Тақырыбы: Бөлшектер мен үлестер.Олардың жазылуы. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды бөлшек ұғымымен,үлестердің жазылуымен таныстыру.
2. Математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Типі:жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..
Көрнекілігі: кестелер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу
Сабаққа назарларын аудару.Шаттық шеңберін құру. Күн жарығын алақанға саламын.
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
II . Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру №1 көрнекіліктерді қолдана отырып түсіндіру
-Тіктөртбұрыштар неше тең бөлікке бөлінген? -Қанша бөлігі боялған?
-Тәрелкеге тең төрт бөлікке бөлінген алманың 2бөлігі салынды.Демек,тәрелкеге 4/2 алма салынды. 4/2 - мұндай жазба бөлшек деп аталады. Бөлшек сызығының астында жазылған сан – бөлшектің бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Бөлшек сызығының үстінде жазылған сан- бөлшектің алымы. Ол неше бөліктің алынғанын көрсетеді. 5 : 2, 8 : 6, 9 : 4, 12 : 1 бөлімін, алымын анықтау. Ә. Үлгі бойынша бөлшектер жазу.
№2 Есептерді талдау,шығару №3. Бос орындарға теңдіктер тура болатындай сандар қой.
№4.Есептің сызбасын толықтыр. №5 Ауызша жарыстыру Кім тапқыр? Сергіту сәті
V. Сабақты қорытындылау. №7, №8 орындау.
Логикалық есеп сызбаның көмегімен шығарылады.
-Бүгін қандай ұғыммен таныстық?
VI. Үйге тапсырма: №6 143 бет.
Бағалау.
Тақырыбы: Жұмыс. Өнімділік. Уақыт. Сабақтың мақсаты: 1.Жұмыс, өнімділік, уақыт түсініктерін енгізу,өнімділікке берілген есептердің жаңа түрімен таныстыру,бөлшек туралы білімдерін бекіту.
2. Математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;