Сайлыбекова Диана хбк 1



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
LEARN MORE
Акулалардың 350-ге жуық түрі бар. Олар мұхиттарда,
теңіздерде таралған. Дене пішіндері алуан түрлі.
Акулалардың ішінде адамға қауіптісі - сұр акулалар.
Олардың кеңінен таралған түрі - жолақ акула. Ол
мұхиттардың субтропикалық және тропикалық
теңіздерде кездеседі. Скаттардың да 350-дей түрі бар.
Денесі жалпақ әрі көкірек жүзбеқанаттары тұмсығымен
тұтасып кеткен. Желбезек саңылаулары денесінің
құрсақ жағында орналасқан. Олардың көпшілігі су
түбінде тіршілік етуге бейімделген. Ең ірі түрі - манта,
оның денесі көлденеңінен 6 метрге жетеді. Кейбір
скаттардың денесінде электр қуатын шығаратын мүшесі
болады. Тұтасбастыларға 30-дай түрлері жатады.
Көпшілігі судың терең қабаттарында тіршілік етуге
бейімделген. Дене пішіні ұзынша ұршық тәрізді.
Терісінде қабыршақтары болмайды. Сырты қалың
қабықпен қапталған ұрықтанған уылдырық шашып
көбейеді. Баренц теңізінде ұзындығы 1 метрдей еуропа
тұтасбасы кездеседі. Олардың көпшілік түрі теңіз
түбіндегі жәндіктермен қоректенеді. Кәсіптік мәні жоқ.


ҚОСМЕКЕНДІЛЕР
Қосмекенділер немесе Амфибиялар (лат. Amphіbіa) –
хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы.
Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар
(Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды
(құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және
аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан
астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай
аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал
дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін
оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық
ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық
құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен
тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі
арқылы тыныс алады. 




Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі
мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 180 см дейін жетеді.
Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады.
Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз
бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері
бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су
өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу
аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.[1


ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы
омыртқалыларға тән белгілер бауырымен
жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде
кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен
жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады.
Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі
амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген.
Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін
мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын
терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді
қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады.
Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және
сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан
үш артерия қан тамыры шығады.


І-класс тармағы: Алғашқы кесірткелер (лат. Рrоsаuгіа)
1-отряд: Тұмсықбастылар (лат. Rһуnсһосеpһаlіа)
ІІ-класс тармағы: Қабыршақтылар (лат. Squаmаtа)
2-отряд. Қесірткелер (лат. Lасегtilіа)
3-отряд. Хамелеондар (лат. Сһаmаеlеоntеs)
4-отряд. Жыландар (лат. Орһіdіа)
ІІІ-класс тармағы: Крокодилдер (лат. Сгосоdіlіа)
5-отряд: Крокодилдер (лат. Сгосоdilіа)
ІV-класс тармағы - Тасбақалар (лат. Сһеlоnіа)
6-отряд - Жасырьш мойындылар (лат. Сrурtоdіга)
7-отряд - Бүйір мойындылар (лат. РІеuгоdiга)
8-отряд - Теңіз тасбақалары (лат. Сһеlоnііdеа)
9-отряд - Жұмсақ терілілер (лат. Тгіоnусһоіdіае) .
ЖІКТЕЛУІ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет