Сабақтың тақырыбы Сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің байланысу түрлері


Жанасу. Орны жағынан басыңқы сөзбен қатар тұратын атау тұлғадағы бағыныңқы сөздің алшақ тұрып-ақ еркін байланысуын жанасу дейміз



бет9/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,14 Kb.
#16274
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7cff6634-41c9-4f94-b762-fc439b21f3b0

5. Жанасу. Орны жағынан басыңқы сөзбен қатар тұратын атау тұлғадағы бағыныңқы сөздің алшақ тұрып-ақ еркін байланысуын жанасу дейміз. Мысалы, Қар жапалақтап жауды. Малшылар жайлаудан кеше келді. Бұл сөйлемдерде жапалақтап жауды, кеше келді деген жанаса байланысқан сөздер бар. Алдыңғы сөйлемдегі жапалақтап деген сөзді бірінші орынға қойып, жапалақтап қар жауды десек те, екі сөздің өзара байланысы бұзылмайды. Осы сияқты екінші сөйлемдегі кеше деген сөзді өз орнынан алып, сөйлемде әр орынға қоюға болады. Мысалы, Кеше малшылар жайлаудан келді, Малшылар кеше жайлаудан келді. Малшылар жайлаудан кеше келді т.б.

Жанасудың бағыныңқы сыңары дара мағыналы бір-ақ сөзден жасалады. Жоғарғы мысалдардағы жапалақтап жауды, кеше келді деген тіркестер жай данасуға жатады. Жай жанасудың бағыныңқы сыңары көбінесе үстеуден (әсіресе мезгіл үстеу, көсемше, кейде басқа сөз таптарынан да) болуы мүмкін.

Күрделі жанасудың бағыныңқы сыңары көбінесе септеулік шылаулар мен көмекші есімдер қатысты күрделі сөздерден жасалады. Мысалы; Шаңғышылар тауға қарай жүреді. Қойлар беткейге таман ығысты. Жұмыс жайында сөйлестік. Есік алдында екі ат байланған.

Жанаса байланысқан сөздердің басыңқы сыңары көбінесе етістік болады. Мысалы: Кенет Нұрғайша Тінәліқызы қарқылдап күліп жіберді. Мұнда кенет, қарқылдап деген сөздер күліп жіберді деген күрделі етістікпен жанаса байланысқан.

Жіктелген есімдер мен қимылдың сапасын білдіретін кейбір сөз таптары да жанасуда басыңқы сыңар бола алады. Мысалы: Мен ертеден жұмысшымын. Сен әлі жассың. Биыл сіз отыз бірдесіз (Т.Б.). Қазір біз алтаумыз. Бұл жерде ауа үнемі таза. Мұнда күн тіпті ыстық (Т.Ә.). Биыл қар қалың. Бүгін ай жарық. Бұдан кейін ауыл жақын (С.Әбд.)

Сабақты қорытындылау:



  1. Сөйлемнің байланысу түрлері дегеніміз не?

  2. Сөйлемнің байланысу тәсілдері дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет