Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің құрылысымен таныс. Жүйке жүйесіне нелер жатады? Ақпарат дененің кез келген бөлігінен миға
қалай беріледі? Ал керісінше ше? Бұл байланыс не үшін
қажет? Жүйке жүйесін ми, жұлын және жүйкелер құрайды.
Ми бас сүйегінде, жұлын омыртқаның өзегінде орналасады. Ал жүйкелер бүкіл денені торлап жатады. Олар барлық дене мүшелерін жұлынмен және мимен байланыстырады. Адамның жүйке жүйесі ағзаның барлық мүшелерінің
қызметін реттейді және олардың бір-бірімен үйлесімді
жұмыс істеуін басқарады. Жүректің соғуы, аяқ-қол
сүйектерінің қозғалысқа келуі, астың қорытылуы, тыныс
алу сияқты әрекеттердің барлығы жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Адамның сыртқы орта әсерлеріне жауап қайтаруын да жүйке жүйесі қамтамасыз етеді. Мысалы, ыстық заттан қолды тартып алу, қауіпті сезіп, қорғану әрекеттерін жүйке жүйесі орындайды. Бұл қалай
жүреді? Айталық, ыстық затқа қол тигізгенде, саусақ
ұшындағы жүйкелер жұлынға, жұлын миға хабар береді. Ми келген ақпаратты өңдеп, қайтадан жұлынға, жұлын жүйкелерге жауап береді. Жүйкелер ақпаратты мүшелерге таратып, соған сәйкес әрекет жасалады.
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары(ұжымда)
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
Форматив
ті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|