Сайын Назарбекұлы Қазақтың киіз үйі



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата12.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#3954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

    


Кҿшпелiлер  үшiн,  ҽсiресе  қазақ  елi  үшiн  осыдан  аз  Қана 

жылдар  бұрынырақ  киiз  үй  маңызын  дҽлелдеп  жатудың  қажетi  жоқ 

едi.  Ал  ендi  бұ  заманда  киiз  үйде  тумақ  түгiл  киiз  үйдi  кҿрмеген 

ұрпақтар ҿмiрге келдi, келiп жатыр жҽне келе де бермек. 

 

 

Ҽлемдiк техникалық революция



 

тегеурiнi мен оның жетiстiктерi 

кҽзiргi заманға тиiмдiлiк кҿзқарасымен қарағанда даму процесiнiң бұ 

кезеңiнде  қазақ  елiнде  киiз  үйдi  пайдаланудың  тиiмсiздiк 

кҿрсеткiштерiн алға тартады. Сол кҿрсеткiштердi мойындау –

  

қазақ 



 

13 


халқының  сан  мыңдаған  жылдарғы  рухани  сұраныстарымен 

санаспау,  ал  ол  болса,  қазақтың  киiз  үйiн  жер  бетiнен  жоқ  етiп 

жiберуiне  жеткiзгелi  отыр.  Оның  алғашқы  сатысы  ретiнде  киiз  үй  

сүйегiн  дайындайтын  шеберлер  мен  шеберханалардың  жойылып 

кетуi процесi басталды, басталған жоқ, аяқталуға таяу қалды. Ендiгі 

жерде  киiз  үй  туралы  қазақ  бабаларымыздың  пайдаланған  сҿздерi 

де бiрте бiрте ауызға түспек түгiл жадымыздан жай таппайтын ретi 

бар.  Бiздiң  ұрпақ  бара

-

бара  “қазақ  киiз  үйде  тұрыпты”  дегенге



 

арланар кезеңге бет түзеп келе жатырған секiлдi. 

 

 

Бiз дҽлел келтiрген 2000 жылда да, оның арғы жағындағы сан 



мыңдаған  жылдар  бойы  да  ата

-

бабамыздың  негiзгi  баспанасы 



болған киiз үй “мен қазақпын” дейтiн ҽрбiр қазақ үшiн қасиеттi дүние 

екенiн дҽлелдеп жатудың қажеттiлiгi жоқ деп ойлаймыз. 

 

 

Қазақтар ҿздерiнiң жаратылыспен қатар ҿмiр сүруден жинаған 



тҽжiрибелерiнiң  негiзiнде  киiз  үйiн,  барлық  жаҚынан  да, 

(архитектуралық,  экономикалық,  ұлттық)  ҽлемде  теңдесi  жоқ 

туынды  ете  алып  едi.  Бiрақ,  бiздердiң,  21  ғасырда  тiршiлiк  ететiн 

қазақ  ұрпақтарының  алдынан  жаңа

 

сұрақтар  пайда  болып,  жаңа 



мiндеттер туындайтын реттерi бар секiлдi. Қазаққа киіз үй керек пе 

деген сұраққа тіреліп қалғандаймыз.

 

 

Барлық халық та, тіпті жабайылар да дүниежүзілік мҽдениетке, 



жаратылыс  тану  ғылымына  ҿз  үлестерін  қосады.  Қазақ  халқының 

сол


 

дүниежүзілік  қорға  қосқандарының  ішіндегі  ең  қомақты 

еңбектерінің бірі ҿзінің киіз үйі еді. Олай болса киіз үйді сақтап қалу 

ол тек қана қазақтарға етілетін еңбек емес, ол дүниежүзілік мҽселе. 

Ол  тек  қана  қазақтар  еңбегінің  жемісі  емес.  Ол  дүниежүзілік 

эволюция қортындысы.

 

 

Сондықтан 



біздер, 

қазақтар, 

киіз 

үйдің 


қажетсіздігін 

мойындамас  бұрын  ҿзімізге  бірнеше  сұрақтар  қойып  жҽне  сол 

сұрақтарға жауап іздестіріп қарауға міндеттіміз.

 

 



Бiздiң  алдымыздағы  негiзгi  сұрақ  –

 

ата



-

бабаларымызға  Ұлы 

жаратылыс  сыйға  тартқан,  ата

-

аналарымызға  пана  болған, 



үлесiмiзге тиген жеке дара еншiмiздi, осы тамаша кҿркiмен болашақ 

ұрпағымызға  мұра  ете  аламыз  ба?..  Тырыстық  делік.    Олай  болса 

бұл  сұрақтарға  жауап  iздегендердiң,  киіз  үйді  келешек  ұрпақтарға 

мұра  ретінде  жеткізбек  болғандардың  мойнына  артылар  бiрнеше 

мiндеттер туындайды.

 

 



 

Бiрiншiден,

 

кезiнде  дүниежүзi  саяхатшыларының  таңдайын 



қақтырып,  бабаларымыздың  басын  игiзген  қасиеттi  киiз  үйдiң  қазақ 

халқы  үшiн  қаншалықты  маңызы  бар  екенiн  ұрпағымыздың 

болмысына сiңiру. 

 

Бұл  мҽселе  қалай  іске  асады  десек,  ол  тек  қана  насихат 



қуатын күшейту арқылы іске аспақ; екiншiден,

 

бiздердi, қазақтарды, 



 

14 


не  қилы  замандардан  аман

-

есен  осы    ғасырға,  осы  заманға 



жеткiзген,  баспанамыз  бола  алған  киiз  үйiмiз  туралы  жазба 

деректердi  толықтырып,  мұражайларды  киiз  үй  үлгiлерiмен 

қамтамасыз  ету.  Бұл  міндет  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру 

арқылы,  қолда  бар  нҽрселерді  жинақтау  арқылы  іске  аспақ; 

үшiншiден,

 

кҽзiргi  заман  сұраныстарын  зерттей  отырып,  қазақ  киiз 



үйiн  киіз  үй  түрінде  пайдалану  жолын  iздеу,  нарық  заңдылығына 

бейiм  шешiмдер  табу,  соның  арқасында  қазақ  киiз  үйiн  жҽне 

конструкциясы  сол  пошымда  жасалған  киiз  үй  секiлдi  жайлардың 

қолданылу  аясын  кеңейту.  Бұл  міндет  киіз  үй  жасайтын  цехтарға 

кҿмек  кҿрсету,  жобалау  институттарында  киіз  үй  архитектурасын 

қаланы 


безендіру 

барысында, 

ғимараттарды, 

шағын 


архитектуралық  формаларды  жасақтауда  пайдалану  арқылы  іске 

аспақ. 


 

 

Кҿшпендi  болғаныңа  ұялатын  заман  ҿттi.  Ендiгi  ұрпақтарды 



ата

-

бабаларының  кҿшпендi  болғанына  мақтаныш  тұтарлық 



шындыққа жеткiзу қажет.

 

 



Бiздiң  пайымдауымыз  бойынша  адам  баласының  ақылы 

жеткен 


барлық 

табиғат 


құпияларының, 

ашқан 


барлық 

жаңалықтарының  басында  кҿшпендiлердiң  жаратылыс  туралы 

тҽжірибесi  мен  танымы  жатыр.  Бiздiң  бұл  болжамымызға  бiр 

кездерде  оқымыстылар  мен  ғалымдардың  да  кҿздерi  жетер  деп 

ойлаймыз.  Солардың  iшiнде  киiз  үй  орны  ерекше.  Оны  заманы 

ҿткен нҽрсе  ретiнде  тiршiлiк  атты  үйiрiмнiң  айналымынан шығарып 

тастау  үлкен  бiлместiк  болар  едi.  Киiз  үйiнен  айрылған  қазақ 

қазақтық болмысынан да аулақтай бастары сҿзсiз. Ол жалпы адам 

баласына  да  пайда  бермес

анық.  Сондықтан  да  кҽз



i

рг



заман 

талабы  мен  батыстанған  ұрпақ  санасын  ескере  отырып,  ки

i

з  үйд


i

ң 

кҽз



i

рг



заманға сҽйкест

i

г



i

н табу, қала тұрмысында пайдалану сек

i

лд



i

зг

i



л

i

кт



i  i

стерд


i

ң  аясын  кеңейту  тек  қана 

i

скерлерд


i

ң  емес,  қала 

сҽулетш

i

лер



мен    мемлекет  басшыларының  да  алдындағы 

маңызды шаруа.... 

 

 



Ки

i

з  үй  туралы  жазылған  беттер  мен  ет



i

лген  еңбектерд

i

ң, 


қазақтар  үш

i

н,  б



i

р  кездег

шумерлер  (олар  да  кҿшпенд



тайпалар 

ұрпағы)  жазған  “саз  к

i

таптар”  сек



i

лд

i



,    енд

5000  жылдан  кей



i

н  де 


бағасын жоймасы анық...

 

 

Қазақ халқы –

 

ҿз



i

н

i



ң күдел

i

кт



тұрмысы мен т

i

рш

i



л

i

г



i

нде, ҿнер

мен  кҽс


i

б

i



нде  отырықшы  елдер  түг

i

л  ҿздер



i

ндей  кҿшпел

бауырларына  да  ұқсамайтын,  тек  қана  ҿздер



i

не  тҽн,  кҿптеген 

ерекшел

i

ктер  қалыптастырған  ел.    Жүздеген  жыл  бойы  үй



i

р

i



нен 

адасқан  бауырларымыз  тек  қана  қазаққа  тҽн  қасииеттер

i

н  аман 


сақтағандығының  арқасында,  б

i

р



-

б

i



р

i

н  тосырқамай,  жатырқамай 



 

15 


қайта  табысып  жатады.  Оған  нег

i

зг



себеп  –


 

олар  нағыз  қазақтар, 

қазақтық болмысын сақтағандар еді.

 

 



Ғалымдар  болжауынан  қазақ  халқы  атты  алып  бҽйтерекке 

тамыр болып жатқан ҽр

i

с



сақ, ғұн, скиф, бер

i

с



арғын, үйс

i

н, алшын, 



жалайыр,  қаңлы,  адай,  мерк

i

т,  найман,  қыпшақ,  керей,  бер



i

ш  тағы 


солар  сек

i

лд



кҿптеген  тайпалар  жасы  б

i

зд

i



ң  жыл  санауымыздың 

арғы  жағындағы  5000  жылдыққа  алып  кетсе,  жартастағы  таңбалар 

мен  құлпытастардағы  еск

түр



i

к  жазуларының  словян  ҽл

i

ппес


i

нен 


1500  жасқа,  грузин,  армян  жазуларынан  1000  жасқа  қартаңдау 

екен


i

н  дҽлелдеп  берд

i

.  Бұл  тек  қана  мойындалған,  дҽлелденген 



ақиқаттар.  Болашақтың  енш

i

с



i

нде  ашылуға,  дҽлелденуге  ти

i

с, 


дүниежүз

елдер



танысуға,  бұлтартпас  айғақтардың  арқасында 

ер

i

кс



i

з  мойындауға  ти

i

с  қаншама  кҿшпенд



елдерд


i

ң  бұ  т


i

рл

i



кке 

қосқан үлес

бар десеңш



i

. Солардың б

i

р



 

қазақтың ки



i

з үй


i. 

 

Қазақ халқының алғашқы баспана еткен жер асты үңг



i

рлер


i

н

i



ң 

пошымдары  (формалары)  ҿздер

i

н

i



ң  ки

i

з  үй



i

н

i



ң  болмысына  сҽйкес 

екенд


i

г

i



, дҽл

i

рек айтқанда ки



i

з үйлер


i

н

i



ң бар адам баласының алғаш 

баспана  еткен  үңг

i

рлер  үлг



i

с

i



нен  алынғандығы  байқалады.  Соған 

қарағанда қазақ ки

i

з үй


i

н

i



ң жасын жобалап айтудың ҿз

мүмк



i

н емес 


сек

i

лд



i.  

Қазақтар  ұлттардың  адам  баласының  ҿркендеуіне  қосқан 

үлестері  туралы  басқалардан  ұялмай  ҽңгіме  ете  алатын  халық. 

Жылқы малын жуасытып м

i

н

i



п, ҿг

i

з жеккен арбаларының үст



i

не ки


i

з 

үй т



i

ккел


i

, қытай тауларынан Қап тауына (Кавказ) дей

i

нг



аралықты 

мекен ет


i

п,

 



ен даланы мал мен жанға толтырып, бақытты ҿм

i

р кеше 



жүріп талай істі тындырғандығы белгілі болып жатыр. 

 

 



Қазақ  халқы  саны  жағынан  да  ешк

i

мнен  кем  түспеген  ел  ед



i. 

1897 жылғы санақ бойынша  4084 мыңға жетсе, орыс револиюциясы 

қарсаңында,  саны  азайған  шағында  6  миллион  адамнан  асқан  

болатын    (бұл  санақтардың  кез

i

нде  қазақ  халқын  толық  қамти 



алмауы да мүмк

i

н). 



 

 

Жиырмасыншы ғасырдың б



i

р

i



нш

ширег



i

нде 3 миллион шаршы 

шақырым  жерд

иемденген  қазақтар  б



i

р  шақырым  шаршы  жерге  2 

адам  жобасында  келген.  Дүниежүз

i

л



i

к  тығыз  орналасқан  елдерд

i

ң 

кҿрсетк



i

ш

i



мен  салыстырғанда  б

i

р  шаршы  шақырымға  ек



адам 


қаншалықты  аз  болып  кҿр

i

нген



i

мен  қазақтың  иес

i

з  қалған,  адам 



қоныстанбаған  б

i

р  шаршы  да  жер



жоқ  болатын.  Мал  қонысының 

жайына  қарай,  жер  отының  ыңғайына  байланысты,  олар

 

ұлан



-

байтақ қонысын “тұяқ тест

i

” етпей, аздырмай



-

тоздырмай пайдалана 

б

i

лген.  Ҿзен  мен  кҿл  суларын  жағалай,  тау  етектер



мен  орман

-

тоғай  маңайын  қоныстанған  отырықшы  бҿл



i

г

i



нен,  қалалық 

тұрғындарынан  басқалары  жыл  он  ек

ай  кҿшпел



ҿм

i



р  кешкен. 

Кҿшпел


қазақтарды  жаздың  ыстығы,  қыстың  суығынан,  жаңбыры 



 

16 


мен қарлы боранынан, шаңды жел

мен ыссы аптабынан қорғайтын 



жалғыз панасы –

 

ки



i

з үй


ед

i.  



Кҿшпелiлер кiмдер едi дегенде ойға оралар, кҿзге елестер екi

-

ақ  нҽрсе:  қазақтың  киiз  үйлерiнен  тұратын  ауылы  (кҿшпелiлер 



қаласы) мен дала толы мыңғырған тҿрт түлiк мал. Ҽрине, соларды 

ҿсiре  бiлген,  баға  бiлген,  күте  алған,  сҽндей  алан  қазақтардың 

ҿздерi.  Қазақ  халқы  сан  мың  ұрпақ  ҿсiрдi,  ұлы  халық  қатарына 

қосылды.  Ұлы

-

Ұлы  империялар  құруға  қатысты.  Осы  киiз  үйлердi 



жанына  жайлы,  кҿзiне  кҿрiктi  ету  мақсатында  талай

-

талай  ҿнер 



туындыларын ҿмiрге ҽкелдi...

 

 



“Қазақ  даласында  қанша  киіз  үй  тігілді  екен?”  деген  сұраққа 

В.Козловтың  1983  жылы  Москвада  жарық  кҿрген  “СССР  ұлттары”

          

атты кітабының деректері нақты жауап бере

 

алады.


 

1897 


               1939               

(халық санақтарының қортындысы, млн. адам).

 

                   



(+) ҿскен         (–) кеміген

 

Қазақтар            4,084          



 

2,300             

–1,80  есе

 

Ҿзбектер           0,726                   3,900        



     +5,37        

Тҽжіктер           0,350                    0,900            +2,57       

 

Түркімендер     0,281                    0,760            +2,70       



 

Қырғыздар       0,201                     0,750           +3,73  

 

 

 



Бір киіз үйде, орта есеппен, бес адамнан тұрды деп есептесек 

1897 жылы 4084000:5=817000 киіз үй, 1939 жылы 500000 жуық киіз 

үй  болған.  Ҿткен  ғасыр  басында  қазақтар  саны  алты  миллионнан 

асқаны  белгілі.  Сонда  біздің  ҽлгі  есебіміз  бойынша  қазақтың  Ұлы 

Даласында 1

-

1,5 миллион киіз үйлер тігулі тұрған болар деген ойға 



берілеміз.  Жыл  сайын  қаншама  отаулар  бҿлініп  шығып  жатты, 

оларға  қаншама  үй  дайындау  керек  болды.  Ел  сұранысын 

қамтамасыз  ету  үшін  ҿндірістік  негізде  құрылған  ҿндіріс 

орындарының  қажет  екені түсінікті. Ҽрине, соншама үйді  дайындау 

үшін үйшілердің ҿздері білетін, кҽзір ұмытылған тұрақты ҿлшемдері, 

киіз  сүйектерінің  бір

-

біріне  қатынас  сандары  болғаны  сҿзсіз.  Сол 



ҿлшемдерден,  сол  қатынас  сандардан  ел  есінде  қалғаны  шаңырақ 

шеңберінің  ұзындығы  мен  киіз  үй  шеңберінің  ұзындығының

  1:3 

қатынаста екендігі. Осы санды негізге ала отырып, кҿптеген зерттеу 



нҽтижелерінде,  киіз  үй  сүйегін  дайындау  барысында  үйшілер 

(шеберлер)  киіз  үй  сүйегін  қалай  дайындады  деген  сұраққа  жауап 

іздедік.  Зерттеу,  зерделеу  нҽтижесінде  киіз  үйдің  ҽр  сүйегінің 

сандық  мҽні  кереге  саны  мен  шаңырақ  ҿлшемдеріне  бағынышты 

екені байқалды.

 


 

17 


 

Кейбір жағдайларда кереге биіктетіліп, уық иіні соның есебінен 

қысқартылатынына  кҿз  жетті.  Бірақ  киіз  үйдің  сҽулеттік  пішіні  

ҿзгертілмеген қалыпта қалады.

 

 

Киіз  үйдің  классикалық  түрін,  кҿзге  сҽнді  кҿрінер  формасын 



сақтай  отырып  сүйектерінің  ҿлшемдерін  зерттегенде  аз  қанатты 

үйлердің адам бойына ыңғайлап 4, 5, 6 қанат үйлер керегелерін сҽл 

биіктетіп, уықтарын сҽл қысқартты ма екен деген ойға жетектейді.

 

 



 

Мақтануға  тұрарлық  бір  құбылыс  қазақ  киіз  үйінің  сҽндік, 

архитектуралық  формасының  тұрақтылығы.  Сол  тұрақтылықты 

негізге  ала  отырып,  киіз  үй  сүйектерінің  ҿлшемдерін  салыстыру 

арқылы, қазақ киіз үйін дайындау барысында үйшілер пайдаланған 

(халық жадында қалмағанына қарағанда жасырын ұстады ма екен?) 

тұрақты сандар жобасын анықтауға мүмкіндік туды.

 

 

 

 

 

 



 

 

Киіз үй кҿшпелі ҿмір мен ҿнер туындысы



 

 

 



Киіз  үй  қолдан  жасалған  алғашқы  күмбезді  ғимрат.  Адам 

баласының    қолынан  шыққан  барлық  күмбезді  тас  ғимраттар  (жер 

асты  кеуектер  мен  үңгірлерді  есептемегенде)  жас  жағынан  киіз 

үймен таласа алмайды.

 

 

А.Н.Бернштамның  ойынша  күмбез  (купол)  кҿшпелілер 



(қазақтардың  деп  қабылдауға  да  болады)  еншісі.  Күмбезді 

кесенелер қазақ киіз үйінің тасқа ыңғайлы етіп аударған кҿшірмесі.

 

 

Күмбезді  ғираттардың  сан  түрлі  артықшылықтары  бар. 



Сыртынан  сҽнді  кҿрінуі,  ішкі  ауасының  тазалығы  бұндай 

ғимраттарды  ерекше  кҿңіл  бҿлуге,  мҽртебесі  жоғары,  сҽн

-

салтаны 


айрықша үйлерді салуға пайдалануға итермеледі.

 

 



Қазақ  ауылы  жарты  шеңбер,  немесе  жарты  ай  пішінінде 

орналасады.  Бірге  кҿшіп  жүрген  ауылдардың  сол  шеңбер  бойында 

ҿз орыны болады. Ҽркімнің кҿршісі жаңа жұртқа қонбас бұрын анақ 

болады.


 

 

Күмбез  бен  дҿңгелекті  табиғат  пен  жаратылыс  моделі  деген 



түсінік  пен  қарағанда  алғашқы  боп  арбаны  ойлап  тауып,  оған  бар 

жаратылыс  негізі

 

дҿңгелек  орнатуы,  киіз  үй  жасап,  оны  бүкіл  ҽлем 



моделінен  алынғандай  етіп  жасақтауы  біздің  бабаларымыздың 

 

18 


жалпы  ҽлемдік  жаратылыс  заңдылықтарын  түсіне  білгендігін,  онда 

тіршілік құрудың ең оңтайлы ҽдісін пайдаланғандығын сездіреді.

 

 

...Біздің  эрамызға  дейінгі  107  жылы  (бұдан  2100  жыл  бұрын) 



үйсін  ханына  ұзатылған  қытай  қызы  еліне  (Қытайға)  ҿлең  сҿзбен: 

“Мені  ұзатқан  Үйсін  патшаның  елі  кҿшіп  жүреді  екен.  Дҿңгелек 

үйлерде тұрады екен. Оны киізбен жабады екен –

 

деп хат жазыпты”.



 

 

Қытай  шешеміз  Си



-

гюньнен  1000

 

жылдай  кейін  ҿмір  сүрген 



саяхатшы  Худуд  Ал

-

Алем  ҿзінің  “Ҽлем  шекарасы”  атты  кітабында 



кҿшпелілердің  жазы  да,  қысы  да  ҿздерінің  дҿңгелек  киіз  үйлерінде 

ҿтетінін жазып кеткен. 

 

 

Ал, сол үйсінханшасы Си



-

гюньнен 2000 жыл кейін ҿмір сүрген 

(сол шешеміздің ұрпағы десек те болатын шығар) Сүйінбай қырғыз 

ақыны Қатағанмен айтысқанда:

 

 

...Тіле деді манаптар



 

 

Тілерге кетті ауызым. 



 

 

Бір тілесе Сүйінбай



 

Аз ғана қылып тілей ме...

 

Бір үй берші үстіме –



  

Керегесі күмістен,

 

Уықтары алтыннан,



 

Маңдайшасы гауһартас,

 

Иіліп оған кірерге...



 

Он бес жасар бір қыз бер,

 

Онымен  ойнап  күлерге...  деп,  киіз  үйді  ең  басты  нҽрсе  деп 



түсінеді.

 

 



 

Қазақтың  киіз  үйі  –

   

ҽрбір  шаңырақ  иесінің,  ҽрбір  қазақ 



баласының  қоғамдағы  орнының,  елдегі  беделінің,  тұрмыстағы 

байлығының  кҿрсеткіші  болып  еді  десек  біз  сол  кез  шындығынан 

аулақ кете қоймаспыз.

 

 



Кҿрнекті ғалым, этнограф Ақселеу Сейдімбек ҿзінің “Кіші ҽлем” 

атты  мақаласында  (43,  331  бет)  киіз  үй  тарихы  туралы  бағалы 

деректер келтіреді. Ол “Ҽзірше киіз үй туралы ең кҿне дерек біздің 

заманымыздан  бұрынғы  үш  мыңыншы  жылдардан,  қола  дҽуірінің 

сорабынан  белгі  беріп  отыр.  Мұны  Алтай  тауларындағы,  Сібірдегі 

Баяр  жартасындағы,  Қырымның  жақпар  тастарындағы  суреттерден 

аңғаруға  болады.  Ең  кҿне  заттық  айғақтарды  Алтайдағы  Пазырық 

жҽне  Монғолиядағы  Ноин

-

улин  қорғандарында  сақталған  киіз 



үлгілері  ҽйгілеп  отыр.  Ал  ең  кҿне  жазба  дерек  грек  тарихшысы 

Гередоттың  кҿшпелі  скифтер  туралы  жазбасында  бар.  ...Мҽселен, 

үйсін  гуньмосының  (ханының)  киіз  үй  тігіп  отырғанын  кҿне  қытай 

шежіресінен Н.Я.Бичурин келтіреді. Земархтың жазбаларында арба 

үстіне  тігілген  киіз  үй  сҿз  болады.  Жалпы,  кҿшпелі  ҿмір  салтына 


 

19 


орай алғашқы арба үстіне күйме сияқты біржола орнататын киіз үй 

пайда  болған  сияқты.  Мұндай  арбалы  киіз  үйлер  Плано  Карпини, 

Рубрук,  Ибн

-

Батута  сияқты  саяхатшылардың  жазбаларынан  жиі 



ұшырасады” –

 

деген деректер келтіреді. Біз жазушы



-

ғалымның осы 

еңбегінен ұзынды

-

қысқалы үзінділер келтіруді жҿн кҿрдік...



 

 

...Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі ҽрбір 



бҿлшегі  ҿз  алдына  оқшау  ҿнер  туындысы  бола  тұра,  сол  мың  сан

 

бҿлшек  бір



-

бірімен  мінсіз  үйлескен  шақта  шегіне  жеткен,  ҽбден 

аяқталған ҿнер туындысын құраған...

 

 



...Киіз  үй  кҿшпелілер  үшін  табиғаттай  сұлу,  кеңістіктей 

үйлесімді шағын ҽлем...

 

 

...1253-



55  жылдары  Қазақстан  жерін  басып  ҿткен  француз 

елшісі  Рубруктың  айтуы  бойынша  “кейбір  киіз  үйлерді  тарту  үшін 

арбаға 22 ҿгізге дейін жегіледі екен”...

 

 



...Ачинск тҿңірегінде зерттеу жүргізген археолог Г.А.Абраменко 

басқаратын  экспелиция  палеолит  дҽуіріндегі  адамдардың  тұрағын 

тапқан.  Бұл  тұрақ  тарих  ғылымының  докторы  В.Ларичевтің  пікірі 

бойынша қазақтың киіз үйін елестетеді...

 

 

...Шамамен  тҿртінші  ғасырдың  орта  тұсы  –



 

Шығыс  еуропаға 

ғұндардың  қоныс  аударған  кезі.  Осы  жағдайды  кҿзімен  кҿрген  Рим 

ҽскерінің  жауынгері  Аммиан  Мрацелиннің  айтуынша  “ғұндар 

дембелше келген, кҿсе, аттың арқасынан ҿсіп шыққандай. Олар тек 

ат үстінде соғыс салады, қарулары семсер, садақ жҽне арқан болып 

келеді. Кҿшіп жүреді, егер оты

-

суы мол жерге тұяқтары тисе болды, 



жинамалы дҿңгелек үйлерін тігіп, сол жерде аялдайды. Жердің оты 

сұйылған кезде арбаларын моншақтай тізіп тағы да кҿшеді”...

 

 

...Киіз үйді кҿзімен кҿріп, оған түнеп шыққан сырт жолаушының 



таңданыспен  жазбағаны  жоқ  десе  болғандай.  Мысал  ретінде, 

қытайдың  айтулы  ақыны  Бо  Цзюийдің  (772

-

846  жж.)  “Киіз  үй”  деп 



аталатын  ҿлеңін  белгілі  ақын  Несіпбек  Айтовтың  аударуында 

келтіріп кҿрелік:

 

 

Киізіне жүні кеткен мың қойдың,



 

Шаңырағы қайыңынан күнгейдің.

 

Ҽрі берік, ҽрі ыңғайлы, ҽрі ҽсем,



 

Дей алмаймын ағашына мін қойдым.

 

 

Сайын дала оның мекен



-

тұрағы,


 

Бірде кҿрсең терістікте тұрады.

 

Сарбаздармен бірге кҿшіп сағымдай,



 

Бір қарасаң түстік жақтан шығады.

 

 

Шым жібектен мықты белбеу байлаған,



 

Қозғалта алсын қандай дауыл, қай боран?!

 


 

20 


Кірсең жылы, іші қыз

-

қыз қайнаған,



 

Кҿкжиектей дҿп

-

дҿңгелек айналаң.



 

 

Тауқыметтің тартып едім талайын,



 

Бұл киіз үй болды менің сарайым.

 

Айлы күнгі кҿлеңкесі



-

ай кҿлбеген,

 

Қыста онымен бірге ҿтеді сан айым.



 

 

Туырлықтың сыртын қырау шалса да,



 

Ызғар ҿтпес боран соқсын қаншама.

 

Сҽн


-

салтанат іші кірсең шыққысыз,

 

Кҿрген пенде таңдай қағар тамсана.



 

 

Жыршы тҿрде, бұлбұл құстай сайрайды,



 

Бақсы билеп от басында ойнайды.

 

Балдай қымыз балбыратып денеңді,



 

Алпыс екі тамырыңды бойлайды.

 

 

Қою түннің құшағында аунаған,



 

Қандай ғапжап жалынды ошақ лаулаған!

 

От сҽулесі аймалайды іргені,



 

Дірілдеген қызыл гүлден аумаған.

 

 

Кең ашылып түнгі ауаның құшағы,



 

Қасиетті түтін кҿлбеп ұшады.

 

Сҽл сейілсе, кенет кҿктем суындай,



 

Тасқындаған ҿлең кҿпті құшады.

 

 

Мұнда отырған жанда қандай бар қайғы,



 

Ұжымаққа шақырсаң да бармайды.

 

Шҿп күркеде күн кешкендер күйбеңмен,



 

Май тоңғысыз қыста

-

дағы жаурайды.



 

 

Сопылар да киіз үйді армандап,



 

Пысықай да қарызданар қалбаңдап.

 

Мен осында ұрпағымды ҿрбітіп,



 

Дҽм


-

тұзымды жаям келген жанға арнап.

 

 

Салтанатты сарайына патша мас,



 

Сарай барлық үмітіңді ақтамас.

 

Киіз үйдің құдіретіне жоқ талас,



 

Сарайыңа бермеймін мен баспа

-

бас!


 

 


 

21 


...Георги  жазатын

 

мың  киіз  үйдің  бір  жерде  отыруы  немесе 



инженер  И.Шангиннің  Нұра  жағасынан  4  мың  киіз  үйді  бір  жерден 

кҿруі, расында да, кҿшпелі қала дегізгендей...

 

...Киіз  үйдің  маңдай  алды  міндетті  түрде  шығар  күнге 



қаратылып тігіледі...

 

 



Қазақтың  ки

i

з  үй



 



қазақ  баласы  үш

i

н  адамгерш



i

л

i



к  ұясы, 

қасиет  тұтар  ордасы.  Ұзатылған  қызына  да,  енш

бер


i

п  бҿлек 

шығарған ұлына да қазақ халқы үй т

i

г



i

п, үй кҿтер

i

п берет


i

н болған... 

 

 

Қазақтың  ки



i

з  үй


 



ҽр  қазақ  баласы  үш

i

н  тҽуелс



i

зд

i



г

мен 



бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани к

i

с



i

л

i



г

мен қоғам 



алдында  м

i

ндетт



i

л

i



г

i

н



i

ң  символы.  Үй  т

i

г

i



п  бер

i

п  бҿлек  шығарылған 



ұл  санаққа  к

i

ред



i

.  Ҿз  алдына  жеке  салық  тҿлеп  қоғам  байлығына 

үлес  қосады.  Соғыс  кез

i

нде  адам  бҿл



i

п  ел  қорғанысына 

қатынасады. “Б

i

р түт



i

н” деген ҿлшем атына ие болады. 

 

 

Түт



i

нн

i



ң  шаңырақтан  шығары  белг

i

л



i

.  Олай  болса  түт

i

н  деп 


отырғанымыздың ҿз

кҽд



i

мг



қазақтың ки

i

з үй



i

. Тек шаңырақ иес

ғана 


ҿз ошағына от түтете алады, ешк

i

мнен тҽуелд



емес дегенге саяды. 

 

Ҽлемд


билеген  Шыңғыс  хан  ҽулет

i

н

i



ң  толып

-

болып,  асып



тасып  мақтанған  шағында,  ҿздер

i

н

i



ң  ҿзгеден  артық  екен

i

н,  бай 



екен

i

н  суреттеу  үш



i

н  “Дидар  сұлу  қыздарды,  қазақ  күйме  м

i

нг

i



з

i

п” 



деген  теңеуд

пайдаланады.  Ал  олардың  да  қазақ  күйме  деп 



отырғандары қазақтың кҽд

i

мг



арбаға орнатылған ки

i

з үйлер


i. 

 

Қазақтар ҿз



i

н

i



ң ки

i

з



 

үй



арқылы жаратылыстағы сҽулет ҿнер

i

н



i

ң 

(архитектура),  ти



i

мд

i



л

i

кт



i

ң  (экономика),  табиғат  пен  адам 

үндест

i

г



i

н

i



ң (жарасым) ҽлемд

i

к үлг



i

с

i



н (модель) жасай алған халық. 

 

 



Ки

i

з  үйді  арнайы  зерттеген  кісі  оның



 

тек  қана  қажетт

i

л

i



ктен 

туған форма емест

i

г

i



н кҿз жеткізер еді. Ол сҽулет ҿнерi тұрғысынан 

қарағанда  керемет  үйлесім  мен  жарасымдылықты  танытса, 

философиялық ойларға ҽлемдік жаратылыс тұрғысынан жауап бере 

алады...  Кез

-

келген  баспана,  адам  баласы  үшiн,  ҿмiр.  Ал  киіз  үй 



болса  қазақ  халқының  эстетикалық  тҽрбилеушісі,  қол  ҿнерінің 

мұражайы ретінде де қымбат.

 

 

Киiз  үй  пенделiк,  адами  тұрғыдан  қарағанда  да  иелерiн  бiр



-

бiрiнен  айтарлықтай  алшақтата  қоймайды.  Еуропа  байларының 

сҽулеттi  сарайының  қасында  жарлылар  лашығының  тұра 

алмайтыны  қаншалықты  рас  болса,  қазақ

 

байының  киiз  үйi  қатар 



тiгiлген жарлысының киiз үйiнсiз кҿзге елестетiлмейдi. Қазақтың киiз 

үйлерi  иелерiн,  адамдарды  рухани  теңестiредi,  жақындата  түседi. 

Сондықтан  да  Жиренше  шешен, сирағының  жартысы  тысқа  шығып 

жататын  шағын  киiз  үйiн:  “Қайран  менiң  ҿз

 

үйiм,  кең  сарайдай  боз 



үйiм” –

 

деп, мҽртебесiн хан ордасына теңестiрген.



 

 

Киiз  үй  –



 

адам  ғұмырының  бұл  жақтағы  жартысы... 

Жаратылыстың  мызғымас  заңының  негiзi  –

 

бар  нҽрсе  шар  тҽрiздi 



 

22 


ұсақ бҿлшектерден тұратын болса, бар тiршiлiк негiзi  –

 

шар тҽрiздi 



форма

 

болатын  болса,  киiз  үй  шардың  жартысы,  сол  форманың 



бiрiншi  бҿлiгi.  Киiз  үйдiң  есiгiнен  кiрiп  тҿрiне  шыққан,  жайласып 

молдасын  құрып отырған  ҽрбiр  пенденi  ғажап  шексiз  ҽлем  туралы, 

сол  ҽлемнiң  жартысындай  боп,  кереге,  уық,  шаңырақ  арқылы 

жасалған  ғажайып  күмбез  формасы  туралы,  жаратылыстың  кҿк 

күмбезi  туралы  ойға  шақырады  да  сол  шақта  киiз  үй  ҽлем 

жаратылысының  моделi  секiлдi  боп  кетедi.    Табиғатқа  үйлесiмдiгiгi 

мен  адамдарға  ыңғайлылығы  соншалық  киiз  үйдi  ойлап  тапқандар 

мен  оны  үстiне  үй  етiп  тiгiп  пайдаланушылар  сан  ғасырлар  бойы 

оны  қайта  жасауға  тырыспаған,  басқа  форма  iздеп,  ҿзгерiс 

енгiзбеген. Ол –

 

киiз үйдiң мiнсiздiгiнiң дҽлелi.



 

 

Киіз үй туралы соңғы кезде біраз мақалалар жарық кҿрді. Бірақ 



барлығы  бірдей  киіз  үй  пайдасына  шығып  жатыр  деуге  болмас.

 

Мысалы  Ҽ.Ҽліұлының  “Жайлаудың  кҿркі  ақ  боз  үй”  (Ақ  жол,  20 



наурыз  1993  ж.)  мақаласынан  “...керегенің  ҽр  басына  бірдей  тұтас 

тізіліп  уық  байлана  бермейді.  Араларында  бос  бастар  да  қалады. 

Бұл  үйді  желге  шыдамды  болсын  деуден  туған”...  Немесе:  ... 

“керегенің жел, дауылға –

 

жел кҿздісі, ал жауын



-

шашынға тор кҿздісі 

шыдамды  болады”  –

 

деген  секілді,  киіз  үй  туралы  қате  түсінік 



таратар жолдарды оқимыз.

 

 



Киiз  үй  байлық  пен  барлықтың,  кедейлiк  пен  жоқтықтың 

арасын  барынша  жақындата  алудың,  бай  мен  кедей  тартыстысын 

да  тез  қалпына  келтiруге,  араша  түсудiң  де  даяр  ортақ  құралы. 

Сыйға  тартылар  бiр  ҿре  киiзбен  бай  мен  жарлы  арасындағы 

алшақтықтың арасы едҽуiр жақындап қала беретiн болған.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет