2. Меңгеру. Бағыңқы сөздің басыңқы сөзбен атау, ілік септіктерін басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы меңгеру деп аталады.
Меңгеріле байланысқан екі сөздің меңгеруші сыңар көбінесе етістік болады. Мысалы, малды күту, фермағабару, сырттан оқу, жұмыста болу, мақта теру, жолмен жүру.
Меңгеруде есім сөздер де басыңқы сөздің барыс, шығыс, көмектес септіктерінде келуін керек етеді. Мысалы: жақсы, - ісімен жақсы, іске мықты, орындауға міндетті, бәріне бірдей,бізге жақсы, естімеген елде көп, сенімен сыорлас жерге бай, еңбекке ортақ.
Табыс, барыс септіктерінде келіп меңгерілген сөздердің жалғаулары кейде айтылмайды. Мысалы: шөп шабу, трактор айдау; Мәскеу бару т.б.
Меңгерудің жай жіне күрделі түрі бар; Дара сөздердің өзара меңгеріле байланыскы жай меңгеруге жатады. Мысалы: уәдеге берік, қалаға кетті, суыққа төзімді, заводта істейді т.б.
Меңгеріле байланысқан сөздердің бір сыңары не екі сыңары да дара сөзден емес, бірнеше сөзден (кемінде екі сөзден) жасалуы мүмкін. Мұны күрделі меңгеру дейміз. Меңгерудегі күрделі сыңарлар көбінесе өзара іштецй матаса, қабыса, меңгеріле байланысқан күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінен де жасалады. Мысалы: Үйге дейін бардық. Көпірдін үстінен өте бастадық. Оқып отырғанда көңілді басқа жаққа бұрмау керек. Қас пен көздің арасында жоқ болды.
3. Матасу. Ілік септігіндегі сөздің тәуелдік жалғауындағы сөзбен өзара байланысуы матасу деп аталады. Мысалы: Матаса бай ланысқан сөздердің бірінші сыңары ілік септігіндегі жеке сөзден де, бірнеше сөзден де бола береді. Осыған өарай матасу жай матасу жіне күрделі матасу деп бөлінеді. Бірінші сыңары ілік септігінде тұрған сөзбен байланысу жай матасу деп аталады. Мысалы: Біздің колхоз. Сенің кітабың. Бірінші сыңары екі не бірнеше сөздердің өзара сатылап, бір-бірімен іліктесе байланысуы күрделі матасу деп аталады. Мысалы: Менің жолдасымның дәптері. Сенің жолдасыңның сөзі. Оның жолдасының кітабы.
Кейде III жақ тәуелдік жалғау сөзбен байланысқан сөздің ілік септік жалғауы айтылмайды. Мысалы: егіс даласы, ел байлығы. Тек біз, сіз деген есімдік ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен байланысқан сөздердің тәуелдік жалғауы түсіп қалады. Мысалы: Біздің ту, біздің қыз, біздің Отан, біздің ел, сіздің қыз, сіздің Отан, сіздің ел, біздің ауыл, сіздің ауыл.
Достарыңызбен бөлісу: |