Салбырова макпал токтарбеккызы



Pdf көрінісі
бет15/54
Дата25.01.2023
өлшемі3,18 Mb.
#62803
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
Ӛзекті мәселе 
Шешу жолдары 
Білім сапасы қазіргі заман талаптарына 
сәйкес емес (бағытталуы) 
Білім беруді іргелендіру, жаратылыстану және 
гуманитарлық бағыттағы білімдерді біріктіру
жаңа технологиямен оқыту. 
Тұлғаның дамуына кедергі келтіретін 
білім берудің прагматикалық бағыты 
Гуманистік бағыт, проблемалық оқыту, 
ақпараттық коммуникациялық технологиялар. 
Халықтың кӛп бӛлігі үшін сапалы 
білімнің жеткіліксіздігі 
Қашықтан оқыту, мәліметтер базасын құру, 
телекоммуникациялық технологиялар. 
Кестеде кӛрсетілген мәселелерді шешу үшін ақпараттық-коммуника-
циялық 
технологияларды 
кеңінен 
қолдану 
керек. 
«Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар» ұғымы компьютерлік және компьютерлік 
желілер арқылы ақпаратты ӛңдеу, сақтау және тарату үрдісі ретінде 
қарастырылады. 
Сондықтан, 
білім 
беру 
үрдісінде 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды белсенді пайдалану үшін олар ақпаратты 
бір мезгілде беруді, ұсынуды қамтамасыз ету керек. Оқу үрдісінде 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану 
оқытудың 
мотивациясын арттыру жолдарының бірі болып табылады.
АКТ білім алушылардың ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің де 
шығармашылық 
қасиеттерін 
дамытуға 
ықпал 
етеді. 
Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар адамның негізгі қажеттіліктерін: байланыс, 
білім беру, ӛзін-ӛзі жетілдіруді жүзеге асырады. Сондықтан, білім беру 
үрдісінде 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
белсенді 
пайдалану үшін олар ақпаратты бір мезгілде беруді, ұсынуды қамтамасыз ету 
керек [76]. 
Оқу үрдісінде компьютер - оқытудың нысаны ретінде сондай – ақ,
оқыту, дамыту және тәрбиелеу мазмұнын диагностикалау мен оқытудың 


19 
құралы болуы мүмкін, яғни оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды 
пайдаланудың екі бағыты бар. 
Біріншіден - білім, білік, дағдыларды меңгеру компьютерлік 
технологиялардың мүмкіндіктері мен әртүрлі мәселелерді шешуде және 
оларды пайдалану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Екіншіден 

компьютерлік 
технологиялар 
оқу-тәрбие 
үрдісін 
ұйымдастырудың тиімділігін арттыру құралы болып табылады. 
Қазақстандағы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге 
бағытталған дамудың жаңа кезеңінен ӛтуде. Қазіргі заманғы қоғам ӛзінің 
жаһандық ақпараттануда қарқындап дамып келе жатыр. Елімізде 
экономикалық және технологиялық ӛсу жоғары сонымен қатар, ақпараттық -
коммуникациялық технологиялар арқылы оқытудың тәсілдері мен әдістеріне 
қол жеткізгені білім беру нәтижелерінде байқалады. Білім беру саласына 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуде, заманауи мұғалім
ӛзінің кәсіби дамуы үшін білім беру сапасын арттыруға ынталандырылады
жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар білім беру 
жүйесінің терең мақсаттарын іске асыруға, оның мазмұнына айтарлықтай 
әсер етеді. Жаңа білім беру әдістерін дамытуға және педагогикалық 
қағидаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді [77]. Осыған байланысты 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың әдістемелік 
жүйесін жобалау қажет.
"Әдістемелік жүйе" ұғымына кӛптеген ғалымдар анықтама берген, 
соның ішінде, В.М. Жучковтың анықтамасында: әдістемелік жүйе оқыту 
процесінің барлық ӛзара байланысты элементтері ұсынылған және 
сипатталған және оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар қалыптасқан 
ақпараттық үлгі ретінде әрекет етеді [78] деп түсіндіріледі. Ал, біздің 
түсінуімізде әдістемелік жүйе-бұл мамандарды дайындаудың жоспарланған 
жеке даму нәтижелеріне қатысты құзыреттілік параметрлерде белгіленген 
білім беру қызметінің мақсаттарына қол жеткізу үшін мұғалімдер әзірлейтін 
және қолданатын әдістемелердің жиынтығы. Әдістемелік жүйе әрбір білім 
беру ұйымының білім беру ортасының шарттарына сәйкес әзірленеді, білім 
беру процесінің ерекшеліктерін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін және т. 
б. 
ескереді. 
Білім 
алушылардың 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды пайдаланудың әдістемесін әзірлеуге кірісе отырып, әрбір 
мұғалім әдістемелік жүйеде әзірленетін әдістеменің орнын ұсыну және әрбір 
бӛліктердің жетістіктерімен танысуы тиіс. Халықаралық тәжірибеде 
мұғалімдердің құзыреттіліктерін қалыптастыруды дайындау D.Rychen, 
A.Tiana 
[79] 
жұмыстарында болса, инновациялық компьютерлік 
әдістемелерді пайдалану тәжірибесі Cynthia, U. Zafer [80] жұмыстарында 
кӛрсетілген.
Әдістемелік 
жүйе 
ретінде 
білім 
алушылардың 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың әдістемелік, мазмұндық 
бӛліктер болып табылатын педагогикалық 
құрылымды 
түсінеміз. 
Жобаланатын әдістемелік жүйеде бір жағынан қолданыстағы әдістемелік 


20 
жүйенің оң тәжірибесін кӛрсету, ал екінші жағынан география пәнін оқытуда 
мәселелерді шешу үшін электрондық оқыту құралдарын пайдалану 
болжанады. География пәнін оқытуда білім алушылардың ақпараттық-
коммуникациялық 
технологияларды 
пайдаланудың 
қиындықтары 
анықталды, бағдарламалық құралдарға қойылатын техникалық талаптар 
тұжырымдалған, білім, білік және дағды қалыптастыру әдістері 
қарастырылған және олардың негізінде география пәнін оқытуда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды технологияларды пайдалану бойынша 
әдістемелік жүйе әзірленді (сұлба 2). 
Сұлба 2 - Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды пайдаланудың әдістемелік жүйесі 
География - пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология-
ларды пайдаланудың әдістемелік жүйесін дамыту білім алушылардың білім 
деңгейін кӛтере отырып кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үшін 


21 
алғышарттарды құрайды. Әдістемелік жүйе компоненттеріне мыналар 
жатады: 
1. География пәнін оқытуда ақпараттық, ғылыми, оқу-әдістемелік ресурс-
тармен қамтамасыз етуді талап ететін география пәнін оқытуда 
ақпараттандырудың ғылыми әдістемелік мәселесі ретінде қарастырылу 
қажет.
2. Географиялық білім беруді ақпараттандыру үдерісін тұжырымдамалық 
әдістемелік зерттеу география пәнін оқытудың жаңа ақпараттық 
технологиялары болып табылатын ақпараттық әдістеменің заманауи ғылыми 
саласын дамытуға, орта мектепте географияны компьютерік оқытудың 
әдістемелік жүйесін жобалауға, құрастыруға, жүзеге асыруға (ендіруге), 
талдауға, дамытуға ықпал етеді.
3. Дербес компьютер технологияларын қолдана отырып, оқытудың 
әдістемелік теориясы деңгейінде ғылыми білімнің жаңа тұтастығын анықтай 
отырып, географиялық білім берудің мағынасын, оның даму факторларын 
анықтауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар тиімді оқу құралда-
рының қатарына жатады, ол білім алушылардың ойлау белсенділігін 
арттыруға әсер етіп, мұғалім мен білім алушының арасындағы байланысты 
күшейтіп және тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 
Білім алушылардың география пәнін оқытуда мүмкіндік беретін 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тӛменде 
кӛрсетілген бірненше артықшылықтарын анықтадық:
1. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі білім 
орындарында отырып қол жеткізуге болады. 
2. Оқыту жүйесінің кӛп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы 
мен оқу сапасын арттырады.
3. Білім алушы ӛз бетімен немесе ӛзге білім алушылармен топтасып 
бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
4. Білім алушылардың танымдық іс-әрекеттері күшейіп, ӛзіндік 
жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады 
Ал оқу үрдісіне қолдану: 
- білім 
кеңістігіндегі ақпараттық ағымдарды біріктіреді және 
жүйелейді; 
- ақпараттық - коммуникациялық технологияларны игеру негізінде 
білім алушыларға субьективті кӛққарас қалыптастыру; 
- жалпы және кәсібіи құзіреттілікті игеру арқылы білім алушылардың 
тұлғалық жетістіктерін бақылау және жобалау. 
Осыдан ақпараттық - коммуникациялық технологияларды орта мектеп-
терде қолдану ешқандай күмән келтірмейді, бірақ мұндай жұмыстардың 
теориялық, дидактикалық және әдістемелік аспектісі әліде жан-жақты және 
терең зерттеуді қажет етеді. Орта мектептерде оқыту үдерісі білім 
алушылардың белсенді ойлау қабілеттерін дамытып, олардың дербес 
зерттеуші қызметіне жақындай түсуіне ықпал етеді.


22 
Бүгінгі таңда орта мектепте білім беру мен тәрбиелеу жүйесіне жаңаша 
қарап, білім алушылардың ӛздігінен дамуына әсер ететін шығармашылық іс-
әрекеттерін қалыптастыру мәселелері педагогикалық тұрғыдан ғылыми 
зерттеулерде кӛкейтесті мәселе болып отыр. 
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану нәтижесінде 
келесі мәселелерді шешу мүмкін болады: 
- білім алушыларды материалмен танысу жылдамдығын арттыру;
- оқу үрдісін жекешелендіру. Мысалы, оқулық барлық білім алушыларға 
арналған, және мұғалімге де жалпы әдістемелерді қолдануға тура келеді, ал 
компьютер оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- кері байланысты жақсарту. Оқулықпен жұмыс барысында мұндай кері 
байланысты орнату мүмкін емес. Сонымен қатар, нәтижелі кері байланыс 
арқылы компьютерлер жұмыстарды ӛзі атқарып, мұғалімнің шығармашылық 
жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы жағдайда мұғалімдер: 
- ақпарат элементтерінің кӛздерін біліп, оларды курс бойынша білім 
алушыларға әдебиеттер тізімі ретінде беруі керек; 

зерттеулік сипаты бар ақпарат элементтерінің тәжірибелік 
қолданылуын нақты мысалдар арқылы білім алушыларды оқыту керек; 
- білім алушыларды оқытуда ақпараттық кӛшбасшы болып, ақпараттық 
белсенділікті танытуы керек. 
Мұғалімдер қазіргі таңда жаңа кәсіби қабілеттерді иемденіп, келесідей 
іс-әрекеттерді жасайтын ақпараттандырушы болуы керек: 
- білім алушыларды ақпараттық іс-әрекеттің негізгі үрдістерімен, 
қоғамның ақпараттық ресурстар құрылымымен таныстыру;
- интернет ресурстарынан ақпарат іздеу қабілеттерін қалыптастыру;
- электронды ақпарттық-іздеу жүйелерін қолдану, кәсіби және ӛзін-ӛзі 
оқыту іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияларды қолдану, алынған 
деректердің жүйеленуін жүргізу, жеке картотекалар, компьютерлі деректер 
қоры түрінде ақпараттық базаны ұйымдастыру сияқты іс-әрекеттерге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет