Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет19/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
Түзету ырғағы қмж

Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Кемпірқосақ.

Сабақтың мақсаты: Негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді алу дағдыларын қалыптастыру Қызыл + сары = қызғылт сары көк + сары = жасыл, қызыл + көк = сияқөк.
Қажетті құралдар: палитра, бояулар, қылқалам, қағаздар, су, сүлгі әліппе - дәптер.
Сабақтың барысы:
- Бүгін бізге "Бояушылар" елінен қылқалам қонаққа келіпті. Сені өзінің әсем де сәнді еліне қонаққа шақырады. Ол жаққа бару үшін бізге үлкен түрлі түсті көпірден өтуге тура келеді. Осындай түрлі түсті көпірдің суретін өзің салып көр. Ол үшін алдымен дәптеріңді ашып қараңдар, кемпірқосақтың жеті түсін естеріне түсіріңдер (дәптермен жұмыс).
Балаға негізгі түстерді түсіндіру және оларды бір-біріне араластыру арқылы қосымша түстерді алуға болатынын көрсету. Палитрада бояуларды араластырып көреді.
Oйын "Түстерді таңда".
Балақай екі түсті араластырып, үшінші түсті алуды үйренген соң, 4-5 бояуды басқа жаққа алып қойып, өзінің алған түсі қандай бояу түстерінің қосындысы екенін айтып береді.
- Аспанда нағыз кемпірқосақ жаңбыр жауғаңнан кейін пайда болады. Сендердің алдыларың дағы ақ қағаз аспан әлемінің бір бөлшегі деп есептеңдер.
Тәрбиеші қағазды қалай сулау керектігін көрсетеді (жалпақ қылқаламмен қағаз бетін таза сумен жуып алу).
- Қағазға су сіңіп болған соң сурет салуды бастаймыз. Кемпірқосақтың суретін салу үшін қандай түсті бірінші пайдаланамыз, ұмытып кетпеңдер, жоғарыдан және қызыл түстен бастаймыз.
Баланың өз бетінше жұмыстары.
Баланың түстерді қалай таңдайтынына және қағазға қалай сызып салатынына назар аударып, бағыт беру. Балалар жұмыстарын талдау. Талдау барысында тәрбиеші өлең оқиды.
Кемпірқосақ.
Жаңбыр жауып басылды, Аспан шайдай ашылды. Көкте қызыл-жасылды, Кемпірқосақ ашылды.
М.Әлімбаев.

Пәні: Түзету- дамыту №22
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: «Жаңа жылға сыйлығым» Шыршаны безендіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет