Сабақтың тақырыбы: Табиғат жəне музыка Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет6/28
Дата22.09.2023
өлшемі367,05 Kb.
#109771
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
3 сынып КМЖ

Білім беру ұйым атауы

№15

Пәні:

Музыка

Бөлімі:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Терме – нақыл, өсиет

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

3.1.1.2 – музыкалық шығармаларды интонация, əуен арқылы танып ажырату;
3.1.3.3 –музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату;
3.1.3.4 – музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау жəне ажырату;
3.2.1.1 – музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну;
3.3.1.1 – өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің жəне өзгелердің жұмыстарын бағалай білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтайды.
Көпшілік оқушылар: музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау жəне ажыратады.
Кейбір оқушылар:Өз шығармашылығын танытады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады: 
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!
1-тапсырма. Сыныпта талқылау.
-Жалпы оұушылар терме деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Музыкалық өнердің өзің білетін (ән, күй, би) және алдағы сабақтарда танысатын басқа түрлері де бар. Өнердің осындай бірнеше түрге бөлінуін жанр деп атайды. Жанр (genre) француз тілінен аударғанда түр, тек деген мағынаны білдіреді.
«Терме» атауы қазақтың «ең асыл, ең мәнді нақыл, өсиет сөздерін теріп айту» деген мағынаны білдіре­ді. Термені әуенге қосып айтады және оны орындаушыны термеші деп атайды. Әдетте термеші әуенді өзі таңдайды.


2-тапсырма. Орындау.
Жақсы менен жаман (терме) А. Рахметов
Жақсы адамның жалпыға
Жарқын болар қабағы.
Кеудесіне сыйғызар
Байтақ жатқан даланы.
Жабырқаған жан көрсе,
Оларға қамқор болады.
Еңбекке әр кез ұмтылып,
Уәдесінде тұрады.
Осындай жақсы адамды
Көргендер мақтап жырлайды.
Жаман адамның жалпыға Ашылмайды қабағы,
Көңілі тар, қызғаншақ,
Көре алмайды басқаны.
Жабырқаған жан көрсе,
Өз пайдасын ойлайды.
Өтірік, ұрлық, алдаумен,
Жаман жолды таңдайды. Айтыңдаршы өздерің,
Мұндайды кімдер мақтайды!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет