Сабақтың тақырыбы Сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің байланысу түрлері


Сөз тіркесіндегі негізгі мағынаға ие болатын сөз басыңқы сыңар деп аталады. Басыңқы сыңарды айқындап тұрған сөз бағыныңқы сыңар деп аталады



бет5/9
Дата06.01.2022
өлшемі24,14 Kb.
#16274
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сөз тіркесіндегі негізгі мағынаға ие болатын сөз басыңқы сыңар деп аталады. Басыңқы сыңарды айқындап тұрған сөз бағыныңқы сыңар деп аталады. Мысалы: Айлы түн (айлы – бағыңқы сыңар, түн – басыңқы сыңар).

Сөздер екі-екіден тіркесуімен шектеліп қоймайды, тіркестегі басыңқы сыңар басқа бір сөзьен байланысып, екінші тіркес жасайды. Мысалы: Бұл әнді шырқаған Естайдың даңқы көп елге жайылды. Мұнда аяқталмаған ойды білдіретін бір сөйлем бар, екіншіден, бұл әнді шырқаған Естайдың даңқы дегенде күрделі ұғымды білдңрңтңн сөздер тізбегі бар, үшіншіден, жеті түрлі сқз тіркесі бар. Олар: 1. Бұл әнді; 2. әнді шырқаған; 3. шырқаған Естай(дың);4. Естайдың даңқы жайылды;6. көп ел(-ге);7. Елге жайылды.

Өзара байланысқан сөздердің бір сыңары баяндауыш болып келсе, оларға сөз тіркесі тұрғысынан да, сөйлем тұрғысынан да қарауға болады. Сөздердің өзара байланысуы жағынан бұларды сөз тіркесі деп санасақ, белгілі дәрежеде аяқталған ойды білдңру жағынан оларды сөйлем дейміз. Мәселен, жоғары мысалдағы даңқы жайылды, елге жайылды деген сөз тіркестері өз алдында жеке-жеке сөйлем бола алады. Себебі, мұның әрқайсысында белгілі дәредеже аяқталған ой хабарланған.

Сөз тіркесі тіркесу жолына қарай тікелей тіркес және сатылы тіркес деп екіге бөлінеді: а) тікелей тіркес – екі сөздің өз бетінше тіркесуі. Мысалы: үлкен үй, колхоздан кеше келдік, ә) сатылы тіркес – бір тіркестегі басыңқы сыңардың басқа сөзбен ұласа тіркесуі. Мысалы: үлкен үйдің тіркесі т.б.Сөз тіркесінің сыңырлары бір-бірімен бағыныңқы грамматикалық байланыс арқылы тіркеседі де ол (сөз тіркесі) предикативті қатынастың негізінде тіркескен сөздердің тізбегінен ажыратылады. Предикативті қатынас негізінде тіркескен сөздердің тізбегін сөз тіркесі дейміз бе, жоқ па деген сұраққа лингвистер әр түрлі жауап беріп келді. Мысалы, жоғары мектептерге арналған «қазіргі қазақ тілі» (синтаксис) атты оқулықта былай делінген: «сөйлемдік қасиеттеріне қарап, сөз тіркестерін де өзіндік қасиеттеріне қарап танып, мысалы, жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау керек».Былайша, бір ғана құбылысты (атқа мінді) әрі сөйлем, әрі сөө тіркесі деп қарау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратпауға, оларды бір-бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады.

Предикативті байланыс негізінде сөздердің бір-бірімен тіркесуінен сөз тіркесі жасалмайтындығы жайында Ахманова О.С. кезінде былай деп жазды: «Байланыстың негізігі үш түрі – атрибутивті, комплективті және предикативті түрлерінің ішінен біріншісі әр қашанда сөз тіркесін тудырады; байланыстың екінші түрі өздерінің тығыз байланысты формаларында ғана сөз тіркесін тудырады; үшіншісі оны (сөз тіркесін – К.А.) ешқашан да тудыра алмайды». Зерттеушілер предикативті байланыс негізінде туған тізбектерді сөз тіркесінің қатарына жатқызбай, предикативті конструкцич немесе предикативті тізбек деп атайды да, осыған орай оларды сөз тіркесінің синтаксисі емес, сөйлемнің синтаксисі қарастыру керек деп есептейді.

Орыс тілін зерттеушілердің бағыныңқы байланыстың (подчинительная связь) негізінде жасалған сөз тіркесі мен предикативті байланыстың негізінде жасалған сөздер тізбегінің арасындағы айырмашылық туралы пікірлері мынандай: бағыныңқы – басыңқы қатынатағы сөз тіркесінде бағыныңқы элемент (сөз) басыңқы элементке тәуелді болып соның ыңғайна қарай белгілі бір формаға ие болады. Предикативтегі тізбектерді (мысалы, орысша брат пишет) предикативті емес сөз тіркестеріндегідей грамматикалық тәуелдік, бағыналық жоқ; атау септік өзінің табиғаты діграмматикалық бағыныңқы септік болып саналмайды.

Сөз тіркесінің сөздердің бір-бірімен тіркесіп айтылуынан жасалатыны сияқты, сөйлем де сөздердің өзара тіркесіп, бір – бірімен байланыста, қарым- қатынаста айтылуынан жасалады. Дегенмен, бұлар тілдік табиғаты жағынан әр басқа құбылыстар. Олардың айырмашылықтары жайында төменде сөз болады.

Сонымен, сөз тіркесінің өзімен сырттай ұқсас құбылыстардан айырмашылықтары жайында және оның басты белгілері туралы айтылғандарды жинақтай келгенде, сөз тіркесінің тілдік табиғаты жайында мынаны айтуға болады. Сөз тіркесі мағыналық және грамматикалық бірлекте болатын ьолық мағыналы сөздердің (кемінде екі сөздің) тіркесінен жасалып, заттарды, құбылыстарды, сап-белгіні, іс – әрекетті бір бірімен қарым – қатынасында атайды да, тілді номинативті құралдарының қатарына енеді, сөйлем құрамында және сөйлем арқылы комуникативтілік қасиетке (жартылай, шартты түрде болса да) ие болады, сыңарларының өзі тектес басқа сөздермен ауыстырылу, бір – бірімен иеркін тіркесу ерекшеліктерімен, семантикалық, тиянақтылық және құрылымдылық тұйықтылық қасиеттерімен сипатталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет