Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет7/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Сабақты қортындылау.Қағазбен жұмыс жасау барысындағы баланың талабын ұштап, ұқыпты жұмыс істей білу іскерлігіне машықтандырып, болашақта қағаздан тағы алуан түрлі ойыншықтар жасайтындығын айтып, іс-әрекетке қызығушылығын арттыра түсіп, сабақты аяқтайды.

Тексерілді: ДОІЖО Байтуреева Н.С.

Пәні: Түзету сабағы
Мерзімі:22.10.19
Сыныбы:1 Г
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы:Қозғалыс
Мақсаты:
1.Баланың табиғаттағы қозғалысын кеңейту.
2. есте сақтау қабілеттерін дамыту, қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу
Көрнекіліктері: күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал - мәтелдер жинағы, халық болжамдары жазылған жинақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Қозғалыс тақырыбын өтеміз.
- Балақай, бүгінгі күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік.
Баланың жауаптары:
- Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр.
- Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады.
- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған. Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Тірек сұрақтар:
1. Қазір қай мезгіл?
2. Күз екенін қайдан білдің?
3. Неліктен жомарт күз дейміз?
4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесің?
5. Неліктен күзді жақсы көресің?
6. Күз туралы не білесіңдер?
7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны. Бала серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратады. Үлгі жауап:
- Мынау - қайыңның жапырағы. Түсі сары, пішіні сопақша болып келген.
Дәптермен жұмыс
а) Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.
Элеватор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.
Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.
Қырман - астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.
ә) Бидайдың сабағының суретін салу.
б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет