Маңдай уықтар
Қанат саны онша кҿп емес үйлердің есігі керегеден биік
болады. Соған байланысты маңдайшаға қарының ұзындығы басқа
уықтармен бірдей, бірақ иіні қысқалау уықтар қадалады. Ол уықтар
“маңдай уықтар” деп аталады. Маңдай уықтар саны 5
-
7 жобасында
болады.
Кереге
Қазақ киіз үйінің негізі кереге саны немесе үйдің қанатының
саны. Үй керек кісі үйшіге сұраныс жасап, мысалы: “Маған жеті қанат
үй керек” дейді. Үйші үй қанатының санына қарай киіз үй сүйегінің
басқа ҿлшемдерін анықтайды.
Зерттеушілер киіз үйде 30 қанатқа дейін кереге болуы мүмкін
екендіктерін (Ҽ.Марғұлан, “Казахская юрта и ее убранство”, Москва
1964., С.Қасиманов, “Ағаштан түйін түйген”, Қазақ ҽдебиеті 1993, 2
41
кҿкек) жазады. Кереге басының саны, жайылған кереге ұзындығы
туралы да кереғар пікірлер кездеседі. Бір авторлар кереге басы 15
болады десе (57) екіншілері 20
-
22 ге жеткізіп жатады (71).
Жайылған кереге ұзындығы туралы да ҽртүрлі пікірлер бар. Жалпы
жобасы 2 метрден 3 метрге дейінгі жобаны кҿрсетеді. Үй қанаты
кҿбейген сайын керегеде биіктей түседі. Т.Арынов “Киіз үй” атты
мақаласында (Сарыарқа 20 желтоқсан 1991 ж.) киіз үй керегесінің
биіктігі 1,5 метрден аспайды деген жаңсақ пікір келтірген.
Киіз үй керегесінің саны туралы Алдан Смайыл “Қазақтың киіз
үйі” (Астана ақшамы, 7 қыркүйек 1999 ж.) мақаласында “Монгол
халық республикасының академигі Пинген кереге саны жиырмадан
жиырма беске дейін жететін, 500 адам сыйған киіз үйді кҿргенін
айтады. Бұл Монголияның соңғы ханы Наран Герелттің салтанатты
үйі болса керек. Ал ескі аңыздарға сенсек, 75, тіпті 85 керегеден
тұратын киіз үйлер кездесіпті...” делінеді.
Қазақ киіз үйі туралы ҽңгіме қозғаған адам ҽр кез кҿз алдына
жұмыртқадай аппақ, еңселі күмбезді, кҿз үйренген, кҿкірекке жылы,
жаныңа жақын, менің ұям болса дейтіндей үйді елестетуі қажет
емес пе?
Ҽрине, керегені бір
-
біріне таңғыш құрлармен жалғастыра
беруге болар. 85
-
ін емес 185 керегені де жалғастырып, қалқитып
қоюға адам еңбек ете алады. Бірақ ол не үшін?.. Біріншіден ол
керегелерден киіз үй шықпайды. Тҿбесі жабылмайтын қора
жасалады. Киіз үйдің ең күрделі мҽселесі –
уық ұзындығы. Отыз
қанатты үйге 12 метрлік уық қажет болатын болса, 85 қанатты үйге
30 метрлік уық қажет болатын болар?.. Оны қандай ағаштан
жасайды, оны кім кҿтере алады?..
Біздің зерттеуіміздің нҽтижесі алты, жеті қанатты керегелердің
кҿпшілігі 17, 18 басты болып, жайылғандағы ұзындығы 2,9 метрден
3 метрге дейін жететінін кҿрсетті.
Кереге конструцкциялық элемент ретiнде киiз үйдiң
орнықтылығын қамтамасыз етедi жҽне киiз үйдiң барлық салмағын
кҿтерiп
тұрады. Керегелер кҿзiнiң тар, кеңдiгiне байланысты тор кҿз,
жел кҿз болып бҿлiнедi. Кҿп қанатты үйлер тек қана тор кҿз
керегелерден жасақталады.
Керегелер сегмент формасына келтiрiлiп жасалынады да, киiз
үйге дҿңгелек түр бередi
.
Кереге басы шалқақтау
жасалады.
Кереге мен уықты жасау үшiн мол сулы жерлерде ҿсетiн тал
(қарағай, сҽмбi тал...) шыбықтары мен бұтақтарын кептiрiп, содан
соң морлап (ыссы түтінге жҽне от қоламтасына салып жiбiтiп),
42
содан соң киiз үйдiң сүйегiне пайдаланылатын бұйымына сҽйкес
форма берiп суытады, қатырады...
Кереге сағаналары түйенің не сиырдың мойын терісінен
жасалған иленбеген кҿннен дайындалған таспалармен бір
-
біріне
бекітіледі. Оны керегенің кҿгі деп атайды. Сағаналардың екі
шаршысына кҿк ҿткізіледі де келесі қатары бос қалады. Оны “азат”
деп атайды.
Кереге құрайтын ҽрбір ағаш бағытын “желі” дейді. Желінің ең
ұзыны “еріс” деп, қысқалауын “балашық”, ал ең кішісін “сағанақ” деп
атайды.
Керегенің басына күміс шегелер қағып, сүйектеп сҽндейтін
болған.
Кереге сҿзінің мағынасын жайылатын, керілетін деген
түсініктен шыққан болар деп жобалауға болар.
Қазақстанда соңғы кезеңдердегі экологиялық ҿзгерістер
ҽсерінен бұлақтар, кішігірім ҿзендердің тартылуына байланысты
киіз үй сүйегін жасайтын ағаш ҿсетін жерлер жойылып кетуге
айналды. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы
басын
Қарқаралы тауынан алатын Тоқырауын ҿзенінің бойында
жаратылыс ҽдейі киіз үй сүйегін жасауға жаратқандай тал ҿсетін
жер бар
.
Кереге қоспасы
Қоспа кҿбіне тҿрт, бес қанатты үйлерді аз да болса кеңіту
мақсатында, екі кереге ортасына жалғанатын, ені шаңырақтың бір
ҿлшеміне тең қосымша.
Есік
Киіз үй есігі екеу: біріншісі маңдайша, табалдырық, босаға,
сықырлауықтардан тұрады да (биіктігі 190 см., ені 130 см
жобасында болады), екіншісі тоқылған шиден жасалатын, сырты
киізбен қапталатын есік.
Маңдайша
Сҽулет
ҿнерінде
ғимраттың
порталь
деп
аталатын
архитектуралық конструкция міндетін атқарып тұрған, үйдің негізгі
қасбетін (фасад) басқа жақтарынан ерекшелеп тұратын киіз үйдің
(кҿрікті тас ғимраттардың) бір мүшесі. Маңдайша киіз үй
керегелерінің жоғарғы бастарын тұтас конструкцияға айналдырады.
Маңдайшаға маңдай уықтар бекітіле босаға мен сықырлауықтың
жоғары бастарын ұстап тұрады. Маңдайшаны оюлап сҽндейді.
43
Табалдырық
Маңдайшаның жердегі кҿшірмесі. Тек қана табалдырықты коп
сҽндемейді, бір түсті бояюмен сырлайды. Табалдырық пен
маңдайшаға кереге тіреліп, жалпақ сҽнді құрлармен бекітіледі.
Шаңырақ секілді, табалдырық та киіз үйдің ерекше қасиетті заты
саналады. Табалдырықты баспайды, табалдырыққа отырмайды.
Табалдырыққа сүрінгенді жақсы ырымға жатқызады.
Босаға
Маңдайша мен табалдырық арасын белгілі қашықтықта ұстап
тұратын, кереге бекітілетін, адамдардың үйге кіріп
-
шығуы үшін
арнайы жасалған, екі жаққа ашылатын есіктің айналмалылығын
(шарнирлігін) қамтамасыз ететін мүшесі.
Сықырлауық
Киіз үй есігінің ағаштан жасалған маңдайша мен табалдырыққа
ергенек арқылы айналмалы (шарнирлі) жалғасатын, екі жарылып
ашылатын есігі.
Киіз үй бітімінің геометриялық, сҽулеттік
үйлесімі
44
Қазақстан байтағында ҽлі күнге қазақ халқының тұрмыстық
қажеттілігіне, ұлттық мақтанышына ҿз ҽлінше
қызмет кҿрсетіп келе
жатырған атадан қалған мұра –
киіз үйлер бар.
Маңғыстау ҿңірінде кҿбірек пайдаланылатын алты, жеті қанат
киіз үйлер сүйегіне жасалған ҿлшеулер мен зерделеуден туындаған
қортындылар киіз үй сүйегін дайындау заңдылықтарын анықтауға
мүмкіндік берді жҽне зерттеу жұмыстарының қортындысы киіз үй
сүйегінің ҿлшемдері бір заңдылыққа бағынатындығын байқатты.
Үйшілер киіз үй сүйегінің барлық ҿлшемдерін кереге саны мен
шаңырақ ҿлшемі арқылы шығаратыны туралы, ҽсіресе, шаңырақ
шеңберінің ұзындығының киіз үй шеңбері ұзындығының үштен бір
бҿлігіне тең болатыны ел аузында айтылатын.
Киіз үй сүйегінің ҿлшемдері туралы кейбір деректерді
Ҽ.Х.Марғұланның “Қазақ киіз үйі жҽне оның жиһаздары” атты
кітабынан табамыз.
Ҽлкей Марғұлан кереге басының бҽріне
де уық шаншылатыны
туралы анық жазған. Демек шаңырақ ҿлшемі кереге санына, кереге
басына тҽуелді. Шаңырақ кҿздерінің арасы 5
-
6 см болатын болса,
керегелер басының санын, немесе уық санын 5
-
6 см санына
кҿбейту арқылы біз шаңырақ шеңберінің ұзындығын оңай анықтай
аламыз.
Сонымен қатар Ҽлкей Марғұлан да шаңырақ шеңберінің
ұзындығының киіз үй шеңбері ұзындығының үштен бір бҿлігіне тең
болатыны туралы дерек келтірген (67, 10 бет).
Шаңырақ ҿлшемі жҽне “А” саны
Киіз үй сүйектерінің тұрақты бір сан арқылы жасалалатыны
туралы айтылды. Біздің зерттеуімізде ол сан “Шаңырақ ҿлшемі”
деп аталып, “А”
ҽрпімен белгіленіп 1 метрге тең деп қабылданды,
ал шаңырақ дҿңгелегінің сыртқы шеңберінің ұзындығы “Ш” ҽрпімен
белгіленді.
Бұл санды (ҿлшемді) үйшілер ҿздерінше ҽртүрлі жобада
қабалдауы мүмкін, мысалы 93 см, 95 сантиметр шамасында.
Шаңырақтарына ҿлшеу жүргізілген бірнеше алты қанат үй
шаңырағының сыртқы шеңберінің ұзындығы 570 см (570:6=95 см)
болып кездессе, бір жеті қанат үй шаңырағының сыртқы шеңберінің
ұзындығы 657
см (657:7=94 см) болып кездесті. Шаңырақ
шеңберінің ұзындығын үйдің қанат санына бҿлгенде тұрақты сан
шығатыны байқалды. Ол сан бір метрге (93
-
95см.) жуық шамаға тең
болып, теориялық есептерге бір метр деп қабылданды.
Сонымен:
Шаңырақ ҿлшемі “А”
=
1 метр.
45
Шаңырақ дҿңгелегінің сыртқы шеңберінің ұзындығы “Ш”
Киіз үй сүйегінің барлық мүшелерінің сандық мҽні шаңырақ
дҿңгелегінің ұзындығы “Ш”
жҽне шаңырақ ҿлшемі “А”
санының
кҿмегі арқылы жасалады. Үйшіге керегі бір сан, ол кереге саны “К”.
Үй жасатушы Үйшіге қанша қанат үй жасатқысы келсе, ол ҿзінің
“А” санын кереге санына кҿбейтіп, шаңырақ шеңберінің ұзындығын
табады.
Ш = КА
(1)
Мысал: тапсырыс берушіге 16 қанат үй керек болса, үйші 16
санын 1 метрге кҿбейтіп шаңырақ шеңберінің ұзындығын табады.
Біздің мысалымызда 16 х 1 = 16 метр.
16 қанат үй шаңырағының диаметрі (С
=
пД); Д
= 16 : 3,14 =
5,09 м.
Киіз үй шеңберінің ұзындығы “С
үй
”
Кереге саны арқылы шаңырақ ҿлшемін, ал шаңырақ ҿлшемі
арқылы үй шеңберінің ұзындығын анықтауға болады дедік.
Оқушыларға түсінікті болу үшін мысалымызды тағы бір пысықтап
ҿтелік.
Мысалы: 16 қанатты үй жасау керек болды делік. 16 санын “А”
мҽніне кҿбейтеміз де, шаңырақ шеңберінің ұзындығын анықтаймыз.
Біздің қабылдауымызда “А” саны 1 метрге тең. Демек, 16 қанатты
киіз үйдің
шаңырақ шеңберінің ұзындығы 16 х 1 = 16 метр.
Қазақ халқының күнделікті тұрмыстық тҽжрибесінде үйдің бел
арқанын ширатқан ҽйелдер оның ұзындығын шаңырақ шеңберінің
ұзындығынан үш есе ұзын етіп ҿлшеп алып, оның үстіне киіз үй
босағасына арқанды байлайтын артықтарын қосып есетіні белгілі.
Демек, екі метрдей артық есілсе 16 қанат киіз үйдің белдеу
арқаны
(16 х 3) + 2 метр
=
50 метр.
Киіз үй шеңберінің ұзындығы шаңырақ шеңберінен үш есе артық.
С
үй
= 3Ш + Т
(2)
Т –
тұрақты сан, киіз үй есігінің ені, 130 см.
16 қанат киіз үй шеңберінің ұзындығы:
С
үй
= (3 х 16) + 1,30
= 49,30 м.
Кереге саны
“К” үй иесінің қалауы бойынша анықталады.
К = Ш:А
(3)
“А” саны бірге тең болған жағдайда кереге саны шаңырақтың
метрлік ҿлшем санына тең болады.
Мысал: Үй иесі шеберге (үйшіге) 16 қанатты үйге сұраныс жасады
делік.
Кереге саны 16.
46
Шебер, шеңберінің ұзындығы 16 метр, шаңырақ дайындауға кіріседі.
Шаңырақ диаметрі: (С
=
пД); Д
= 16 : 3,14 =
5,09 м.
Үй шеңберінің ұзындығы: С
үй
= (3 х 16) + 1,30
=
49,30 м
Осылар арқылы киіз үй сүйегінің қалған мүшелерінің ҿлшемдері
анықталады.
Кереге биіктігі
Жайылған кереге биіктігі (Һ
к
)
шаңырақ шеңберінің ұзындығының
(Ш)
бестен бір бҿлігіне тең.
Һ
кер
= Ш:5
(4)
Шаңырақ шеңберінің ұзындығы 16 м.
Һ
кер
= (16 : 5 = 3,20)
Жайылған кереге ұзындығы (Ж
кер
)
Жайылған кереге ұзындығы үш шаңырақ ҿлшеміне тең.
Ж
кер
=3А.
(5)
Жайылған кереге ұзындығы: Ж
кер
= 3 х 1 = 3 метр.
Жайылған кереге ұзындығын одан ҽрі ұзарту кҿші
-
қон
шаруалырына ыңғайсыздық туғызып, ҽрі кереге сүйегін ауырлатып
жібереді. Тҽжрибе жүзінде алты, жеті қанатты киіз үй керегелері
290-
295 сантиметр шамасында болады.
Уық иінінің бұрышы
Зерттеу тҽжрибелерінің нҽтижесінде уық пен еден жазықтығының
арасындағы бұрыш 45 градусқа жуық екені байқалды
.
Кейбір зерттеу жұмыстарында бұл бұрышты 60 градусқа, 72
градусқа тең деген қате пікірлер кездеседі. Ол бұрыш 45 градустан
үлкен болса үй тым шошайып, сҽнсіз болып кҿрінер еді. Ал
бұрышты сол мҿлшерден азайту шық
-
шылау, жаңбырлы кездерде
үйге тамшы таму мүмкіндігін кҿбейтеді.
Уық ұзындығы “У
ұ
”
Уық ұзындығы (16 қанатты киіз үй ҿлшемдері атты .... беттегі
суретте кҿрсетілген) тең қабырғалы тік бұрышты үшбұрыштың
гипетенузасы ретінде анықталады. Р
үй
–
үй радиусы. Р
шаң
–
шаңырақ
радиусы.
У
х
У = 2(Р
үй
-
Р
шаң
)(Р
үй
-
Р
ш
) (7)
Мысал: 16 қанатты киіз үй уығының ұзындығын табалық.
Қанат саны –
16.
Шаңырақ шеңберінің ұзындығы Ш = 16 метр.
Шаңырақ диаметрі (С = пД
ш
); Д
ш
= 16 : 3,14 = 5,09 метр.
47
Шаңырақ радиусы (Р
ш)
Р
ш
= 5,09 : 2 = 2,55.
Киіз үй шеңберінің ұзындығы С
үй
= 3Ш + Т = (3 х 16) + 1,30 = 49,30
м.
Киіз үй диаметрі Д
ш
= 49,30 : 3,14 = 15,70 метр.
Киіз үй радиусі
Р
үй
= 15,70 : 2 = 7,85 метр.
Уық ұзындығы:: УхУ = 2(Р
үй
-
Р
шаң
)(Р
үй
-
Р
ш
)
УхУ = 2(7,85 –
2,55)(7,85
–
2,55)
= 2(5,30 х 5,30) =
56,18.
У = 7,5 метр.
Уық иіні (У
и
)
Уық иіні
“У
и
”
кереге биіктігінің үштен біріне тең.
У
и
=Һ
кер
:3
(8)
16 қанатты киіз үй уығының биіктігі кереге биіктігінің үштен біріне
тең болатын болса: У
и
= 3,2
0 : 3 = 1,07 метр.
Киіз үй биіктігі (Һ
үй
)
Киіз үй биіктігі тҿменде кҿрсетілген формуламен анықталады.
Бұл формуладағы У
и
–
уық иінінің биіктігі, (Р
үй
), (Р
ш
)
үй мен шаңырақ
радиустері.
Һ
үй
= (Һ
кер
+ У
и
) + (Р
үй
-
Р
ш
)
(6)
16 қанатты киіз үй биіктігі
Һ
үй
=
(3,20 + 1,07) + (7,85
–
2,55) = 4,27 + 5,30 = 9,57 метр.
Кереге басы
Жайылған кереге ұзындығы 3 метрге тең болғанда бір керегеде
уық байланатын 16
-17-
18 бас болғаны тиімді деп есептеледі.
12 қанатты үй керегесінің басы (12 х 17) = 204 бас.
Уық саны
Керегеге бекітілетін уық саны 204.
Маңдайшаға бекітілетін уық саны 5
-
7. Барлық уық саны 204 + 7 =
211.
Шаңырақ кҿзі:
Шаңырақ кҿзі уық санына тең.
Шаңырақ шеңберінің ұзындығы (12 қанатты үйде) 12метр.
Шаңырақ кҿздерінің арасы 1200: 211 = 5,68 см.
48
Үй мен шаңырақ шеңберінің ұзындығы жҽне кереге мен уық
биіктіктері арқылы киіз үй киіздерінің ҿлшемдерін (үзік, туырлық,
түндік, іргелік)анықтау қиындыққа түспейді.
Жарияланған ғылыми еңбектерде мақалаларда киіз үйдің
қанатының саны туралы сан түрлі пікірлер айтылады. Сол мҽселені
тҽжрибе тұрғысында қарастырып, киіз үй қанша қанатты бола
алады деген сұраққа жауап беруге тырысып кҿрелік.
Ҽлкей Марғұлан (“Казахская юрта и ее убранство” Москва, 1964)
қазақтардың 30 қанатты хан ордаларын жасағынды туралы
жазады
.
Осы бастаудан алынған, қазақтардың отыз қанатты үй
тіккендіктері туралы дҽлелденбеген деректер басқа да авторлар
еңбегінде кездесіп жүр.
Қазақтар отыз қанатты үй тіккен бе?
Отыз қанатты үй жел ҿтіне шыдай ала ма?
Кҿшпелі елге отыз қанатты киіз үй тігу
қажет пе?
Бұл сұрақтарға жауап бермес бұрын ҽуелі тҿрт қанатты, он екі
қанатты, он алты қанатты жҽне 30 қанатты киіз үй сүйектерінің
ҿлшемдерін есептеп шығаралық.
Қанатты киіз үй
4
7
12
16
30
Кереге саны “К”
4
7
12
16
30
Шаңырақ
шеңбер.
ұзын.
“Ш”
4
7
12
16
30
Үй шеңбер. ұзындығы
“С
үй
”
13,3
22,3
37,3
49,3
91,3
Үй
радиусы
“Р
үй
”
2,12
3,55
5,94
7,85
14,5
4
Шаңырақ
радиусы
“Р
ш
”
0.64
1,11
1,91
2,55
4,78
Кереге
биіктігі
“Һ
кер
”
0,80
1,40
2,40
3,20
6,00
Уық иіні “У
и
”
0,27
0,47
0,80
1,07
2,00
Үй биіктігі “Һ
үй
”
2,52
4,30
7,23
9,58
17,7
6
Достарыңызбен бөлісу: |