Сайлыбекова Диана хбк 1



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қыстай шығатын құстар
Қыстай шығатын құстар жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді. Ешқайда
жылыстамайды. Ондай құстарга қарғалар, торғайлар, сауысқандар, шымшықтар
жатады. Құстарға қыста қолдан қорек беріп қамқорлық жасауды үмытпаңдар!
Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) ІІ отрядқа жататын 56 құс түрлері тіркелген.
Қызғылт және бұйра бірқазан Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл
суларында кездеседі. Қара дегелең сары және кіші құтан, қалбағай, қарабай кеңінен
таралған. Ақ дегелек (жыл құсы) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана (Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл облыстарында) таралған. Қазақстанда сирек кездесетін құстың
бірі - қоқиқаз («қызылқаз» деп те атайды). Аяғы, мойны ерекше ұзын. Тұмсығы имек
болады. Топтанып тіршілік етеді. Каспий жағалауында, Шалқар теңізінде, Теңіз
көлдерінде кездеседі. Қорғалжын қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды. Ол
дүниежүзілік мәні бар батпақты-су айдындарына жатады. Қараша қаз, қу тір жық
қаз, сұңқылдақ және кіші аққу, мәрмәр, шүрегей үйректер де Қызыл кітапқа
тіркелген. Бүлардың ішінде халық аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы
аңыздар, әндер, күйлер кеңінен таралған. Аққу пәктіктің, сүлулықтың, адалдықтың
белгісі деп есептеледі. Оның қоразы — «саһар», балапаны — «көгілдір» деп аталады.


СҮТҚОРЕКТІЛЕР
КЛАСЫ
Сүтқоректілер (лат. Mammalia) – жануарлардың хордалылар
типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы
жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен
асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде
сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық
аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта
жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында,
құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді
зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат.
«маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология»
(грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды. Алайда
олар әр түрлі ортада – құрлықта болсын, суда болсын, ауада
болсын – кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге
бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне
қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады.
Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен
жануарлары – мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып
табылады.


Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері
болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар – терінің қосалқы бөлімдері.
Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасы мен кеуде қуысы, иық белдеуімен алдыңғы аяқтарынан және жамбас белдеуі артқы
аяқтарынан тұрады. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы – 7. Бассүйекке астыңғы жақсүйегі қозғалмалы (буын арқылы)
байланысқан. Басқа бассүйектері бірімен-бірі жіктесіп тұтасып кеткен.
Сүтқоректілердің бұлшықеттері жақсы дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы бұлшықеттер түрлі бағытта орналасқан.
Бассүйегіндегі шайнау бұлшықеттерінің бәрі астыңғы жақсүйекпен байланысады. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын
бөліп тұратын көкет (диафрагма) пайда болған. Көкет тыныстық қозғалыстарға (тынысалу, тыныс шығару) қатысады.
Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделілене түсіп, етті еріндер пайда болған.
Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек,
ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері
(альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде
қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.
Қанайналым жүйесі – құстарға ұқсас, жүрегі толық төрт қуысты. Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Сүтқоректілердің
құстардан айырмашылығы – сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды. Құстарда оң жақ
қолқа доғасы болатынын естеріңе түсіріңдер! Қан денеге газ бен қоректік заттарды тасымалдайды.
Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзеді.
Жүйке жүйесі – күрделі құрылысты. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми
сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс
әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет