Сабақтың тақырыбы Сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің байланысу түрлері


Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады



бет4/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,14 Kb.
#16274
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3.Сөздер орын тәртібі арқылы да байланысады. Мысалы: Тас жолды ағаш күрекпен күредік деген сөйлемде тас пен жол, ағаш пен күрек сөзі қатар тұруы арқылы анықтауыштық қатынаста байланысқан. Ал осы сөздердің орнын өзгертіп жіберсек, мүлде басқа мағына немесе мағынасыздық туады (тас күрек, ағаш жол). Бұл сөздер бір-бірімен тиянақты орын тәртібі арқылы байланысқа түскен.

4. Байланысудың соңғы тәсілі — интонация. Мұнда екі сөздегі орын тәртібі тиянақты болумен бірге, екеуінің арасында айтылуда дауыс ырғағы сақталып, екінші сөз сәл көтеріңкі естіледі, ал жазуда ол сөздер сызықшамен ажыратылады. Мысалы: Талғат - ұшқыш. Сәуле - мұғалім. Интонация арқылы байланысқан сөздер сөйлем құрайды да; алдыңғы сөз бастауыш, соңғысы баяндауыш қызметін атқарады. Мұндай жалаң сөйлемдегі сөздердің орындары ауысса, ол сөздердің кызметі де өзгереді. Айталык, Ұшқыш - Талғат, мұғалім - Сәуле болған жағдайда, бастауыш - ұшқыш, мұғалім, баяндауыш - Талғат, Сәуле сөздері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет