Тҧтқа
Алпысты алқымдаған ғұмырымда ӛз анадай аналық мейрiн
жүрегiммен анық сезiнiп, iштей таза пейiлмен анамдай жақсы кӛрген
адамым
-
Әбiштiң анасы –
Айсәуле. Мен қауiптi дертке ұшырап, ―ертең
операция‖ деген күн кешiнде бала –
келiнiмен келген Айекең:
―Жарығым
-
ау! Бұл қалай болды? Саған не болды?‖ –
деп кӛз жасын
тӛгiп жiбергенде тап ертең шығып кетуi мүмкiн жанды да, оташының
пышағынан зардап шегiп менi азапқа салар тәндi де ойламай ана
мейiрiне шомылып, жаным рахатқа бӛленiп қалған едi. Талай
жақсының жақсылығын кӛрген болармын. Бiрақ маған ешқайсысы да
Айекеңнiң ―жарығым
-
ау‖ деп тӛгiп жiберген жасындай жұбаныш болған
емес. Ӛмiр тұтқасы
-
әйел. Әйел ӛмiршең. Мен осы ӛлеңiмдi Айекеңе
арнаған едiм.
Кӛрсоқыр заман қырсығып
Кӛрсеттi
―жаудың қызы‖ ғып.
Маңдайды кеттi бiр сызып,
Жүректе қалды бiр сызық.
Есерсоқ соғыс дүр шығып,
165
Ерiңдi алды қырсығып.
Маңдайды кеттi бiр сызып,
Жүректе қалды бiр сызық.
Айрылып тағдыр талағы,
Шектiң ғой қайғы
-
наланы.
Сыздайды
-
ау жүрек әжiмiң
Тереңдей түсiп барады.
Болаттан бетер бекiне,
Кешпеген сендер кесiр жоқ.
Жетiм боп қалдың жетiде,
Он жетi жаста жесiр боп …
Ардақты бiздiң аналар,
Аян
-
ды қабақ шытпасы …
Ерлiкке ӛмiр пара
-
пар
Ӛздерiң
тiрлiк тұтқасы !
Елуге толған Әбішке
Аурудан бiрте –
бiрте айығып, кӛктемде қара тасты қақ жарып
кӛктеп тұрған жалғыз тал шӛптей әлсiз, ӛлеңдi жаңа бастаған сенiмсiз
кезiмде Әбекең ғұмыр ӛрмегiнiң жүзiн аударып той жасаған
-
ды.
Қонаев
ақсақалдың (жаны жаннатта болғыр) ӛзi берген Марков
кӛшесiндегi алты бӛлмелi пәтерiнде мол екi дастархан жасалыпты.
Мен үлкен үйде осы ӛлеңiмдi оқып берiп ӛз еркiммен екiншi бӛлмеге
ауыссам дәрежелi дастарханнан орын тимегенiне ―ӛкпелi‖ бiраз
адайлар отыр екен. Осы ӛлеңiмнiң бақыты жанып бiр тойда екi рет
оқылып едi.
Адайдың бетке ұстаған аймаңдайы,
Жоқтаудан ел мүддесiн таймайды әнi.
Сарайы –
бейне қоржын, жинай берген
Сырларын ата
-
баба қай
-
қайдағы
.
Заманның Әйтекесi бал таңдайлы,
Шегедi елi үшiн сан
-
сан қайғы.
Ортаға қамшы тастап айтар ой бар,
Қас
батыр достан, жаудан тайсалмайды.
Қысылса
күрестiрер Таусоғары,
Сағынса жан жұбатар кәусар әнi.
166
Қазақтың
Әбiш деген бар данасы,
Танысқан шайқап басын тамсанады.
Әзiлқой жеңгелерге қылығы
бар,
Терiске бұл әзiлдi бұзық ұғар.
Анаға, iнi
-
аға, дос
-
жаранға,
Әзiлдiң әдемiлеп бiзiн сұғар.
Түнерер қатуланса қара таудай,
Ашылмас дауылдатпай, сiрә жаумай.
Бурадай жарап жүрген бұрқ
-
сарқ қайнар
Қатептi қара нардай қомын шайнар.
Елуде жорға болдың тағаланып,
Ақ үйде отыр басың бағаланып.
Жан досым, Алла саған ғұмыр берсiн,
Шығарың талай шыңға маған анық.
Керуен
Бұл ӛлең Әбекеңнiң бiр ауыз сӛзiне (Әр жұмыстың ауыр
-
жеңiлдiгi
–
сол жұмысқа әркiмнiң қандай ықыласпен кiрiсетiндiгiнде) бола, Әбiш
Кекiлбаев деген кiсiнiң ӛмiр бойы тапсырылған жұмысты жеңiлсiнбей
де, ауырсынбай да арқалап кетер қасиетiне бола жазған едiк.
Демесiн деп базарға босқа барған,
Атандарға артады қос қанардан.
Жол ортада бел кетсе, талай жампоз
Жаутаң қағар, бағы аз боп басқалардан.
Қалған
жолда қанардың талайларын,
Сидырады қалғанға қалай бәрiн.
Мiнезсiздеу қоспақтың арқасы бос,
Жорта ақсап, тулайды талай залым.
Үстемелеп
жүк артқан шеру едiң,
Мiндетi бар бiреуде елу ердiң.
Емпеңдейдi қазақтың қара нары,
Мойнын созып басында керуеннiң.
167
Әбіш
Бұл ӛлең Әбекеңнiң депутаттар жиынында Қазақ Елiнiң негiзгi
заңдары талқыланып жатқан шақтардағы еткен еңбектерiне
ризашылық сезiмдерден туған болатын. Ана тiлiмiздi мемлекеттiк тiл
деп танытамыз, байтағымызды Қазақ Елi атандырамыз деп
арпалысып, кӛбiне ӛз қандастарының қарсылығына кездесiп, түнерiп
жүрген кездерiнде ӛмiрге келген Әбекең суретi iспеттес.
Әбеке, деме неғып сынай қалды,
Жалғыз боп туар дейдi құмайларды.
Бура бас, бота тiрсек болсаңдағы,
Қорқамын
тiл мен кӛзден, құдай барды.
Жасынан кӛзге түсер қайда бала,
Елеусiз ӛссе және айдалада.
Бұлт мiнiп, жұлдыз жағып, жалғыз маңып
Жүрiпсiң кӛз тоқтатпай айналаңа.
Кӛтерсе талай кӛршi кекесiнiн –
Бiлдi ме түбi толар есесiнiң.
Әуейi жалғыз ұлын жеткiзем деп,
Сенiмi жоғалмапты шешесiнiң.
Мелшиiп тұрады екен –
тезек терiм,
Сидиған, сӛзге шешен, ӛжет керiм.
Оқыпты қуып жүрiп, жел ұшырған,
Бiреудiң пайдаланған газеттерiн.
Аңқаулау –
содан тартқан жазасын да,
Елгезек –
алды жұрттың мазасын да.
Ақ кӛңiл –
түзетiптi Түзелханды
Айтты ақыл Айтбай атты ағасына.
Мiндетiн асып жатыр қара бастан,
(Сенiмен қырық жылдай араласқам)
Ӛзiңдi
сӛзiң ерте ер жеткiздi,
Бас тартты ақсақалдар бала жастан.
Сен үшiн тiлек тiлеп жылайды ана,
Бағыңа бата жолдап мұңайды аға.
Сен болсаң шүмегiңнен құтылғалы
Жалынбай келемiсiң ―құдайға да‖.
168
Толғанса ойдың шырқау шетi ме едi.
―Семсер тiл –
қайрақ
сӛзбен‖ жетiледi.
Шомылса, Әбiш атты ой
-
мұхитқа
Қатары
надандықтың сетiнедi.
Таң қалып отыр елiң қайратыңа,
Ол сен бе, әлде аталар айбаты ма?
Дауыл –
жел, ӛзiң шықсаң бәсеңдейдi,
Соғады қалайда елдiң пайдасына.
Кӛредi ардақтысын демеу кiсi,
Ӛзiңсiң бар қазақтың елеулiсi.
Тiлеймiн бiр Құдайдан күнi
-
түнi
Бола гӛр ата
-
бабам желеушiсi.
Елуден алпыс жаққа аяқ бассаң
Жүз жаста қас қағым сәт, таяқ тастам.
Он бiр жол, он бiр буын ӛлең жаздым,
Сипатың
кем бе, қара, қай ақ тастан!
Түзелхан –
жақын жеңгесi, Әбекең бала күнiнде оған арнап әзiл
ӛлең
жазған.
Айтбай –
жазушы А. Хангелдин.
Әбіш аға
Бұ күнде ешкiмнiң де Әбiшi емес, бүкiл қазақтың, қазақтың емес,
Алты алаштың, алаш емес әлемнiң Әбiш Кекiлбаевы асқар алпыстың
алғашқы жылына ноқта салмақ. Асқар асуға заңғар кӛкке қол сала
шығып отыр. Ӛстi, ӛркейдi. Астында қоймаған ―қазақ бағы‖ атты бiр
арманы бар. Ол арманы –
бар қазақ арманы. Халқымыз аспанына
бақыт бұлты оралған шақта ордасына бiрлiк
орнаса, шаңырағы басқа
жарыса дастарханы асқа жарыса…
… Тәңiрiм! Бәрiмiздi де сол тойға жеткiзе гӛр!…
Пейлi ме ең қазақтың тазартылған,
Даласы ма ең шексiз ғып жаратылған?
Шалқып аққан Едiлдей бiлiм
-
теңiз,
Ұлытаудай, ерекше, дара тұлғаң!
Қайырмасы
:
Алатауды биiктеткен,
169
Маңғыстауды сүйiктi еткен;
Алда асу асқарлары,
Ел басының бас сардары;
Жиреншедей ел данасы,
Ғасырының
бел баласы –
Әбiш аға, асыл аға!
Бастан кешкен барлық жұрт азабындай,
Бабалардың
түнерген қабағындай.
Мақалындай атаның ойға толы –
Алла саған бұйырған жаза мұндай.
Қайырмасы
:
Жанға нәр ғып сiңiрген Алаш әнiн,
Бойға нәр ғып жинаған дала шаңын –
Жақын болғай, Әбеке, ұлы тойың,
Армандаған елiңе болашағың.
Қайырмасы
:
Анасы мен баласы
Әбiшке арнап жазған бұл шығармама мен «Әбiш Кекiлбаев» деп
айдар тағып едiм. ―Абай басқан Жидебай топырағы‖ атты жинаққа
енген бұл ӛлең атын шығарушылар ӛлеңнiң бiрiншi жолымен
―Ауырсынбай емшектiң жарасын да‖ деп ӛзгертiптi. Ӛлең мағынасына
ой жүгiртсек, бұл ӛлеңге ―Анасы мен Баласы‖ деген ат лайықты секiлдi.
Бірiнiң ерi, бiрiнiң әкесi Кекiлбай ӛз үйiнен соңғы сапарға
аттанарда ұлының бетiнен сүйген болар. Бiрақ бiр ӛкiнiштiсi сол
нәрестенiң болашақ бiр елдiң кемеңгер ұлы,
данышпан данасы
болатынын бiле қойған жоқ қой. Осы еңбегiмдi Кекiлбай рухына
бағыштадым. Алла тағала жанына жәннәттан орын бере гӛр!
Ӛмiрге ұлы перзент берген
Кекiлбай рухына бағыштадым
Ауырсынбай емшектiң жарасын да,
Ұрпақ
үшiн жан қияр
шарасызда.
Әйел
бағы неде екен, ол бiр жұмбақ
Ана бағы ержеткен баласында.
… Әулиедей кӛремiн, таза шыным,
Ажарына кӛз тоймас анасының.
Ешбiр елден, еш жерден кӛрген емен,
170
Ақжаулықтың соншалық жарасымын.
Ӛзi ұшырды қыран кӛз –
қарашығын
,
Ӛзi қолмен қалады дала шыңын.
Жалғызына сыйлапты –
ӛз
басының.
Екi жұрттың жинақтап бар асылын.
Зәбiр берсе аяқтан шалып үстем,
Қорланды
ма, жесiр боп налып iштен?
Жар сүюден тек қана ауыз тиiп,
Ұл
сүюдiң шарасын қанып iшкен.
Айсәуле атты –
Күнсәуле, о анашым,
Мен де ӛзiңдей ананың баласымын!
Бiр туар ұл сенiкi, мойындаймыз,
Сенiң ұлың –
ерекше, дара –
шыным!
Тӛлдi таныр қазақтың дана шалы,
(Ұл әлпештеу халқына жарасады) –
Тым ертелеу ержетiп, кӛзге түсiп,
Ӛтiп кеттi ойынсыз бала шағы.
Жӛнге салған мектептiң кӛп тентегiн,
(Сен осындай ғажапқа кез кеп пе едiң?)
Бар болғаны оқушы, қара бала,
Директордай билеген ӛз мектебiн.
Жарасатын күлгенде ақсиғаны,
Кiм жек кӛрер кӛркем кӛз, тас бұйраны.
Талай сұлу ӛз жанын қинағанмен,
Бұл қыздарға махаббат аз сыйлады.
Жауап iздер, ӛмiрден, сұрағы кӛп,
Ӛмiр –
таным ойлады құралы деп
Ойын –
сауық, думанды тежей бiлдi,
Ғашық
болды тек қана бiр
-
ақ рет.
Тынар сәтiн күтедi бiр iс неше,
Алсаң жақсы және оны дұрыс шеше.
Әлi бойдақ Әбекең жүрер ме едi,
Бiр қыз ӛзi қозғау сап кiрiспесе.
Кей келiн бар бақытқа шiренедi,
Баптай алмай жүрсе де бiр ененi.
171
Ене кӛрген келiндер ел тiрегi,
Бәйбiшелiк, тым жастай, түр енедi.
Әбекеңдi қызықтап сұраған жан
Кенде емес ашудан құр алақан.
Местiң аузын шешедi жиып келiп,
Барлық ӛшiн алады бiр адамнан.
Сол адамы алыптың тiрегiндей,
Мәңгi тiкен қадалған жүрегiне.
Ержiгiттi үйiнде сынатпауға,
Қарамады, отыз жыл, күле кiмге.
Адам деп тек сыйлады туысты да,
Жауап қатпай құтылар ―шүу ыссыға‖.
Қара
бастың қамына атсалыспай,
Ағайынмен аз ғана суысты да.
Барлық iске етедi Әбiш пайым,
Ау, ағайын, ойлашы Әбiш жайын!
Тай жарысқа қор
қылма
тұлпарыңды,
Ол тiстесер, ойға алшы шабыс жайын!
Айлалы ӛмiр астарын аңғартпады,
Жата алмады тағдырды таңдап тағы.
Мол билiктi ―достардың‖ арқасында,
Белгiлi оған –
керзi етiк, солдат бабы.
Отыра алмас патшалар күш тасқанда,
Атақ керек –
жерде де, күштi аспанда.
Оқ ӛтiнде қалған
-
ды, сол бiр жылдар,
Ұлы
Қытай, Ұлы Отан ұстасқанда.
Кӛзiм кӛрдi сол жылдар қиналғанын –
Аяқты етiк, ӛкiнiш –
қинап
жанын.
Шинел шешiп, қарусыз қайтқан күнi
Кӛзiм кӛрдi қанша дос жиналғанын.
Шыдай бiлген ендi
-
ендi кәзiрiңе,
Қанағатшыл
қолда
бар мәзiрiне.
Аттан салмас қара бас қамы үшiн,
Кӛне берер замандас зәбiрiне.
172
Зорлық кӛрсiн жауынан, тасыр ұлдан,
Құқай
кӛрiп жатса да ғасырынан –
Аш –
тоқтығын сездiрмес, бӛрi жүндi,
Әбiш жаны тереңге жасырынған.
Сезiм содан атады буырқанып,
Асыл зерге жиек қып суыр тағып.
Мұхит ойдан маржан сӛз толқып шыққан,
Танытады ерекше –
―суынды‖ анық.
Қатты
ызаға буылса буырқанып,
(Аулақ жүрер сондайда қуың танып) –
Ендi –
ендi тұтанып кететiндей,
Күрең қошқыл тартады суып, жанып.
Кейде жуас ―шабаның‖ қойға мiнер,
Шат кезiнде оны тек тойға жiбер.
Бiрақ сергек, бұрқ етер от тигiзсең,
Намыс –
ашу бар кезде бойда жүрер.
Ыңғайыңда кей
-
кезде бала дерсiң,
Қатептi нар –
артық жүк сала берсiн.
Сан сұрақтың жауабы бiр ӛзiңде,
Отың сӛнiп, асыңды шала жерсiң.
Бар салмағы басында теңселедi,
Таң атырар кеңесiп келсе теңi.
Олпы
-
солпы денесi мол пiшiлген,
Еске салар шалқақтау еңсе ненi?
Қарқылдаған
шынайы күлкiсi бар,
(Ондай кезде әзiлмен сiлкiсiп ал).
Сол сиректеу күлкiнi шақыратын,
―Аққошақан‖ дейтұғын бiр кiсi бар.
―Адам‖ деген иесi ғажап аттың,
Ар
-
ұжданды
әуелден
таза бақтың.
Парасаты танылды жақсыларға,
Тағын берер хан түсiп азаматсың.
Табиғатқа, шындыққа –
жастан кiшiк,
Десем айтпас, жатыр деп мақтан пiшiп,
Басың сыйлы, таныды ел, жансың кәзiр,
Жаяу қалар жолаушы аттан түсiп.
173
Сен бақыттың жолықтың тайдайына,
Қалыс
қалды
бәсеке, дау жайына,
Нарын мiндiң мақсаттың елемейсiң,
Кейбiр пасық жабысса шаужайыңа.
Қиын
екен дос болу iрi адаммен,
Отырғаның кiшiк боп, кiл алаңмен.
Iс
-
қимылы
кей
-
кейде деп тұрғандай
Тiрi жүрген ортаңда –
―Пiр‖ адам ем.
Аузын ашса кӛмейден маржан тӛккен,
Ой толғаса тiлдескен арман кӛкпен.
Ел басынан Әбекең алады екен,
Ӛз
басына уыстап зардан, дерттен.
Ауырсынбай емшектiң жарасын да,
Ұрпақ
үшiн жан берер шарасызда.
Әйел
бағы неде екен, ол бiр жұмбақ,
Ана бағы ержеткен баласында.
Құмда
туып айналған –
ала шыңға,
Ӛз
бағы емес, ел қамы –
санасында.
Ердiң бағы неде екен, ол бiр жұмбақ,
Елдiң бағы сӛз ұстар баласында.
Суын –
ауыл аңыздарында кездесетiн Каспий су жылқысының асыл айғыры.
Аққошақан
-
Әбiштiң немересi, Абыл.
Күнсәуле
-
Әбiштiң анасының қыз күнiндегi аты. Келiн боп түскен кезде
сондай атты енесi болғандықтан Айсәулеге ӛзгертiлген.
Қожаназар асы, Ақкиізтоғай
Ата
-
бабамыздың ғажайып бiр үрдiсi бар. Атасына ас беру
Маңғыстауда есте сақталған атақты астардың бiрi Әбiш Кекiлбаевтың
бабасы Таған деген байдың атасы Қожаназарға берген асы. Таған бай
Маңғыстау ойына құлаған кезде түрiкпендерден Қаратаудың оңтүстiк
бӛктерiн тұтас сыйлыққа алып қыстаған екен. Жайлауы Үстiрт, Жем,
Сағыз, Арқа. Әкесi Қожаназарға ас берiп, сол асқа Кiшi жүз ханы
келiптi. Хан аяғын жерге тигiзбей, ат байлайтын кермесiнен қонақ үйiне
дейiн ақ киiз тӛсеп той ӛткен тоғайға сән берсе керек. Той ӛткен тоғай,
хан аяғына тӛселген ақ киiз ел есiнде қалып қазiргi Атырау облысына
қарасты
бiр жайлау Ақкиiзтоғай атаныпты.
174
Достарыңызбен бөлісу: |