Сайлыбекова Диана хбк 1


Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар:
біржасушалы жануарлар және
көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы
жануарлардың денесі негізінен бір ғана
жасушадан тұрады. Сондықтан олар
қарапайым жәндіктер деп аталады.
Көпжасушалы жануарлар ағзасында
жасушалар көп болады. Олар әр түрлі
қызметтер атқарады. Жасушалардың бір
тобы ішкі және сыртқы ортадан
тітіркендіргіш әрекетін қабылдап,
сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс
тербелісін қабылдап, талдау арқылы есту
жүйесінің негізін құрайды. Кейбір
жасушалар тобы қорғаныш қызметін
атқарады. Қорегін іздеп табуға
жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да
жасушалар бар. Бірақ бірде-бір жасуша өз
ағзасынан тыс өмір сүре алмайды.


ЖҮЙЕЛЕУ
К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді
негіз етіп алды. Ол түрді – туысқа, туысты – тұқымдасқа,
тұқымдасты – отрядқа, отрядты – класқа, класты – типке,
типтерді жануарлар дүниесіне біріктіруді ұсынды. Сөйтіп
жануарларды жіктеудің мынадай қысқаша сызбанұсқасы
қалыптасты: түр → туыс → тұқымдас → отряд → класс →
тип → жануарлар дүниесі.
Бұдан жануарлар дүниесінің қарапайым жәндіктерден
омыртқалы жануарларға дейін құрылымының күрделене
түсетіні нақтылы көрінеді.
Жануарларды бұлай жіктеу көптеген зерттеулер арқылы
жүзеге асырылды. Бұл ғылыми деректерге байланысты
тарихи дамуы бағытында жүйеге келтірілді. Қазіргі
заманда жануарлар әлемі жүйесінде 20-дан астам
типтердi және жүздеген кластарды ажыратуға мүмкiндiк
туды.



ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ
(БИОСФЕРАДАҒЫ
ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
ТАРИХЫ)
Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira"
(сфера) - шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған.
Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты, бүкіл гидросфера
және атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар,
өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді.
Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан
табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға
сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу
жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы
тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей,
протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды
дәуірлерге, кезеңдерге бөлді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет