3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.1.2.1 – көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау;
3.2.1.1 – музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну;
3.3.1.1 – өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің жəне өзгелердің жұмыстарын бағалай білу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды және салыстырады.
Көпшілік оқушылар: көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындайды.
Кейбір оқушылар:Өз шығармашылығын танытады.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты)
Педагог әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады:
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған, 2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан, 3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен, 4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс, 5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем! 1-тапсырма. Әңгімелеу. -Суретте қандай мереке көрсетілген?
- Отбасылық, мемлекеттік қандай мерекелерді білесің?
«Мереке» ұғымы барлық халықта бар. Мереке дегеніміз – мемлекеттік деңгейде ресми түрде бекітілген салтанатты мейрам. Мерекелер ұлттық, мемлекеттiк, кәсiби (мұғалім, әскери, медицина...) және өзге де мерекелер (отбасылық: туған күн, тілашар) болып бөлінеді. Мемлекеттік мереке күндері халқымыз арнайы ұйымдастырылған концерт, түрлі сахналық қойылымдарды қызықтап, демалысын мәдениетті өткізеді.
2-тапсырма. Зерттеу. Мемлекеттік деңгейде тойланатын мерекелердің бірі – 1 мамыр. Қазақстан халқының Бірлігі күні. 1 мамыр мерекесінде Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығынтойлайды. Мерекеде әр ұлт ән шырқап, би билеп, өздерінің дәстүрлері мен салттарын, өнерлерін көрсет.