1.2
Білім
беру
үрдісінде
қолданылатын
ақпараттық-
коммуникациялық
технологиялардың
мазмұны
мен
қызметтік
мүмкіндіктері
Қоғамда, бұл білім беру саласына да қатысты болып жатқан ең басты
үрдістердің бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді
түрде енгізу. XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап қоғамда білімнің орны
біртіндеп, тез қарқынмен ӛсуде. Білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізумен байланысты ең бірінші
нормативті құжаттар XX ғасырдың 80-жылдарында пайда болған. 1986 жылы
КССР-дағы оқытудың мектеп бағдарламасына ең бірінші рет «Информатика
және есептеу техникасының негіздері» атты курс енгізілген болатын, бұл –
инофрматика пәнінің мұғалімін дайындау және де жаңа пәннің мазмұны мен
оқыту әдістемесін жасауды тудырды [81].
23
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рӛлі, қалып-
тасқан білім беру жүйесін жетілдіру мен модернизациялау саласында соңғы
екі он жылдықта ӛзекті болып отыр. Бірақ оқу үрдісінің практикасына
ғаламдық Интернет желісіне қосылған және де локалды есептеу желісіне
(ЛЕЖ) біріктірілген, салыстырмалы түрде қымбат емес компьютерлерді
енгізген кезде оның ӛзектілігі бірнеше есе арта түсті.
«Интернеттендіруге» және компьютерленуге негізделген, орта, арнайы
орта және жоғары білім беруді модернизациялау бағдарламасын сәтті іске
асыру үшін, оқу орнын есептеу техникасының құралдарымен техникалық
қамсыздандырудан бӛлек, барлық заманауи талаптарға сай келетін білім беру
жүйесін ұйымдастырушылар мен педагогтарды дайындау қажет [82].
Білім беру үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
енгізу және пайдалану тенденциясының қазіргі анализі – заманауи
ақпараттық әлемнің дамуы үшін дұрыс және қажетті қадам екендігін
кӛрсетеді. Бұл заманауи үрдіске: тікелей білім берудің ақпараттандырылуы
мен компьютерлену мәселесімен айналысатын арнайы ғылыми орталықтар
мен ғылыми, ғылыми-әдістемелік жұмыстардың, арнайы мезгілдік
басылымдардың, білім берудің компьютерленуіне қатысты құрылымдық-
ұйымдастырушылық моделдің және әртүрлі концепциялардың пайда болуын
жатқызуға болады.
Білім берудің ақпараттандырылу үрдісі оқытудың ақпараттық
технологиясының потенциалын білім алушының тұлғалық дамуы ғана емес,
оқудың және практикалық міндеттерді шешу үшін білім, дағды мен
қасиеттердің қалыптасуына кӛмектесетін тәсілдерді қалыптастыру мәселесін
ӛзекті етеді. Оқу үрдісіне оқытудың ақпараттық технологиясын енгізу – адам
белсенділігінің ӛзін-ӛзі бағалау нәтижесімен мотивацияланатын және
техникалық құралдармен сүйемелденетін, әрекеттік ӛзін-ӛзі бағалауға
негізделетін – үздіксіз білім берудің жаңа формасының қалыптасуына негіз
болуы мүмкін [83].
Оқу үрдісінде электронды есептеуіш машинаны пайдаланудың ең
бірінші нәтижелері – компьютерді оқу құралы ретінде пайдалану идеясына
қатысты қарама-қайшылықтар тудырды. Оқу үрдісінде әртүрді компьютер
құралдарын
пайдаланудың
тиімділігі
техниканың
мүмкіндіктеріне
байланысты. Бірақ, педагогикалық тәсіл, принциптер және талаптар,
оқытудың компьютерлік құралдарын қолдану және жасау кезінде негіз болып
табылады. Сондықтан да, қазіргі ақпараттық-коммникациялық технология-
лардың кеңейтілген дидактикалық мүмкіндіктерін пайдаланатын оқытудың
жаңа технологияларын үнемі іздеп отыру қажет [82, с. 5].
Қалыптасқан білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығын және
оның мақсатқа лайықтығын анықтайтын басты фактор – бұл XXI ғасырдың
адамзатқа жасаған түйінді сын-тегеуріндеріне жауап беру қажеттігі болып
табылады:
24
- қоғамның білім мен тиімділігі жоғары ақпараттық-телекомму-
никациялық технологиясы негізінде дамудың жаңа стратегиясына ауысу
қажеттігі;
- білім қалыптастыратын тұлғаның қабілеттіліктері мен қасиеттеріне
біздің ӛркениетіміздің терең тәуелділігі;
- қоғамның шынайы білімділік пен АКТ-ны тиімді қолдануға ғана
сүйене отырып табысты даму мүмкіндігі;
- ұлттың ауқаттылық деңгейі, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздігі және білім
берудің жәй-күйі, АКТ қолдану арасындағы аса тығыз байланыс.
Білім беру саласында компьютерді қолдану жаңа ұрпақтағы ақпараттық
білім беру технологиясының пайда болуына алып келді, бұл оқыту сапасын
арттыруға, тәрбиелік әсер етудің жаңа құралдарын жасауға, педагогтар мен
білім алушылардың есептеу техникасымен одан да тиімді әрекеттесуіне
мүмкіндік берді. Кӛптеген мамандардың пікірінше, компьютер құралда-
рының негізіндегі жаңа ақпараттық білім беру технологиялары сабақтардың
тиімділігін 20–30%-ға жоғарылатуға кӛмектеседі. Білім беру саласына
компьютерді ендіру дәстүрлі оқыту әдістері мен технологияларын және бүкіл
білім беру саласын революциялық ӛзгертудің бастамасы болды. Бұл қадамда
коммуникациялық технологиялар маңызды орын алды, телефон арқылы
байланыс құралдары, телевидение, кӛбінесе оқыту үрдісін басқарғанда және
қосымша оқыту жүйелерінде қолданылған космостық коммуникациялары
[84].
Заманауи телекоммуникациялық желілердің пайда болуы және олардың
ақпараттық технологиялармен конвергенциясы, яғни АКТ пайда болуы
жетекші елдердің ғаламдық технологиялануының жаңа қадамы болды. Осы
технологиялар инфосфераны жасаудың негізі болды, себебі компьютер
жүйелерін және ғаламдық телекоммуникациялық желілерін біріктіру
арқасында бүкіл адамзатты байланыстыратын планеталық инфрақұрылымды
жасау және оны дамыту мүмкін болды. АКТ-ның ойдағыдай іске
асырылуына интернеттің – оның ақпаратты жинау мен сақтаудың, осы
ақпаратты әр пайдаланушыға жеке берудің шектелмеген дерлік
мүмкіндіктерін қоса алғанда ғаламдық компьютер желісінің пайда болуын
мысал ретінде келтіруге болады.
Ғылымда, білім беруде, байланыста, бұқаралық ақпарат құралдарында,
оның ішінде телевидениеде, жарнамада, сауда-саттықта, сондай-ақ адамның
ӛзге қызмет ету салаларында интернет тез қолданыла бастады. Интернетті
білім беру жүйесіне енгізу бойынша жасалған алғашқы қадамдар интернеттің
білімді дамыту үшін орасан зор мүмкіндіктерінің болуы кӛрсетті. Оған қоса,
бұл білім беру мекемелерінде желіні жан-жақты қолдану үшін еңсеру қажет
болатын бірқатар қиындықтардың болуын да аңғартты.
Осы қиындықтардың қатарында - дәстүрлі технологиялармен
салыстырғанда оқытуды ұйымдастырудың айтарлықтай жоғары құны, бұл
кӛптеген техникалық (компьютерлер, модемдер және т.б.), бағдарламалық
(оқыту технологияларын қолдау) құралдарын қолдану қажеттігімен, сондай-
25
ақ қосымша ұйымдастырушылық-әдістемелік құралдарын (білім алушылар
мен оқытушыларға арнайы нұсқаулықтары және т.б.), жаңа оқулықтар мен
оқу құралдарын және т.б. дайындауға байланысты.
Шетел тәжірибесінде компьютерлік оқыту технологиялары келесі түрде
жіктеледі:
- компьютерлік
бағдарламалық
оқыту
–
механизмдегі
тиісті
компьютерлік бағдарламалардың кӛмегімен іске асырылуын қамтамасыз
етеді;
- компьютер кӛмегімен оқып білу – жаңа материалды әртүрлі құралдар,
оның ішінде компьютер кӛмегімен оқып білу бойынша жасалатын ӛзіндік
жұмыс;
- компьютер базасында оқып білу – білім алушылардың тиімді ӛзіндік
жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды қолдану;
- компьютер базасында оқыту – білім алушыларға білім берудің мүмкін
болатын барлық нысаны;
- компьютер кӛмегімен бағалау – білімді меңгеру сапасын бағалаудың
арнайы жүйесі болғанда білім беру;
- компьютерлік
коммуникациялар
-
ақпараттық
оқыту
технологияларының бағдарламалық құралдары қосалқы жүйе ретінде
құрылады.
В.П.
Тихомировтың
жетекшілігімен
жазылған
ақпараттандыру
тарихындағы 2000 жылға дейін білім беру туралы ұжымдық монография-
сында тӛрт кезеңді кӛрсетті [85]:
- 70 жж. кезең компьютерлендіру оқытудың тиімділгіне ешқандай әсер
етпеді, себебі, ол кезде есептеуіш техника құралдарының даму деңгейі тӛмен
және олардлың таралуы шектеулі болды;
- 1970-80 жж. педагогикалық бағдарламалық құрылғыларды жасау
кезінде оқу-танымдық әрекетті басқаруда рефлексті процестерге кӛңіл
бӛлінді. Ал дербес компьютерлердің пайда болуы білім алушының танымдық
іс - әрекетін басқарудың әртүрлі жаңа тәсілдерді жасау мен апробациясына
мүмкіндік жасады.
- 1980-1990 жж. кезең компьютермен қолданушы арасындағы қарым-
қатынас парадигмасының ӛзгеруімен және компьютерлі техниканың
дидактикалық мүмкіндіктерінің кеңеюімен сипатталады. Компьютерлік
оқыту жүйесінің барлық функциясынын танымдық әрекетті басқарудың
интербелсенді тәсілдерін қалыптастырушы дәнеккер ретінде толықтай тиімді
қолдану мүмкіндіктері пайда болды. Компьютердің кӛмегімен оқыту
теориясы жеке-бас әрекеттік тәсілмен толықты;
- 1990-2000 жж. кезеңінде шынымен де мықты және функционалды
дербес компьютерлердің жаппай таралуы және Интернет желісі ресурсының
дамуымен сипатталды, бұл білім беру жүйесіне инновациялық процестерді
енгізуге және қарқынды дамуына себепкер болды. АКТ-ның негізінде ӛз
бетімен білім алу технологиясы және оқытудың ӛзіндік бағытын жобалау,
арақашықтықтан білім беру қарқынды түрде дамыды.
26
Айтылған кезеңдендіру есептеуіш техника құралдарының, техниканың
және ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларының даму генезисін АКТ-ның
технологиялық негізі ретінде кӛрсетеді [86]. Бірақ қазіргі кезеңде білім беру
үрдісінде АКТ-ны қолдану және білім беру стратегиясы да маңызды
рӛлдердің бірін атқарады.
Б.Е. Стариченко білім беруде ақпараттық-коммуникациялық техноло-
гиялар дамуының тӛрт буынын кӛрсетеді [87].
Ол бірінші буынға оқытудың компьютерлі құрылғыларын қолданудан
бастаған комютерлік тренажерлар мен басқару бағдарламаларын жатқызады.
Олардың құрылымының негізінде іске асыруда қиын емес және кӛп
есептеуіш ресуртсарды қажет етпейтін қарапайым алгоритмдер болды. Осы
кезеңнің ӛзінде де АКТ-ға ең маңызды дидактикалық міндеттердің бірін
шешуге мүмкіндік берілді, ол – оқу үрдісінің ұжымдық формасын
ұйымдастыру кезінде оқытуды дараландыруды қамтамасыз ету. Оларды
қолдану – нақты білім беру практикасында педагогикалық ғылымның
теориялық қағидаларын іске асыра отырып, тренажер мен басқарудың
тереңдігін, кӛлемін және қарқынын дараландыруға мүмкіндік берді. Кӛптеген
отандық және шет елдік зерттеушілер АКТ-ның осы формаларының жоғары
нәтижелігіне кӛздері жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |