Сөздердің байланысу түрлері. Қазақ тілінде өзара байланысқан сөздер мағынасы мен байланысу тәсілдеріне қарай: 1. Қиысу, 2. Меңгеру, 3. Матасу, 4. Қабысу, 5. Жанасу болып бес түрге бөлінеді:
1. Қиысу.Сөздердің өзара жіктік жалғауы не жақтық, көптік жалңауы арқылы байланысуы қиысу деп аталады. Мысалы: 1. Мен жаза-мын, біз жаза-мыз, сен жаза-сың, сендер жаза-сыңдар, сіз жаза-сыз, сіздер жаза-сыз-дар, ол жазады, мен сауыншы-мын, біз сауыншы-мыз, сен сауыншы-сың, сендер сауыншы-сың-дар, сіз сауыншы-сыз, сіздер сауыншы-сыздар. Мұнда екі сөз (бастауыш пен баяндауыш) бір-бірімен жекеше және көпше жіктік жалғаулары арқылы байланысқан. 2. Сен – жұмысшы. Мен – колхозшы. Ол оқыды. Мұнда екі сөз өзара жақтық мағына арқылы байланысқан. Қазақ тілінде есім сөздер мен етістік сөздер де, етістік сөздер мен есім сөздер де қиыса береді. III жақта есім мен етістік арасында көптік қиысу (жіктік жалғауының көпше түрін қабылдау) болмайды. Мысалы: Олар оқиды. Олар жазады.(Олар оқиды – лар. Олар жазады – лар. деп көптік жалғауын қосуға болмайды).
Достарыңызбен бөлісу: |