Сабақтын өтетін орны: Аспаздық зертханасы
Сабақтын әдісі: Топпен жұмыс
Сабақтын түрі: Аралас, әңгіме, бинарлық
Пәнаралық байланыс: Еңбекті қорғау, Тауартану, жабдықтау, калькуляция
Қолданылатын әдебиеттер: Интернет, «Еңбекті қорғау», «Жабдықтау», «Аспазшы» Б.Бисембаев
Көрнекілік құралдар: Нұсқау картасы, суреттер
Құрал жабдықтар: ыдыс- аяқтар, маркіленген пышақтар, тоназытқыш, маркіленген тақтайша, электр еттартқыш т.б
Шикізат: Технологиялық-нұсқау картасы бойынша
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (уақыты 5 мин)
1. Сабақта жоқ студенттерді белгілеу.
2. Студенттердің сыртқы түрін (арнайы киім) тексеру.
3. Техника қауіпсіздік жөнінде нұсқаулар беру.
ІІ. Кіріспе нұсқау: (уақыты 45 мин)
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2. Өткен тақырыпты қайталау.
Сұрақ:
Қой және шошқа еттерінен қандай шала фабрикаттар алады?
Ірі кесекті шала фабрикаттарға не жатады, олардың салмағы қандай?
Сыбыға шала фабрикаттарға не жатады, олардың салмағы қандай?
Ұсақ кесекті шала фабрикаттарға не жатады, олардың салмағы қандай?
« Астан кестен » лездік тапсырмасы
ҚЫАУСБАР БАУЫРСАҚ
НӘТМІ МӘНТІ
ҚЛАБЙҚАМА БАЛҚАЙМАҚ
ЖҰҚЫШ ШҰЖЫҚ
РОСАП СОРПА
ШАҚРМЕБАБ БЕШБАРМАҚ
ДАҚҚУЫР ҚУЫРДАҚ
МАҚБАРБЕС БЕСБАРМАҚ
Жаңа тақырыптың мазмұны (қысқаша конспект)
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ТҮРЛЕРІН БІЛІП ЖҮРЕЙІК! Қазақ халқының дәстүрлі тағамдану жүйесі қоршаған экологиялық жүйемен және шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Сондықтан қазақтың әрбір дәстүрлі тағамы денсаулыққа қажетті құндылық бола отырып, пайдасының зор екенін білеміз. Бұл ғылыми тұрғыдан да әлдеқашан дәлелденіп қойған. Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Бұл тағам түрлерінің емдік, тұрмыстық қасиеттері бар. Назарларыңызға ұлттық тағамның түрлері мен дайындалу әдісін ұсынамыз. Ет тағамдары
Жұмбақ
Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе - бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе - бауыр, қарын/ Қуырдақ./ Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.
Қуырдақ - жаңа сойылған малдың өкпе бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрек етінен, сондай - ақ ішек – қарынан ұсақтап турап әзірлейді. Ол үшін қазанға ішек майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек – қарынды мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15 – 20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.
Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарханға қояды.
Қуырдаққа: 1 кг ет, 500г өкпе, 500г бауыр, 300г жүрек, 200г бүйрек, 300 г құйрық май, 2 бас пияз, 1 шай қасық бұрыш, 1 ас қасық тұз қажет.
Бұл қуырдақ көбінесе жас малдың етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі – етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана қуырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтың бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған.
Жоңқа қуырдақ - тоңазып қатып турған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоққа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырнап жонғанда ет ағаштың жаңқасы сияқты жұп – жұқа болып туралады. Қуырдақтың бұл түрінде суға қайнатпай – ақ майға қуырып әзірлеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |