Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Екінші буындағы АКТ-ның құралдарын компьютерлі үлгідеуді белсенді 
түрде қолданумен байланыстыруға болады. Имитациялы компьютерлі 
үлгідер оқу материалдары кӛрнекілігінің артуымен қатар процестердің ішкі 
заңдылықтары мен жүйелерін зерттеуге мүмкіндік берді.
Білім берудегі АКТ-ның үшінші буыны компьютерлік телекоммуни-
кациялардың және анықтамалық және оқуға тағайындалған желілік 
ақпараттық ресурстардың дамуы негізінде қалыптасты. Мұғалім мен білім 
алушының арасындағы коммуникация анықталған орын және уақытпен 
байланысты болмайтын болды. Соңғы жылдары оқу және анықтамалық 
сипаттағы wiki-ресурстар танымал бола бастады, оны білім алушылардың 
ӛзі-ақ жасай алады, мұндай жағдайда оқу материалдарын санаулы мамандар 
дайындамайды, білім алушылар тек тұтынушы ғана емес, сонымен қатар 
ақпаратты жасаушы ретінде болады. Компьютерлі телекоммуникациялық 
технологиялардың 
арқасында 
оқу 
үрдісінде 
классикалық 
топтық 
дидактикадан толықтай кетуге байланысты алғышарттар пайда болды.
АКТ-ның тӛртінші буыны жасанды интеллекті элементтері бар оқыту 
мен басқару жүйесінен тұрады. Мұндай жүйелер оқытудың ағымдағы барлық 
қадамдарын түбегейлі түрде басқарып және ақпаратты сақтап, алдағы 
болатын қадамға қатысты шешімді ӛзі қабылдайды. Яғни, оқу үрдісінің әр 
кезеңі білім алушының жеке қасиеттеріне компьютерлі бағдарлама арқылы 
бейімделеді, осылайша ол оқытудың максималды нәтижелілігін қамтамасыз 
етеді. Жүйе – шешім қабылдау функцияларымен толықтырылған, кейбір пән 
саласында нысандандырылған үлгі ретінде қалыптасады. Осындай нұсқа 
басқару және ӛзін-ӛзі басқаруды меңгеруді, оқу ақпаратын меңгеру орынды 
және қолайлы етеді. Сонымен бірге оқытушы жүйені құрастырған кезде 


27 
бейімделудің параметрлері мен білім құрылымын анықтайды, бірақ оқыту 
үрдісіне қатыспаса да болады. 
«Қазақстан Республикасының 2016-2019 ж. білім беру мен ғылымын 
дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және де «Мекептегі білім 
беруді ақпараттандыру МЖМС (мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) 
механизм кӛмегімен оқытуға ақпараттық технологияларды алдағы уақытта 
енгізу аясында іске асырылады» [88] – мектептегі оқытуға жаңа 
технологияларды енгізу мен дайындауды қамтамасыз ететін жүйенің 
артқанын байқауға болады. Айтылған ӛзгерістердің нәтижесі ретінде жабық 
білім беру жүйесінен ашық білім беру жүйесіне кӛшу, яғни ақпараттық 
ресурстарға шектелген қолжетімділіктен шексіз ақпаратқа кӛшуді білдіреді. 
Білім беру жүйесінің ашық болуы – жаңа ақпараттық технологиялардың 
элементтерін бірыңғай білім беру ақпараттық ортасына біріктіруді жоспарлап 
отыр. 
Әдебиеттер тізіміне шолу жүргізгенде, қарастырылып отырған 
мәселелерге 
қатысты 
әртүрлі 
авторлар 
қолданатын 
түсініктердің 
полисемиясы анықталды. Мысалы, XX ғ. 90 жылдары ғылыми айналымға 
кеңінен енген «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» 
терминдерімен қатар, «оқытудың ақпараттық технологиясы», «оқытудың 
ақпараттық-коммуникациялық технологиясы», «оқытудағы жаңа ақпараттық 
технологиялар» және т.б. синонимдік терминдер де қолданыла бастады.
«Технологиялардың» бастапқы түсінігі мағыналық жағынан бір 
нәтижелі ӛнімді алу мақсатында бір нәрсені ӛңдеу және түрлендіру, оның 
ұйымдастырылуын және ретін анықтайтын осы үдерісті нормативті 
қамтамасыз ететін үрдісінің жиынтығы. Технология түсінігі – нақты бір 
күрделі үрдісті ретімен ӛзара байланысқан және орындалатын процедуралар 
мен операцияларға жолымен адамдар немесе маханизмдердің іске асыруы, ол 
осы процестің жоғары тиімділігіне жетуге кӛмектеседі.
Кейбір авторлар педагогикалық (білім беру) технологияларды оқыту 
мақсатына жетуде нәтиже беретін құрал десе, басқа авторлар оның кез-келген 
оқу-тәрбие үрдісінде кездесетінін және осы қарым-қатынаста классикалық 
дидактиканы дамытады деп түсінеді. Басқа зерттеушілер оқыту 
технологиясын «оқу бағдарламасымен қарастырылған, оқыту құралы, әдісі 
мен формалар жүйесінен тұратын, алға қойылған мақсатты тиімді орындауды 
қамтамасыз ететін - оқу мазмұнын іске асыру тәсілі» деп қарастырады [89]. 
Оқыту технологиясы деп білім алушылардың әрекеті мен мінез 
формаларының қажетті ӛзгерістерін (тіпті жаңаларының пайда болуына 
дейін) 
ӛзгертуге 
арналған 
әртүрлі 
процедуралардың 
жиынтығы 
(психологиялық, дидактикалық, жалпы педагогикалық және т.б.) [90]. 
Оқу технологиясының үнемділігі мұғалім жұмысының оңтайлығы, оқу 
уақытының резерві және жоспарланған дидактикалық нәтижелерге жету 
дәрежесін кӛрсетеді. Бір жағынан, «білім берудің ақпараттық технологиясы» 
сияқты педагогикалық санаттағы мазмұнның дидактикалық мазмұны 
қалыптасты, ал екінші жағынан, білім берудегі ақпараттық 



28 
коммуникациялық технологияларлардың кең тұжырымдамасы «жаңа 
ақпараттық технологиялар» терминінің негізінде жасалған, осылайша, оқыту 
технологиясын енгізу келесі қадамдарды қамтиды: 
- блім беру жүйесінің түпкі мақсаттарын тұжырымдау және сипаттау; 
- диагностикалық кӛрсеткіштерде аралық мақсаттарды (міндеттерді) 
сипаттау; 
- оқу үдерісінің мазмұнды негіздемесі; 
- оқытудың нысанивті сапасын бақылаумен қамтамасыз етілген білім 
беру технологияларын, таңдалған мақсаттар мен әдістерді пайдалану 
бойынша ұсынымдар әзірлеу; 
- оқудың ұйымдастыру формалары мен шарттарын сипаттау. 
Инновациялық 
технологиялық 
құралдар мен технологияларды 
қолдануға негізделген жаңа дидактикалық құралдардың, жабдықтардың және 
техниканың білім беру ортасына енгізу – бірқатар оқу үрдісінің кезеңдерінде 
кері байланыс функциялары және мұғалім интерактивті құралдармен 
ауыстырумен сипатталатын қазіргі кездегі мектептердегі оқу үдерісінің 
құрылымын жақсартуға әкелді. 
Бір жағынан, «білім берудің ақпараттық технологиясы» сияқты 
педагогикалық санаттағы мазмұнның дидактикалық мазмұны қалыптасты, ал 
екінші жағынан, білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық 
технологияларлардың 
кең 
тұжырымдамасы 
«жаңа 
ақпараттық 
технологиялар» терминінің негізінде жасалған. 
Бірқатар ғылыми-әдістемелік және білім беру бойынша бірқатар 
жарияланымдар «жаңа ақпараттық технологиялар» терминін қамтиды. 
«Жаңа» сӛзі осы технологиялардың қолдану саласына (педагогика) және 
алынатын тиімділігі тұрғысынан олардың инновациялық сипатын кӛрсетеді. 
Оларды енгізу – әртүрлі ұйымдардағы, оқу мекемелері мен тұрмыстағы 
практикалық әрекеттің мазмұнын түбегейлі ӛзгертеді. 
Ақпараттық технологиялар, бір жағынан, экспоненталық білім кӛлемін 
және оның әлеуметтік мүмкіндіктерінің ауқымын және екіншісінде 
қайшылықты шешу құралы ретінде пайда болды. Қазіргі әлемдегі 
информатика мен телекоммуникацияның ажырамас бірлігінің белгісі - 
ғылыми және танымал әдебиеттерде белсенді түрде қолданылатын 
«ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» жаңа терминінің пайда 
болуы. АКТ-нің дуальділігі, бір жағынан, білімін қоғамның ақпараттық 
ресурстарына айналдырады, ал екіншісі әлеуметтік технологияларды енгізу 
және оларды әлеуметтік ақпараттық технологияларға айналдыру құралы 
ретінде әрекет етеді [91]. 
Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды 
енгізу нәтижесінде заманауи мұғалім ӛзінің кәсіби, шығармашылық дамуы 
үшін білім беру сапасын арттыруға қуатты ынталандырады (2-кесте). 


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет