Сайлыбекова Диана хбк 1



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тұқытектестер отряды. Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін аққайран, мөңке, қаракөз, табан,
ақмарқа, қаяз балықтары жатады. Тұқы, мөңке балықтарын қолдан жасаған тоған суларында өсіру тиімді
әрі пайдалы. Олар (ақ амур, дөңмаңдай, т.б.) өсімдіктермен қоректенеді.
Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық балық түрлері кездеседі. Соның 16 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның
Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Солардың ішінде біздің елімізде ғана кездесетін балқаш алабұғасын, іле шармайын сақтап
қалудың маңызы зор.


ШЕМІРШЕКТІ БАЛЫҚТАР
ҚАЗБА ҚАЛДЫҚТАРЫ ДЕВОННЫҢ ОРТА ШЕНІНЕН БЕЛГІЛІ. 2 КЛАСС ТАРМАҒЫ:
ТАҚТАЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР (ELASMOBRANCHІІ) ЖӘНЕ БҮТІНБАСТЫЛАР
(HOLOCEPHALІ), 140-ҚА ЖУЫҚ ТУЫСЫ, 730 ТҮРІ БАР. ШЕМІРШЕКТІ
БАЛЫҚТАРДЫҢ ДЕНЕСІНІҢ ҰЗЫНДЫҒЫ 6 СМ-ДЕН 20 М-ГЕ ЖЕТЕДІ.


 Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері (сүйектенбеген) жиі кездеседі.
Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы
болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат
қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары
тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке
ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде
артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының
жанындағы ортақ қуыс — клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп
шағылысу органдары (птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы
талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған
жұмыртқа салады (тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық
қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының
қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен
теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді
де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар
осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті
балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік
маңызы шамалы.
Терісі 2 қабаттан тұрады. Сыртқысы - эпидермес, көп қабатты эпителий, ал ішкі -
нағыз тері қабаты дәнекер ұлпасынан түзелген. Эпидермисінде безді жасушалар көп.
Шеміршекті балықтардың қабыршақты ұсақ бүртікті. Плокоидты (грекше "плакс" -
тақташа, "ейдос" - пішінді) қабыршақтармен қапталған. Тақтажелбезектілерге -
акулалар мен скаттаржатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет