Сайлыбекова Диана хбк 1


Сүйекті балықтардың 4 класс тармағы бар



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сүйекті балықтардың 4 класс тармағы бар.
 
Шеміршекті-сүйекті балықтар. Бұлардың қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек. Сондықтан
шеміршекті балықтарға ұқсас белгілері бар. Мысалы, тұмсығының болуы, құйрық жүзбеқанат
қалақтарының тең болмауы. Оларда сүйекті балықтарға тән желбезек қақпағы және торсылдағы болады.
Бұл балықтар бекіретектестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді
шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар.
Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады.
Бекірелердің кәсіптік мәні зор. Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз
«балық патшасы – бекіре» деп атайды. Қортпа, шоқыр, пілмай, орыс бекіресі Каспий теңізінде кездеседі.
Олар уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді.
Ондай балықтарды өрістегіш балықтар деп атайды. Бекіре балықтарының тіршілігін байқаған халқымыз
«бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды"– деп қорытынды жасаған. «Бекіренің бал татыған еті»,
«бекіренің бес кеспесі» – деген сөздер бекіре етінің құндылығын аңғартады.
Бекіре балықтарының бір тобы – тасбекірелер.
Қазақстанда кездесетін сырдария тасбекіресі мен пілмай сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл
кітабына (1996) тіркелген. Олар туралы 6-сыныптың оқулығында толық мәліметтер берілген.
Қостынысты балықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы
тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған.
Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетеді. Жұп жүзбеқанаттары нашар
дамыған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі. Оларды
бірөкпелілер және қосөкпелілер деп 2 отрядқа бөледі.


Саусаққанатты балықтар. Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі
кезде оның бір ғана – латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша, құрлыққа алғаш
шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитының Африка
жағалауынан латимерия алғаш рет ауға түсті. Саны аз болғандықтан, ауға өте сирек түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет