Сабақтың мақсаты: 1.Қашықтау жылдамдығы деген түсінікті қалыптастыру,сәйкес есептер шығару. 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Типі:жаңа сабақ.. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық.
Көрнекілігі: кестелер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу
Сабаққа назарларын аудару. -Мен сабақта,мектептемін. Менің зейінім тұрақты, мен жақсы ойлап отырмын. II. Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.
III. Жаңа сабақ.Өткен сабаққа ұқсас түсіндіріледі.
Қарама-қарсы 2 жаққа қарай бір нүктеден басталуы мүмкін,2 нысанның бірінен-бірі белгілі бір қашықтықта болуы мүмкін әртүрлі бағыттағы есептер қарастырылады.
Суретке назар аудар.
Автокөліктер бірінен бірі қарама –қарсы бағытқа қашықтып барады.Ережені қорыту.
Біріне-бірі қарама-қарсыбағытқа қозғалыс кезінде қашықтау жылдамдығы Жылдамдықтардың қосындысына тең. 60+40=100км/сағ.-автокөліктердің бірінен-бірі қашықтау жылдамдығы. Неше сағаттан кейін автокөліктердің арасындағы қашықтық 300 км-ге тең болатынын табу үшін, осы арақашықтықты автокөліктердің бірінен-бірі қашықтау жылдамдығына бөлу керек. Оқулықпен жұмыс. №2 оқушылармен бірлесе отырып орындау. Тиімді тәсілді анықтау. №3 Сызбаға қарай отырып, сүрақтарға жауап беру.
-Автокөліктердің жақындау жылдамдығы қандай? -Автокөліктер неше сағаттан кейін кездеседі?
IV. Бекіту.№ 7,№ 8 орындау. №8. 1 тәсіл: теңдеу құрастыру( х + 110) : 2 = 16
2-тәсіл: 16 ∙ 2 = 32 32 – 11 = 21 – 11
V. Сабақты қорытындылау.
-Нені үйрендік? -Қашықтау жылдамдығы дегенді қалай түсіндің?
VI. Үйге тапсырма .№5,№6. 134 бет Бағалау.
Тақырыбы: : Екі дененің бір-біріне қарама-қарсыекі жаққа бағытталған қозғалыстарға есептер шығару..