1. Сөздер сөйлемде септік, тәуелдік, жіктік жалғаулар арқылы байланысады. Жалғаулардың катысуымен сөздердің өзара байланысы, белгілі синтаксистік катынас, грамматикалық мағына туып отырады. Мысалы: Мен өз Отанымды сүйемін деген сөйлемдегі Отан сөзіндегі тәуелдік жалғауы (-ым) мен табыс септіктің жалғауы (-ды) бұл сөзді екінші бір сөздермен өз(імнің) Отаным және Отанымды сүйемін түрінде байланыстырып түр және біріншісінде меншіктілік-тәуелділік мағына, екіншісінде тура объектілік мағына беріліп тұр. Жіктік жалғауы (-мын) арқылы мен және сүйемін сөздері I жақ, жекеше мәнде байланысып тұр, қимыл мен қимыл иесі (атқарушы) яғни субъектілік-предикаттык катынаста жұмсалған.