Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет3/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
3. Сабақты қорытындылау.
- Отбасы мүшелерін ата.
- Отбасы мүшелері бір - бірімен қалай тұрады?
Тексерілді: ДОІЖО: Байтуреева Н.С.


Пәні: Түзету- дамыту №3
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы:Менің достарым
Мақсаты:1.Менің достарым сөзінің маңыздылығын түсіндіру.
2.Достық,сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейінін дамыту.
3. Сыйластық, татулық туралы түсінігін кеңейту қамқорлық жасауға үйрету.
Көрнекілігі: ертегі суреттері,т.б
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Кіріспе әңгіме.
1. «Достық көмек» дегенді қалай түсінесің?
2. Жүз теңгең болғанша –
Жүз досың болсын!- деген мақалдың мағынасы түсіндіріп берші?!
3.Достық туралы қандай ертегілер мен өлеңдер білесің?
Мысылы: Қарлығаш пен Дәуіт, Дос болайық бәріміз!,Біз өмірдің гүліміз.т.б
Оқушыға «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісі суреттер көрсету арқылы айтылады.
3.Сергіту сәті: Дос болайық бәріміз! әні :
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
4. Өзіндік жұмыс.
«Менің достарым» тақырыбына әңгіме құрастыр. Оқушыға суреттер қөрсетіледі.
5. Сабақты қорытындылау.
Суреттегі кейіпкерлер бір-бірімен қайткенде достаса алады?


Пәні: Түзету- дамыту №4
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы:Мінез-құлық қалыптастыру.
Мақсаты:1Мінез құлық қалыптастыру сөзінің мағынасын ашу және маңыздылығын түсіндіру.
2. Өз мінезін дұрыс қалыптастыруға, жан-жақты жүйелі ойлай білуге дамыту.
3. Оқушыны ортасын дұрыс таңдауға, жақсы мен жаманды айыра білуге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет