дата10.03.2023
өлшемі0,6 Mb.
#73306
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
әпке

2-топ «Баяндап беруші»
Қысқаша мазмұны.
1.Қамажайдың қонақжайлылығы.
Келгендерді қарсалу жағдайы, ақша жетіксіз,бірақ көңілдері ашық.
2.Адамның білімді жастардың пікір қағысы.
3.Бақыт деген...
4.Жақсы отырысты бұзған-арақ
5.Жанұя жиналысы
6.Үлкен махаббаттан бас тарту немесе
жеңіл қоштасу
7.Гауһардың таңдауы
8.Жанұядағы жаңа қуаныш
9.Қамажайдың Тимурдың көңілін жібітуі
10.Бауырлардың қайта табысуы
11.Омардың диссертацияны қорғауы
12.Бауырлардың өмірден орнын табуы
13.Анасының мерей тойы немесе күту
3-топ «Дәнекер»
Міндеті:болған оқиғаға автордың көзқарасын айту, негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру, тұжырымдау, жинақтау.
SWOT талдауы бойынша түйіндеме береді.

Сергіту сәті: «Актерлық шеберлік» Өлең шумағын 1-топ шаттанып, 2-топ мұңайып, 3-топ әндетіп эмоциямен айту.
Пай, пай, Өмір! 
Өтесің-ау бір күні. 
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні. 
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай, 
Өмір деген - көк аспанның күркірі. 
Пай, пай, Өмір, 
Өтесің-ау бір күні! (М.Мақатаев) 
Ақпаратпен алмасу кезеңі: 
Шеңберге «Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген тапсырма бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін әр топ берілген уақыт ішінде
басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді).
Ой қорыту. Жеке жұмыс.«Идея себеті» әдісі

Әр оқушы стикерге түйін ойын жазып тақтаға іледі.
Қалыптастырушы бағалау: топты әр кезеңде бас бармақ, ишара, мадақтау, жұлдызша.
Бағалау парақшасы
Барлық кезеңдер бойынша әр оқушы өзін-өзі бағалау парақшасын толтырып, тапсырады.
Рефлексия. Сабақты түсінуі мен көңіл-күйі бойынша алған әсерін рефлексия парағына іледі.
Д.Исабековтың «Әпке» драмасын толық оқу, сахналауға дайындалу. 
8-сынып оқулығы, Д. Исабеков шығармасы https://kitap.kz/profile/myl








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет