Сайлыбекова Диана хбк 1



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Сәулеқанатты балықтар. Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-дан астамы осы топқа жатады.
Дүниежүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары
денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдағы бар, қаңқасы сүйектен
тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар отрядтарына ғана тоқталамыз.
Майшабақтектестер отряды. Көпшілік түрлері теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың Солтүстік
Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі – мұхит майшабағы. Сардинка (Қиыр Шығыс теңіздерінде), қылқа
(килька) (Балтық, Қара теңіздерінде), түлкібалық (тюлька) (Каспий, Қара теңіздерінде) көптеп ауланады.
Албырттектестер отряды. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар. Олар құйрық бөліміне жақын орналасқан
майлы жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратады. Бұлардың көпшілік түрлері өрістегіш
балықтар. Албырттар Қиыр Шығыс теңіздерінде көптеп кездеседі. Уылдырық шашу үшін Амур өзеніне
көтеріледі. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өледі. Оған кета, нерпа, құнысбалық, т.б. балықтар
жатады. Албырт балықтарынан қызыл уылдырық алынады. Бұған таулы алқаптың өзен-көлдерінде
кездесетін, бахтах (форель) балығы да жатады. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде «патша балығы» деп
атайды. Каспий және арал албырттары деген түрлерінің саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл
кітабына (1996) тіркелген. 
Трескалар отряды. Қазіргі кезде кәсіптік мәні зор балықтардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Трескалар
солтүстік жарты шардың қоңыржай және арктикалық теңіздерінде кеңінен таралған. Олардың еті, бауыр
майы қымбат бағаланады. Бауырынан балық майы алынады. Оның құрамында Д витамині мол. Оны мешел
ауруына қарсы ем ретінде пайдаланады. 
Көзауықтар (камбалалар) отряды. Олардың тұлғасы жалпақ, екі көзі де денесінің арқа жағында
орналасқан. Теңіздің түбінде тіршілік етуге бейімделген. Арқа жағының түсі қарақошқыл, ал құрсақ
жағы ақшыл болады. Оларды арнайы темір аулар салып аулайды. Көзауықтың тілбейне (глосса),
қалқан деген түрлері Арал теңізіне жерсіндірілген. Соңғы жылдары Арал балықшылары көзауықты
аулап, табыс көзіне айналдыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет