Сайлыбекова Диана хбк 1



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
LEARN MORE
Жалпақ құрттар (Plathelmіnthes) – төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ
жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың 12500-дей түрі 5 класқа
жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Соңғы 4
класс өкілдері – нағыз паразиттер. Бірақ кейбір зерттеушілер кірпікшелі құрттардың 3 отрядын: темноцефалиданы
(Themnoceрhalіda), удонеллидтерді (Udonellіda) және ксенотурбеллидтерді (Xenoturbellіda) класс ретінде қарастырады.
Жалпақ құрттардың еркін қозғалатын түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал паразитті түрлері
ядросыз қалың қабат – тегументпен жабылған. Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі – тері-бұлшық ет қапшығының
болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл талшықтар
бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет талшықтарының
жиырылуынан қозғалады. Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті
алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы денесінің
құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды
ортаңғы ішекпен жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ,
қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады. Жүйке жүйесі бас жүйке түйінінен басталып, денесінің құрсақ
жағына жүретін жүйке бағаналарынан (өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысқан) тұрады. Қан айналу және
тыныс алу жүйелері дамымаған. Зәр шығару мүшесі – протонефридии. Олардың тарамдалған каналдары паренхимада
кірпікшелі жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Жалпақ құрттар – гермофродиттер. Жыныс жүйесінің құрылымы өте
күрделі. Бұлар негізінен еркек, ұрғашы жыныс бездерінен, ұрық өткізу түтіктері мен ұрпақ жетілдіру органдарынан
тұрады. Жалпақ құрттар тікелей, құбылу, иесін ауыстыру арқылы өсіп дамиды. Жалпақ құрттардың көпшілігі адам мен
жануарлардың паразиті (мыс., фасциолез, эхинококкоз, т.б.).


ЖҰМЫР ҚҰРТТАР


Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер. Олардың көлденең
кесіндісі дөңгелек, денесі үш қабаттан тұрады. Көпшілігі дара жынысты. Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында
түтік тәрізді қуыс болады. Денесінде қуыс алғаш осы ағзаларда пайда болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған.
Қуысқа толы сұйықтық сыртқы ортамен байланыспайды. Қуыста ішкі мүшелер еркін орналасып, біріне-бірі тәуелсіз жұмыс атқарады. Құрт
денесіндегі қуыс пен сұйықтық денедегі барлық жасушалармен газдың алмасуына да қатысады.
Жұмыр құрт денесі үш қабаттан тұрады. Бірінші ең сыртқы қабат – сірқабық. Екінші ортаңғы қабат – гиподерма (тері астындағы қабат).
Үшінші ең астыңғы қабат – бірыңғай салалы бұлшықет қабаты. Сірқабық – өлі ұлпа, сондықтан ағза денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді,
өзі өспейді. Жұмыр құрттар денесі өскен кезде, серпімді қалың қабат – сірқабықты сыпырып тастайды. Сірқабық кейіннен жаңаланып,
қайта пайда болады. Жұмыр құрттардың сірқабық тастауы түлеу деп аталады. Түлеу жәндіктің уақытша өсуін қамтамасыз етеді. Өйткені
денесі өскенде құрт тағы да түлей алады. Гиподерма (грекше «гипо – астында», дерма – тері») қабаты сірқабықты астарлап жатады.
Гиподерма астыңғы жағынан бірыңғай салалы бұлшықет қабатына қосылады.
Жұмыр құрттардың денесі екіжақты симметриялы. Көпшілігі паразиттік жолмен тіршілік етеді. Денесі буылтықтарға бөлінбегендіктен, бұл
типке жататын құрттар жұмыр құрттар деп аталған. Дүние жүзінде жұмыр құрттардың 20 мыңға жуық түрі тіршілік етеді деп есептеледі.
Бұлар бірнеше класқа бөлінеді. Біз тікенбасты, бауыркірпікшелі, жұмыр құрттар, зымырақтар, қылқұрттар класының өкілдеріне
тоқталамыз.
Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен (кутикула) қапталады. Ауыз
қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь тесігі – артқы жағында орналасады. Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы
болады. Көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды. Олар денесін тек жан-
жағына ғана ие алады.
Жұмыр құрттарда тынысалу және қантарату жүйесі болмайды. Бұлар – дара жынысты жәндіктер. Олардың қосжыныстылары да кездеседі.
Жұмыр құрттардың аталығынан аналығы ұзын. Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді. Дернәсілін тірі туатын да түрлері бар. Өсімдік
тамырында ауру тудыратын паразит жіпшеқұрттар (қант қызылшасының жіпшеқұрты – свекловичная нематода) шаруашылыққа орасан
зор зиян келтіреді.



БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР
Белдеусіздердің 1 класы – көпқылтанды құрттар
Белдеулілердің 2 класы – азқылтанды құрттар және сүліктер
бар.
омыртқасыз жануарлардың ішіндегі үлкен бір типі. Қазіргі
уақытта 9 мыңдай түрі белгілі. Буылтық құрттар 2 тип тармағына
бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер.


Буылтық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі
ерекшелігі - дене қуысының екінші рет қайталануы. Сондай-ақ
оларда тұңғыш рет тұйық қанайналым жүйесі пайда болған.
Қажетсіз заттарды бөлетін әр буылтықта зәршығару мүшелері
бар. Соңғы қуыс - целом (гр. цейлома - қуыс, ) деп аталады.
Целом дегеніміз - көпжасушалы жәндік және жануарлар
денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы
кеңістік. Бұл қуыс аралық қабаттан пайда болған. Қуысқа толған
сұйықтықты дене қабырғасын құрайтын бұлшықеттер -
мезодерма қоршап тұрады. Жәндіктер бұлшықеттердің
көмегімен қозғалып жүреді. Ал ішек қабырғасындағы
бұлшықеттер алма-кезек жиырылып, ішек ішіндегі асты
орнынан жылжытпалы.



Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі - айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы. Мұндай мүшелер құрт денесіндегі
буылтықтардың әрқайсысының екі қапталын бойлай орналасады. Оны параподия (гр. пара+подион- жуық + кішкене аяқ,
яғни аяққа ұқсас) дейді. Денеден бұлтиып шыққан, бір буда қылтанақтары бар кішкене өскіндер көпқылтанақтылардың
жүруге арналған мүшесі болып табылады. Бұл құрттардың барлығында бола бермейді. Дегенмен алғашқы буылтық
құрттарда және көпқылтанақты құрттарда жақсы дамыған. Азқылтанақты құрттарда тек қылтанақтары ғана сақталып
қалған. Буылтық құрттар параподияларының көмегімен бір жерден екінші жерге еркін қозғалып бара алады. Буылтық
құрттардың дене құрылымы төмен құрылысты жәндіктерден күрделі екенін байқадық. Бұларда бас, тұлға және дене
соңында аналь тесігі бар.
Тұлға буылтықтардан құралады. Бұлар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Азқылтанақты буылтық құрттар —
қосжынысты (гермафродит). Теңізде мекендейтін нереида, құмқазар сияқты көпқылтанақты буылтықтар дара жынысты
болып келеді. Бұлардың денесінде қылтанақтар көп болғандықтан, көпқылтанақты буылтық құрттар деп аталады.
Жыныссыз жолмен көбейгенде бүршіктену немесе бөліну арқылы тікелей дамиды. Жынысты жолмен дамығанда түрлент,
ұрықтан дернәсіл пайда болады. Мұндайда ұрықтану аналық денесінен тысқары - суда өтеді. Денесінде кірпікшелері бар
дернәсіл пайда болады. Ол трохофора деп аталады. Трохофора (гр. трохос+форос- доңғалақ + алып жүру, яғни доңғалағы
немесе доңғалақтары бар дернәсіл) біраз уақыт судың үстіңгі қабатында өмір сүріп, кейінірек су түбіне шөгеді. Сөйтіп
біртіндеп ересек көпқылтанақты буылтық құртқа айналады. Азқылтанақты және көпқылтанақты буылтық құрттар дененің
жойылған бөлігін тез қалпына келтіре алады. Оларда регенерация құбылысы едәуір жақсы байқалады.


БУЫНАЯҚТЫЛАР
ТИПІ
Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз жануарлар типі.
Олар теңіз, мұхит суларында, өзен мен көлдерде, топырақта,
үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік
етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. Буынаяқтылар 4 тип
тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар (Branchіata),
хелицералылар (Chelіcerata), трилобиттәрізділер
(Trіlobіtomorрha), кеңірдектыныстылар (Tracheata). Бұлардың
дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы
симметриялы. Аяқтары буын-буынға жіктелгендіктен
Буынаяқтылар болып аталған



ӨРМЕКШІТӘРІЗДЕСТЕР
Өрмекші тәрізділер (лат. Arachnіda) – омыртқасыздардың бір
класы. Өрмекші тәрізділердің класына атмосферамен тыныс
алатын мүшелері жапырақшалау келген өкпелері мен
кеңірдектері бар құрлықта тіршілік ететін хелицералылар
жатады. Денесі – бас көкірек пен құрсақтан тұрады, бірақ
бұлары жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділерде – кенелерде
(Acarina) – жалпы бір бөлім бірігіп кетеді.



Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы
екі бөлімі сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7-бунағы).
Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның
түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін
өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы
сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция даму
барысында байқалатын бір ерекшелік – өрмек сұйықтығы бөлініп шығатын
өрмек бездерінің дамуы. Олардан бөлінген сұйық зат ауада тез қатады да,
өрмек жібіне айналады. Бұларды өрмекшілер тор құру, ұстап алған жемтігін
орап тастау, жұмыртқа пілләсін жасау үшін қолданады. Ас қорыту жүйесі
эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды
артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесіне мальпиги түтікшелері және
коксальды бездер (жүретін аяқтарының 1- және 3-жұптарының бунақтарынан
ашылатын бір не екі жұп бездер) жатады. Тыныс алу органдары жапырақты
өкпе қапшығы мен трахеялардан тұрады. Өрмекшілердің Caponііdae
тұқымдасында өкпе мүлдем жоқ, тек 2 жұп трахеясы болады. Қан айналу
жүйесі ашық, жүрегі қысқарған, 3 – 4 остиялары (жүрегіндегі қақпақшалары
бар саңылаулы қос тесік) бар. Сезім органдары жақсы жетілген. 8 көзі 2 доға
түрінде орналасқан. Дара жыныстылар. 


ШАЯНТӘРІЗДЕСТЕР
Шаянтәрізділер (лат. Crustacea) — буынаяқтылардың бір класы.
Зерттеушілердің бір тобы шаянтәрізділер трилобиттерден,
екіншілері буылтық құрттардан шыққан деген болжам жасайды.
Бұлардың қазба қалдықтары кембрийден белгілі. Жер шарында
кең тараған, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде
кездеседі. 6 класс тармағы (желбезекаяқтылар,
цефалокаридалар, бақалшақты шаянтәрізділер, жоғары
сатыдағы шаянтәрізділер, максиллоподалар және
ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында
бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін
түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды
жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс
алады, осы белгілері олардың суда тіршілік ететін түрлерден
шыққанын дәлелдейді. Шаянтәрізділер Жер шарында кең
тараған Тұщы су қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда
кездеседі. 30 мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін
шаяндар ""құршаян"" деп аталады . Олар ылғалды, дымқыл
жерде мекен етеді. Бұршақ таңқышаян - таңқышаяндардың ең
майдасы. Ең ірісі - жапон таңқышаяны. Оның аяқтарымен
қосқанда көлемі екі метрге жетеді.




 1 – ДЕНЕСІ ЕКІ БӨЛІКТІ
(БАСКӨКІРЕК ЖӘНЕ
ҚҰРСАҚ); 2 – ДЕНЕСІ ҮШ
БӨЛІКТІ (БАС, КӨКІРЕК,
ҚҰРСАҚ)



БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР
Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар – ғаламшардың кез келген
түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер
класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер
класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі – денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек
және құрсақ бөлімдері деп аталады.
Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері – алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша,
күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар
мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.
Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде
жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері – суаршын, суқандала, сушалқақ, зұламат суда өмір сүреді. Адам мен
жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.


Бунақденелілерді зерттейтін ғылым – энтомология (гректің
«ентома – бунақдене + логос – ғылым»). Ол – зоология
ғылымының бір саласы.
Топырақтан ін қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы топырақ
түзуге қатысатын бунақденелілердің пайдасы өте зор. Көптеген
бунақденелілер (қанқыз, құмырсқа, шаншар, т.б.) ауыл
шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды.
Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді
тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі.
Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың
өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір
елдерде бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде
пайдаланады. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де
баршылық. Көптеген бунақденелілер (бүйі, қарақұрт, қыршаян,
кене, т.б.) улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру
таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және адамға зиянды.
Паразит бунақденелілер (маса, қандала, бүрге, бит, тарақан, т.б.)
көптеген қауіпті ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі –
азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына
байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады.
Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан – жаушоғыл
(кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді.




ХОРДАЛЫЛАР
Хордалылар, желілілер (Chordata) — жануарлар дүниесінің тарихи дамуының ең жоғары сатысында тұрған тип. Қазіргі кезде
хордалылардың 3 тип тармағы: басжелілілер, қабықтылар және омыртқалылар, 40 мыңнан астам түрі белгілі. Бұлар Жер шарының
барлық аймақтарында таралған. Хордалылардың өздеріне тән бірнеше белгілері бар:
1) денесінің арқа жағында ұзына бойына орналасқан арқа желісі — хордасы болады;
2) хорданың үстіңгі жағында ұзына бойына орналасқан орталық. жүйке жүйесінің қызметін атқаратын жүйке түтігі бар. Төменгі
сатыдағы хордалыларда бұл өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыдағы хордалыларда даму барысында оның алдыңғы бөлігі миға,
артқысы жұлынға айналады;
3) хордалылардың жұтқыншағының екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары болады. Бұл төменгі сатыдағы хордалыларда өмір
бойы сақталады да, жоғары сатыдағы хордалыларда өкпеге айналады;
4) хордалылардың көпшілігінің қан айналымы тұйық және олардың жүрегі де денесінің құрсақ жағында орналасады



+123-456-7890
Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады.
Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы –
қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол
грекше «эпи» – сырты, «дерма» – тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп
аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік – терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның
қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ
жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы
А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.
1. Дене қуысының болуы 1. Денесі үш қабаттан тұрады
2. Желісі бар 2. Денесі екі жақты симметриялы
3. Қанайналымы – тұйық жүйелі 3. Жүйке түтігі бар
4. Желбезек саңылаулары бар 4. Сырттай ұрықтанады


БАЛЫҚТАР ТИПІ
Балықтар (лат. Pisces) — негізінен судағы
тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу
жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі;
балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы
(суйытылған оттекпен) тыныс алады. Балықтар
тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы
суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары)
тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір
балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір
сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан
әдетте ірілеу болып келеді.




СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАР
Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері
бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және
құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі
жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған.
Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға
ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың
жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында
сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті
балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті
балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек
қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің
аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады.
Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы
балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де
болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады.
Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет