Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
Х.Қорытындылау
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар. Нені білдіңдер? Нені білгілерің келеді? жазып, смайлик арқылы жапсырамыз.
Х.Қорытындылау. Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ұлттық тағамдармен танысып, ырым - тыйымдарды да білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің ата - ананың айтқандарын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.
Мадақтау қағазымен белсенді оқушыларды марапаттау.
«Сен білесің бе?» Викториналық сайыс
Мақсаты: Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарды бағалауды үйрету. Балалардыңұлттық сана –сезімін ояту, салт – дәстүрден нәр алған иманды, ибалы, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін, ойлау қабілеттерін, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын, танымдық қасиеттерін дамыту.
Білімділік: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Балалардың бойында ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімді ояту, туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Негізгі бөлім: Құрметті балалар! Бүгінгі сайысымыз «Салт- дәстүр» тақырыбында. Біз қазақпыз, біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз. Сондықтан да біз өз ұлтымыздың ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. Салт әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан.
Дәстүр – халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени – тұрмыстық, кәсіптік, салт – сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттің көрінісі. Дәстүр-мәдениеттің белгісі, дәстүр байлығы-мәдениет байлығы. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық.
Олай болса, балалар бүгінгі сайысымыз «Сен білесің бе?» атты викториналық ойыны арқылы өтеді.